Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет49/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   196
Л.В.Щерба фонема (дыбыс типі) адам санасында елес
(пред-ставление) түрінде өмір сүреді деді. Мысалы, орыстілді
адам брат, о брате дегенде [а]-ның екі түрлі айтылып
отырғанын біл-се де, неге оны бір <а> деп танитынын оның
психикасында бір ғана <а>-ның елесі барлығынан деп жауап
береді (Щерба 1983: 16). Сондықтан да осы елес-түсінік
арқылы адам сөз дыбыста-рын таниды. Мысалы, тілі жаңа
шығып жүрген бала “далаға ба-ламын деген сөзді [р]
дыбысымен айттым деп ойлайды. Егер оған далаға баласың
ба ? деп сұрасаң, ызаланып, “жоқ, далаға баламын деп
қайталар еді. Себебі баланың санасында [р] фо-немасы бар.
Сондықтан Б.Куртенэ семантикаланған дыбыстың ғана тіл-
дік мәні болатынына тоқтады. (Топоров В.Н. 1960: 35). Яғни
ауыздан шыққан дыбыс түрі көп, бірақ ол дыбыстың мағына
ажыратушылық сипаты ғана тілдің дыбыстық деңгейін
құрайды деді. Л.В.Щерба да семантикалануға басты мән берді
(Щерба Л.В. 1983:17). Ғалым сөйлеу кезіндегі дыбыстық
түрленімдерге назар аудара отырып, ол айырмашылықтардың
жай құлаққа байқалмайтынына: “Бұның жауабы қарапайым:
себебі бұл айырмашылықтар мүлде мағына ажыратпайды
(Щерба Л.В. 1983: 18) дейді.
Сөйтіп, тілтұтынушы санасында сол тілдің мағына
ажыратушылық, сөзтанымдық қызметі бар шағын ғана
дыбыстық қоры өмір сүретіні белгілі болды.
Сондықтан ғалымдардың мынадай анықтамалары пайда
бола түсті:
а) “Қарапайым қатардағы тұтынушы аңғара бермейтін тілде-
гі құлаққа шалынатын дыбыстардың түптегінде дыбыстардың
ішкі, идеалды жүйесі тұрады. Олар психологиялық
құрылғының дайын үлгісі ретінде жұмыс істейді (Сапир).
ә) “Фонема-дыбыс” жай дыбысқа сәйкес емес, жай дыбыс
76
77


фонеманың бір ғана белгісін алып тұрады, фонема-дыбыс, ол
барлық дыбыстық белгілердің жиынтығы”(Реформатский А.А.
1970: 245);
б) “Фонеманың сөзайырымдық қызметі өзара айырымда-ры
арқылы жоғары тілдік бірлік – морфеманы ажыратуынан
көрінеді” ( Реформатский А.А., 1970).
в) “Сөйтіп, тіл-тілде көптеген артикуляциялы-акустикалық
дыбыс түрленімдері болады және сол түрленімдер жинақталған
белгілі бір мөлшердегі дыбыстар болады” (Ветвицкий В.Г.,
Иванова В.М., Моисеев А.И. 1974: 21).
г) “Фонема – бұл идеалды дүние, сол дыбыс жиынтығы
белгі бір фонетикалық жағдайда жеке дыбыс ретінде көрінеді».
“фо-немалар – бұлар тілдегі әлеуметттік жағынан айқындалған
ды-быстар және мұндай дыбыстар әр тілде әртүрлі, бірақ
белгілі бір сандық шегі бар” ( Реформатский А.А. 1970: 129).
Ал фонеманың сөз мағынасын ажырататын дыбыс екенін
алғаш айтқан кавказ тілдерін зерттеуші П.К.Услар болды
(Яковлев Н.Ф. 1970: 129). Р.И.Аванесов, В.Н.Сидоров фоне-
маны сөздің әлеуметтік мәні бар дифференциалды элементі
деді (Аванесов Р.И. Сидоров В.Н. 1970). Бұл тұжырымдарға
Қ.Жұбановтың фонема бір сөз бен екінші сөзді айыруға жарай-
ды дегені (Жұбанов Қ. 1999: 501) сәйкес.
Сөйтіп, фонема абстракті единица ретінде адам санасында
өмір сүретін бір жақты құбылыс болды. Фонема – ауызша тіл
мен жазба тілдің арасын байланыстыратын аралық категория.
Фонема – сөз жасайтын (конститутивті), сөз айыратын (дис-
тинктивті) (Яковлев Н.Ф. 1970) және жеке тұрып мағына бере-тін
фонологияның кіші бірлігі. Фонема сөздің дыбыс құрамын екшеп,
сөздің естілімін туралайды, форма айыратын, мағына айыратын
шектеулі дыбыс құрамы арқылы сөз мағынасын ажы-
ратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет