Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет136/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   196
1938 жылғы әліпби мен
графикадағы
өзгерістер.
Ұсынылған бұл жобалар, әсіресе Қ.Жұбановтың дәйекше
қызметін пайдаланған әліпбиі, 1934 жылы жоғары комитетте
қолдау тапқандай болса да, 1938 жылы қабылданбай қалады.
Бірақ uv (ұу) мен yv (үу) қосар әріп орнына бір ғана u жазы-
латын болды да, u (ұ) әрпі ь таңбасымен ауыстырылды: uvagьt-
uagьt, uvьq- uьq, yvәde- uәde, kelyv-kelu, quvus-quьs. Бұл әріптің
емлесінде мынадай ескерту болды: у деген сөзді бір әріппен
(u), түу (tyv), syv (сүу) сияқты сөздерді екі әріппен (tu, su) беру
ыңғайсыз, әрі сөз мағынасын айыруға кедергі келтіретіндіктен
(ту мен түу деген одағайды) қосар әріппен беріледі.
Сол сияқты ьj (ый), ij (ій) қосар дыбыстарының орнына бір
ғана і таңбасы алынған соң, <і> фонемасы /j/ әрпімен
таңбаланатын болды, мысалы: tjl (тіл), zjl (зіл). Бұл
орфограмманың да тый, сый сөздерінде бұрынғы емле
сақталатыны туралы ескерту бол-ды.
1938 жылы “Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту
туралы” қаулыдан соң әліпбиге f (ф), x (х), v (в) әріптері енді.
<ы> – ь, <у>-u, <в>-v, <ұ>- ŭ, <ү>-y, <ф>-f-мен берілді, ю-іu,
я-іа тіркесімен таңбаланатын болды. Әліпбиде е, ц, ч, щ, ъ, ь,
э, ю, я таңбалары болмады.
Қысаң езуліктердің таңбалары (ь, j) мазмұнға ие болып тұрса,
254
255


жазылуы керек делінді. Бірақ бұл емле ала-құлалығын тудырды:
topьraq, pьcad, tjrek, kjlem, ьras, ьrai. Сондай-ақ түбірдің соңғы
буынында <ы>, <і> дыбыстары естілетін сөздерге тәуелдік
жалғауы қосылғанда, қысаң езуліктер түсіп қалса, түбірде жа-
зылмайды, ал түсірілмесе түбірде жазылуы керек делінді.
Мысалы, көрк, себебі көркімкөрік, себебі, көрігі (ұстаның).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет