308
309
Орыс тілінде
негізгі дыбыстар 41 әріп саны 33
ағылшын тілі негізгі дыбыстар 45 әріп саны 26
Француз тілі
негізгі дыбыстар 35 әріп саны 26
Қазақ тілі
негізгі дыбыстар 28 әріп саны 42
Әліпбидегі әріптердің саны шамадан тыс көп болуы мек-
теп табалдырығын аттаған оқушыларымызға да оңай тимейді.
ана тілінің дыбыстарын бейнелейтін әріптерді мектепке келген
балдырғандарымыз дыбысқа (уәжге) сүйеніп, тез үйреніп алады.
Сөйтіп дыбыс пен әріптің байланысы оқушы санасында білімге
айналады. ал
ъ, ь, ц, щ, … тәрізді таңбаларды дыбыстық уәжі
болмағандықтан, жаттап алуына тура келеді. Қазақ тілінің дыбыс
жүйесіне қатыссыз әріптерді жаттап, миға салмақ түсіреді. Бұл
– мәселенің лингвистикалық-психологиялық жағы. 42
әріппен
байланысты бұл қайшылықты, әсіресе ұстаздар қауымы жақсы
біледі. Бұл жайт, жоғарыда айтқанымыздай, кирилше әліпбидің
түкке алғысыздығынан емес, я болмаса кирилшені әуелде
тіліміздің жүйесіне сай етіп ұқсата алмаған тіл мамандарының
да кемшілігі емес. Қазақ лингвистерінің кәсіби біліктілік деңгейі
қай кезде де төмен болған жоқ. Әліпбидегі түйткілдің түп-та-
мыры тоталитарлық жүйенің Кеңестер одағындағы тілдерді,
ұлттарды бірте-бірте ассимиляциялау
саясатымен байланыс-
ты болды. Кеңестік кеңістікте халықтарды бір тілге көшіріп,
Бабыл мұнарасын орнатып, көктегі коммунизмге қол жеткіз-
бек болған идеологиялық
қысымның салдарынан кирилше
әліпбиіміз бұрмалауға түсті. Қазақ әліпбиіне енгізілген
в, ъ, ь,
ц, щ … тәрізді әріптер алдымен халықаралық терминдерді, со-
ветизмдерді, онимдерді (жалқы есімдерді) орыс орфографиясы-
мен жазу үшін енгізілген. Сонымен, қазақ әліпбиі таза ұлттық
әліпби болмай қосамжар әліпби болды. Қазақ орфографиясы да
сиям егіздері сияқты қосамжар орфография болып шықты. Қазақ
мәтіндерінде қазақша жазылатын сөздер мен бөтен тілдің бөркін
киген сөздер аралас-құралас жүрді. Сөйтіп, советизмдерді, ин-
тернационализмдерді, онимдерді Орталық орыс орфографиясы-
мен бұлжытпай
жазу үшін
ч, щ, ю, я, ъ, ь, ц … тәрізді әріптерді
енгізуге тіл мамандарын мәжбүрледі.
Шын мәнінде жазба коммуникация үшін 28 әріп те жеткілікті
еді. ал 13–14 әріп шеттілдік сөзді орыс орфографиясымен жазу
үшін әліпби құрамына кіргізілді. Сөйтіп, емле жүйесі басқа
тілдің ережесіне кіріптар болып қалды. ¤ркениетті елдердің
әліпбиіндегі әріптер әдетте өздеріндегі негізгі тілдік дыбыс-
тарды (фонемаларды)
таңбалайды, ал басқа тілдің сөзін жазу
үшін арнайы әріп сайлап қоймайды. ¤здерінің төл сөздеріндегі
дыбыстарды белгілейтін әріппен шүршіттің сөзі болса да жаза
береді.
Сонымен, қазақ әліпбиіндегі дыбыстардың бір бөлігі қазақ
тілінің, екінші бөлігі орыс тілінің дыбыстарын белгілейтін
құранды әліпби, қосамжар орфография болып шықты.
Бұның
салдарынан шеттілдік сөздерді дыбыстық жақтан игерудің тіл-
дік механизмдері жұмыс істемей қалды. тіл тегершіктерінің бірі
жұмыс істемей қалса, бұл – дабыл қағатын жай. Орыс тілінен
енген сөздер қазақ тілінің дыбыс жүйесімен жымдасып, жара-
сым табудың орнына алабөтен оқшауланып қалды. Бұрынғы
кезде
плетен – белетен, купарос – көкбараз, вершок – бершек
деп орыс сөзін өз тілінің тәртібімен бауырына басты. енді қазақ
тілінің сөздік құрамында дыбыстық тезге түспеген, өңделіп,
игерілмеген өгей сөздердің үйірі көбейе берді, көбейе берді.
Қазақ жазуының ұлттық сипатынан ауытқып, басқа жаққа бет
алып бара жатқанын айқынырақ елестету үшін газет, журнал,
ғылыми кітап, оқулықтардың кез келген бірін алып,
мәтіндегі
сөздерді орфографиясына қарай топтастырып, таразылап көріңіз.
Сол кезде таразының бір басына қазақ тілінің заңдылығымен,
екінші басында бөгде тілдің тәртібімен жазылған алабөтен сөз
үйірін байқайсыз. Жыл өткен сайын «импортталған» сөздердің
саны еселеп көбейіп келеді. мұның өзі қазақ тілінің ежелден келе
жатқан дәстүрлі нормасының бұзылу қаупін күшейте түседі, ал
дәстүрлі нормасынан айырылған тіл қанаты қайырылған құстай
дәрменсіз болып, қоғамдық қызметін ойдағыдай атқара алмай-
ды.
Бұл жерде мәселе қолдан қоюлатылып отырған жоқ. Әрине,
кірме сөзге Қытай қорғанын салса да, тоқтату қиын. Оларды (кір-
ме сөздерді) тілдің өз мүлкіне айналдырып, мағыналық жақтан
ғана емес, дыбыстық тұрғыдан да игеруі қажет. Олай болмаған
жағдайда орфоэпиялық ереже, дыбыстау нормасы да дәрменсіз
күйге түседі.
Ұлттық университет, ұлттық академия, ұлттық
Достарыңызбен бөлісу: