Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет51/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   196
вариант (өздік реңк), вариация (бөгде реңк) ұғымдары арқылы
түсіндірді (жақша ішіндегі қазақша баламаларын профессор
Н.Уәли ұсынған).
МФМ ілімі бойынша, инвариант фонема – дыбыстың күшті
жағдайындағы қалпы. Ол әліпбидегі әріп мәніне сәйкес. Қанша
инвариант фонема болса, сонша әліпби таңбасы болуы керек
де-ген осы ұғымнан пайда болды.
Сөз мағынасын ажырататын фонема сөз ішінде іргелес кел-
ген дыбыстармен әсерлесіп, өзінің негізгі реңкінен өзгеріп
түрленеді. Сонда инвариант фонемалардың іргелес келген
дыбыстық қоршаудағы уақытша көрінуі оның дыбыс қорын
құрайды. Дыбыстық қор екі түрлі: өздік реңк, бөгде реңк түрінде
көрінеді.
Өздік реңк дегеніміз фонеманың әлсіз позициядағы түрле-
78
79


німінің әлді позициядағы басқа бір фонемамен сәйкес келуі. Ал
жалпы осы әлсіз позициядағы дыбыс түрленімдерінің қоры
– фонема модификациясы болып табылады. Мысалы, ақ үй,
көк үй, ұзын, түнгі сөздеріндегі <қ>, <к>, <ы>, <н> фонема-
лары айтылым актісінде іргелес дыбыстардың әсерінен өзгеріп,
парадигмалық осьтегі <ғ>, <г>, <ұ>, <ң> фонемаларына ұқсап,
соларға сәйкес айтылады: [ағүй], [ұзұн], [түңгү]. Мұндай про-
цесті фонеманың бейтараптануы деп те атайды. ғ, г, ұ, ң –
дыбыс-тары фонеманың өзі емес, <қ>, <к>, <ы>, <н>
фонемаларының дыбыстық түрленімі, яғни варианты екеніне,
бұларды басқа неғұрлым тәуелсіз позицияға қойып, көз
жеткізуге болады: [ақ], [көк], [түн], [түндө], [ұзұндұқ].
Бөгде реңк – фонеманың фонологиялық қорда жоқ, басқа бір
дыбыс түрленіміне айналуы. “Вариация – бұл фонеманың негіз-гі
реңкінің, уақытша, тілдегі ешқандай негізгі дыбысқа ұқсамай,
мүлде таныс емес дыбысқа ұқсап айтылуы. Мысалы, Н.Уәли қазақ
тіліндегі жуысыңқы <ш>, <с> aлдынан келген <к>, <қ> өзінің
қатаң тоғысыңқы реңкінен ауытқып, босаң тоғысыңқы [х]
дыбысына ұқсап айтылады дейді. Мұнда тілшікпен айтылатын [х]
емес, жасалымы одан ілгері дыбыс реңкі шығады. Яғни бұл
парадигмалық осьте жоқ <қ>-ның реңкі. Мысалы: ақша, бақша,
шұқши, көкше, кексе т.б. Сол сияқты <ш>-ның (атшы, сатшы),
<с>-ның (атсыз, етсіз) вариациалары туралы да айтуға болады.
Сондай-ақ күнәларың, ләззаттандым деген сияқты бейүндес
буынды сөздерді айтқанда [күнәла’рың], [ләзәтта’ңғаммен] деп,
<а> мен <ә>-нің ортасындағы [а’] вариациясы пайда болады.
А.А.Реформатский әлсіз позицияның нәтижелері әртүрлі бо-
лады, кейде әлсіз перцептивті позицияның нәтижесі вариация,
сигнификативті әлсіз позицияның нәтижесі вариант болады
(Реформатский А.А. 1970: 116), Л.В.Щерба фонема мен оның
варианттарын айырудағы қиындық жай құлаққа шалынбай-тын
айырмашылықтарды байқауда ғана емес, сол тілдің дыбыс
құрамы үшін қай ерекшелік мәнді, қай ерекшелік мәнсіз соны
аңғару (Фердинанд де Соссюр. 2000: 125б) деген. Өйткені ва-
риация делініп жазуда еленбей жүрген дыбыс түрленімі біртін-
деп тілдің фонемалық жүйесіне енуі мүмкін. Мысалы, қазақ
тіліндегі <ә> фонемасы күнә, кінә сияқты сөздерде, біздің
ойымызша, позициялық түрленімге түсіп тұрғанмен (алдыңғы
буынның жіңішкелігінен), тілтұтынушы санасында <ә> жеке
фонема ретінде танылады. “Егер сөзде фонема ауысса онда сөз
мағынасы да ауысты деген сөз, егер сөз мағынасы өзгеріссіз бол-
са, фонеманың өзгеруінің не қажеті бар” (Реформатский А.А.
1970: 56).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет