Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет145/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

– u – <ұ>, <ү>.
Жеке әріп-фонемалар емлесі туралы. Жобадағы өзгеріс 
– қазіргі қазақ графикасының басты проблемасы – қосар әріп 
(ұу, үу, ый, ій) таңбаларының дара таңбаға ауыстырылуы бол-
ды. Қ.Жұбановтың көзі тірісінде қабылданбаған жоба 1956 ж. 
м.Балақаевтың ұсынуымен ірі ғалымдардың құп көрмегеніне 
қарамастан жүзеге асқаны белгілі. 
Қ.Жұбанов құлаққа шалынғанның бәрі таңбаға ие болмайты-
нын парықтап, бір таңбамен мағына ажырататын екі фонеманы 
да беруге болатынын көрсеткен. Қ.Жұбановтың айтуынша, дау-
ыссыз дыбыстар жеке бөліп айтуға келмейді. Б әрпін не бы, не 
ыбр әрпін не ыр, не ры деп айтамыз. Қазақ тілін әлі дыбысшыл 
кезеңге түгел жетіп болмаған, буыншыл қасиеттерін түгелімен 
жойып бітірмеген тіл деп табады ғалым.
Сонымен қатар, Қ.Жұбановтың “буын жігін айыртуды есеп-
ке алма. Қандай жазуда да буын жігін таптыру методикасын 
шығартып алуға болады” деген сөзі буын ауызша тілдің бірлігі, 
тасымал жазба тілдің бірлігі екенін аңғарғанын білеміз. Оны 
буынның кірігуіне келтірген мысалдарынан байқауға болады: 
атене, ағеке, жақсат деген сөздер – айтылу нормасына сай 
буынға бөлінгендер. 
автор дауысты дыбыс таңбаларын мағына айырудан бөтен, 
көбінде буынның жуан-жіңішкелігін көрсететін қарақшы деп 
таниды. 
Бүгінгі қазақ орфографиясындағы бір қиындық екінші 
буындағы ә әрпінің жазылуы болса, Қ.Жұбанов оны: “Көп буын-
ды түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың а-ә екені 
дүдамал болса, немесе дүдамал болмай-ақ, анық ә дыбысы бол-
са да, қосымша жуан түбірге жалғанғандағыдай жуан айтылады 
да, а мен е, қ мен к, ғ мен г бір келетін қосымшаларда а, қ, ғ 
жазылады. Оңайлық үшін ондай түбірдің соңғы буынына да ә 
жазылмай, а жазылады: кітапқа (кітәпке емес)” деп шешкен. 
Сөйтіп, а.Байтұрсынұлы жазуда лингвалды үндесім 
құбылысын таңбалау арқылы және ұяң дауыссыздарға 
артықшылық беру арқылы тілдің ерекшелігін айқындаса, 
Қ.Жұбанов тілдің қысаң емес, ашық сипатын, жіңішке емес 
жуан сипатын таңбалауды дұрыс көрді. 
Бұл қағида қазақ жазуының бүгінгі проблемасына қатысты. 
емле сөздігінің 1964ж. басылымы бұл қатарды Қ.Жұбановтың 
пікіріне сүйеніп, күшала, дүдамал, ділда, күнә, кінә сияқты 
сөздерді а-мен таңбалады. Кейін жазу практикасы мен сөздік 
арасында қайшылық туған соң, алдыңғысы ескеріліп, кейінгі 
басылымдары ә-мен қалыптандыра бастады. 2001ж. сөздік тек 
барыс жалғауын ғана жуан вариантта, басқа қосымшаларды 
жіңішке формада жалғауды ұсынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет