Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет147/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   196
Емле мәселелері. М.Балақаев қазақ орфографиясының 40ж.
қиындықтары ретінде мыналарды көрсетті: күрделі сөздер ем-
лесі, и, ы, і әріптерінің емлесі, қ-х әріптерінің емлесі, ә әрпінің
жазылуы, термин сөздердің қосымшалануы, жалпы есімдерінің
жазылуы.
М.Балақаев біріккен сөзге бір зат, бір ұғымның мағынасын
беретін сөз деп анықтама берілген соң ауажайылу, басқатыру
сияқты тіркестердің де бірге жазылып кеткенін, ал аяқ киім,
темір жол анықталғыш-анықтағыш қатынастағы сөз екенін ай-
тады. Кісі аттарының фонетикалық принциппен жазылуы уәжді
деп табады, сондай-ақ жарыя – жәрия – жария, қайтып –
кәйтіп деген сөздердің әдеби вариантын анықтау емле
сөздігінің құзырына тиеді дейді.
Ғалым һ әрпін х-мен беруге, қ, ғ фонемаларын г, к
әріптерімен таңбалауға болады деген ұсыныс айтты. Ал ог, уг,
к-ға аяқталған сөздерге жіңішке қосымша жалғауды (полктік,
педагогке) екі сыңардан құралған біріккен сөздер жігіндегі қ/ғ,
к/г алмасуын таңбалауды ұсынады. Біріккен сөздердің емлесін
орыс тіліндегі баламасының жазылуына қарап анықтаудың
қателігін айтады. Және қазақ әліпби жүйесінің тәртібіне, оны
қабылдаған үкімет қаулысына наразылығын білдіреді.
Ғылым академиясының Тіл, әдебиет институтында (1952 III)
осы ұсыныстар талқыланған жиналыс қаулысы әліпбиден һ әрпін
алып тастауды, әліпби тәртібін өзгертуді, ый, ій, ұу, үу қосарын и,
у таңбаларымен беруді қабылдайды. Бірақ С. Аманжолов
керісінше, қазақ әліпбиін өзгерту “қазақ тілі дыбыс-тарына
арналған әріптердің керексізі бар ма”, “алфавит сиқын
бұзып тұрғаны жоқ па”; “орыс әріптері толық қолданылып жүр
ме” деген бағытта жүруі керек дейді. Автордың ойынша, ә
әрпінің қызметін я әрпі де атқара алады (Куляш, сіря, Жамиля);
к, г-ге аяқталған термин сөздерге соңғы буынның жуандығына
байланысты жуан қосымша жалғау, біріккен сөздерді кіріктіріп
жазбау ақкөңіл, асырасілтеу сияқты сөздерді бірге жазу уәжді.
Сондай-ақ С. Аманжолов әліпби тәртібін өзгертуге қарсы бол-
ды. Ғалым әріп ретін өзгерту алфавиттің қосалқы – нөмірлеу
– қызметіне кедергі болады деді. Және қосар дыбыстарды бір
таңбамен беру морфологиялық принципке сай емес, сөздің ай-
тылуы мен жазылуын алшақтады. к, г-ге біткен орыс сөздеріне
жіңішке қосымша жалғау орыс тіліндегі сөздердің айтылуын
бұзады деді. Осы екі бағыттың соңғысының ұсынысы ескеріліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет