Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет145/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   196
Ш. Сарыбаев к әрпімен <қ>, <к>, г әрпімен <ғ>-<г> дыбыс-
тарын белгілеп, іргелес келген дауыстының жуан-жіңішкелігіне
орай <қ>, <ғ>, <к>, <г> екенін айыруды ұсынды. Сондай-ақ
<қ> – къ, <ғ> – къ деп алайық деген де, тіпті <қ> – қ, <ғ> – ғ
деп алу жазу жылдамдығына кедергі, сондықтан q, р таңбасын
қалдырайық деген де пікірлер болады.
А. Ысқақов э әрпінің мәнін е әрпі де бере алады, сондықтан
әліпбиге э-нің қажеті жоқ деп табады.
М. Балақаев керісінше э әрпін сөздің бас буынында
жазайық, сонда тек ч, ц, ъ әріптері ғана орыс сөздерінде
кездеседі де, қалған әріптер ортақ болады дейді. Және қысаң
езуліктердің емле қиындығын азайту үшін мағна, рет сияқты
сөздердегідей анық естілмейтін позицияда ы, і әріптерін
түсіріп, қалған по-зицияда тәуелдік жалғауы жалғанғанда да,
түсірілмегені жөн деді. М. Балақаев сөз бірігіп жазылу үшін
сөздің екі сыңары да атау тұлғада және олар изафеттің III түрі
болмауы керек деді. Ал фразеологиялық тіркестердің барлық
түрі бөлек жазылуы уәжді деп табады.
Сөйтіп, осындай талқылаулардан соң, жаңа әліпби 1940ж. 11-
желтоқсанында түбегейлі бекиді. Әліпби тәртібіндегі қазақ тілінің
төл дыбыстары жұмсалу жиілігіне сәйкес, і, қ, ң, ғ, у, ө, ә,
һ болып реттеледі. Бірінші орыс алфавитінің әріптері, соңынан
қазақ әріптері тіркеледі. Әріп атауы вэ, бэ деп, орыс алфавитін-
дегідей белгіленеді. Әліпбидің жоғарыдағыдай берілуі оның
қосалқы қызметі (санау, инвентарлау) үшін қолайлы делінді.
Графика мен сөйлеу екі басқа, бір-біріне сәйкес келмейді деген
пікірлер де осы кезден шыға бастайды. Жазылған сөздегі әріп
пен дыбыс арасында айырма қай кезде де болады, сондықтан
1940ж. емледе қабылданбай қалған ый, ій тіркестері орнына и
жазу; түбір мен қосымша аралығына ю, я әріптерін салу (кию,
боя), я әрпімен [йа], [йә], [ә], ю әрпімен [йу], [йүу], [ү] дыбыс
тіркестерін беру сияқты пікірлер айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет