Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет202/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

Әліпбиі   мен   графикасы.  Бұл   жазудың   алғашқы   әліпби   жо-
басында   (1939ж.   10-тамыз)   40   әріп   болды,   ал   әліпби   тәртібі
төмендегідей: а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р,
с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я.
Мұнда дауысты дыбыстар (ә, ө, ŷ, ү) орыс әліпбиіндегі жуан
дауыстылармен (а, о, у) і-и, й жіңішке дауыссыздармен, ы әрпі
жуандық белгісімен қатар келген. Ал қазақ тіліндегі <қ>, <ғ>
фонемаларының таңбасы х-әрпінен кейін орналасқан.
Ал графикасында мынадай ерекшеліктер болды: біріншіден,
дауысты дыбыстардың таңбасы ретінде 14 әріп көрсетілді: а, о,
у, е, ы, и, ә, ө, і, ŷ, ү, я, ю, э.
Әліпбиде  ё  әрпі болмады, ол әріп кездескен сөз  ө-мен белгі-
ленді: слёт – слөт; е, ө, ә, ү, і әріптері сөзді жіңішкертетіндіктен,
бұлар   жазылған   сөзде  ь-белгісі   қойылмады;  ы,  і  әріптері   сөз
мағынасына   әсер   етпеген   жағдайда,   я   буын   араларында   жазыл-
майды делінді:  смағұл,  рет,  ахмет;  я  әрпі сөз басында, дауысты
дыбыстан   соң,   қатаңдық,   жұмсақтық  (ъ,  і)  белгілерінен   кейін
жазылатын болды: Яков, химия, аяғы, таяу, мия.
Мына  мәселелер  ескерту  ретінде   берілді:  орыс  тілінен   енген
сөздерде дауыссыздан кейінгі  я  әрпі  ә  әрпімен белгіленді (Колә,
желәбов,   трансләция).  ю  әрпі   түбір   ішінде   жазылады   да  (қою,
аю),  түбір мен жұрнақ ішінде  йу  тіркесі арқылы беріледі  (қойу,
сойу). Әліпбиде һ әрпі болмағандықтан, оның қызметін ә, а, х
таңбалары атқарды: қаарман (қаһарман), гауәр (гауһар), аһ (ах).
Қосар дауыссызға аяқталған сөзге қосымша жалғанғанда бір да-
уыссыз   түсірілмеді:  класс/классқа.  Дыбыстық   құрамы   игерілген
кірме сөздер айтылуынша жазылды: газет, самауыр, қамыт, сиез,
доға. Араб-парсы тілінен енген сөздердің ортақ әдеби ва-
272
273


риантын   орфографиялық   сөздіктен   қарап,   жазу   керек   делінді,
себебі сөз мағынасы дифференцияланып, жазуда айқындала бас-
тады: ғаскер – войска, әскер – армеец, ғылым – мәлім. Біріккен
жалқы есімдер кіріктіріп те Талдықорған, Қожакелді кіріктіріл-
мей де (Амангелді, Қазанғап) жазылатыны көрсетілді.
Бір жылдан кейін 1940 ж. 30-тамызда жаңа алфавит жөнін-
дегі ғылыми конференция 41 таңбадан тұратын жаңа әліпби ту-
ралы жоба ұсынды. Мұнда  һ  әрпі әліпбиге енгізілді және <ұ>
фонемасы э таңбасымен берілді (5-кесте).
1940 жылғы әліпби жобасын жетекшілік еткен  С. Аманжолов
жобаны талқылауда э әрпін қазақ тіліндегі е дыбысының орны-на
қолдануды,  ә  әрпін   екінші   буындарға   да   жаза   беруді,  я  әрпін
қолдануды   азайтуды,   мысалы,   түбір   мен   жұрнақ   позициясына
жазбауды,  ы  әрпін тек орыс сөздерінде ғана жазып, қазақ тілін-
дегі <ы> үшін басқа таңба алуды ұсынған пікірлердің болғанын
және оларға негізді дәлелдер бар екенін айтады.  я, ю әріптерінен
қызметі арқылы жазу үнемділігіне қол жеткіземіз дейді. Автор  ь
таңбасын   қазақ   тіліндегі   жер-су   атаулары   адам   есімдерінде
қолдануды мақұл көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет