Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Құрылтай қарарында қабылданған емле ережелері



Pdf көрінісі
бет121/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   196
Құрылтай қарарында қабылданған емле ережелері. Латын
графикасын қабылдайтын түркі тілдеріне ортақ емле ережелері де
осы жиында қабылданды. Олар төмендегідей болды:
- орыс графикасының әріптерін алмау,
- бірдей дыбыстарға әріп алмау,
- диакритикалық таңба алмау,
- созылыңқы дауыссыздарды белгілемеу,
- қосар әріп алмау,
- жіңішке дауыстыға таңба алмау,
- морфологиялық принципті ярпақ-япрақ, торпақ-топрақ
деген сияқты сөздердің әдеби вариантын табу үшін пайдалану,
-
дұрыс айту нормасын қалыптастыру,
-
кірме сөздерді айтылуы бойынша игеру (орыстар буын жа-
зуы бойынша игерген еді, енді айтылуы бойынша игереді),
- кірме сөздерді түпнұсқа тілдегі айтылуы бойынша алу (вол-
кан, вулкан емес, маскерад),
-
кірме сөздерді үндесім заңына бағындыру,
- кірме сөздер үшін әріп алмау (мысалы, орыс тілінде ғ, һ, ө, ь
болмағандықтан Неіnе – Гейне, Ньgо – Гюго болып жазылады),
-
халықаралық сөздердің соңындағы дауыстыны қысқарту:
вакансия – ваканс, пианино – пианин, фортепиано – фортепи-
ан,
-
кірме сөздерде о әрпі тұрса, [о] дыбысы етіп айту.
Алғашқы латын-қазақ әліпби жобалары. Сөйтіп, 1927-
228
229


1928жж. “Еңбекші қазақ”, “Лениншіл жас”, “Тілші” газеттерін-
де жаңа латын әліпбиінің жобасы, сол графикамен басылған
тақырыптар жариялана бастайды. Ең алғаш жарияланған ла-
тын әліпбиінің жобасында 24 әріп, 1 дәйекше болды (яғни төте
жазудың жүйесінен ажырамады). Олар: a, b, c, d, e, h, g, j,
і, k, l, m, n, o, p, q, r, s, t, u, v, y, z және ‘ (Тілші, 17.09.27).
Мұндағы ћ – <ғ>, у – - фонемаларын таңбалады. Кейінгі
жоба (Лениншіл жас, 30.11.28) <ғ> – q, <ы>,<і> – ъ етіп берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет