Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет189/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

ю  әрпін  iu  әріп тіркесімен  беру:  iubilei, soiuz;  барлық дауыссыз
дыбыстардан соң келген
ю әрпін u таңбасымен беру: revolutsia, budcet, бірақ biuro, tiuk
деген сөздерді  iu-мен жазу; кірме сөздердегі  я  әрпін ia  тіркесі
арқылы беру: zimia, ispania, koreia, ideia, ialta, ал дауыссыз-
дан соң жіңішке естілсе, ә арқылы беру (Alәska, mәta); л әрпі io
арқылы   беріледі;  с  дыбысынан   басқа   дауыссыз   дыбыстардан
соң келген ё әрпі ө әрпімен беріледі: aktөr, mantөr, katөl, ц әрпі
сөз басында және дауыссыз дыбыстан соң келсе s-мен беріледі:
sitat, aksia. Ал сөз аяғында және дауысты дыбыстан соң келсе,
тс  арқылы беріледі:  protse;  щ  әрпі сөз ішінде және дауысты
ды-быстан соң қос cc әрпімен ал дауыссыз дыбыстан соң және
сөз басы мен аяғында c-мен беріледі: cedrin.
С.Аманжолов ұсынған әліпби жобасында 32 әріп болады.
Олар: а <а>, в <б>, v <в>, g <г>, d <д>, е <е>, з <ж>, z <з>, і
<й>, j <і>, к <к>, l <л>, m <м>, n <н>, o , р <п>, r <р>, s <с>,
t <т>, u <у>, f <ф>, х <х>, 
ƣ <ғ>, q <қ>, с <ш>, ә <ә>, һ , ň
<ң>, ө <ө>, ъ <ұ>, у <ү>, ь <ы>.
Ұсыныс-жобаға байланысты М. Балақаев  j  <і> таңбасы сөздің
барлық буынында келгендіктен таңбалап, ә, у, ө әріптері сирек
жазылатындықтан   жіңішкелік   белгісін  пайдаланайық   деді,   А.
Ысқақов бұған жіңішкелік белгі орыс тілінде тек жіңішке дау-
ыссыздарды белгілейді деп қарсылық білдірді.
Енді бір ұсыныс С.Жиенбаевтікі. Автор қысаң езуліктер-ді,
мысалы,  сталин,  склад,  рғыз,  қтын  деп   жазу   керек,   себебі
рығыз,   қытын  деген   сөздерде   де   редукциялауды   оқылатын
қауіп жоқ екенін айтады.
Қазақ   тілінің   жалғамалы   сипаты   қосымша   жалғағанда,
қопармалы тілге айналып кетпейді, қрғз (қырғыз) дегенде түсіріп,
қрғызы  дегенде түбір тұрпатын өзгерту дұрыс емес дейді ғалым.
Сондай-ақ   автор   дауыстылардың   тек   жуан   түрін   алуды  а,  о,  у
дыбыстарын  сөз  ішіндегі  і,   ŭ,  е  әріптеріне   қарап  оқуды,   ал  бір
буынды жіңішке дауыстылы сөздерге дәйекше қоюды ұсынады.
Ғалымның есептеуінше, қазақ тілінде ә-мен-23, ө-мен-18, ү-
мен 19 сөз басталады.
Сөйтіп, қазіргі қазақ жазуының емле негіздерін 1938 жылы
Қ.Жұбанов, С.Аманжолов қалағанын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет