Құдайберген Жұбанов Материал 1936 ж. жарық көрген Қазақ тілі
терминологиялық сөздігінің алғысөзінен де басылған.
14-дәріс. Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы Қазақ жазуының 1940ж. латын графикасынан орыс графика-
сына көшуінің бірнеше себебі болды:
1) өзге идеология мен саясат ұстанған Түркия мемлекеті мен
кеңестер одағындағы түркі халықтарының араласуына кедергі
жасау;
2) араб және латын графикасына негізделген қазақ
жазуының негізін қалаған қайраткерлердің (Т. Шонанұлы, Қ.
Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Е. Омаров, О. Жандосов, Н.
Төреқұлов) “халық жауы” болып шығуы;
3) бір мемлекет (ССРО), ортақ астана (Мәскеу) астындағы
халықтардың ортақ мемлекеттік жазуы болуы керектегі (орыс
тілі мен жазуы);
4) термин сөздердің орыс тілі арқылы игерілуі;
5) жазу емлесіндегі ала-құлалық т.б.
1926ж. I түркітанушылардың съезінде де, 1929ж. емле кон-
ференциясында да қатынасқан орыс ғалымдары әр халық өз жа-
зуын өз мүмкіндіктері тұрғысынан шешуі керек деп, бейтарап
позиция ұстанғанмен, термин сөздерді орыс тілі арқылы игер-ген
жөн (К. Юдахин), орыс жазуының да латын графикасынан
кемістігі жоқ (Н. Ф. Яковлев, Жирков), фонетикалық принципке
сақтықпен қарау керек (Л. В. Щерба) деген ішінара, іріткі ойла-ры,
сондай-ақ қазақ оқымыстыларының да ортақ жазу – орыс жазуына
көшкен дұрыс, терминдер орыс тілі нұсқасынша жазы-лу керек (С.
Аманжолов) деген көзқарастары, сөйтіп, ақырында орыс
графикасын қабылдауымызға себеп болды.