1. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1-дәріс. Жазудың маңызы мен қызметі Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жа-
сауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен
туындады. адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың
дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады.
Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың
маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнің
шектеулiлігі және уақыт жағынан шектеулiлігі. адамдардың
қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында
жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың
миссиясы, бүгiнде қарап отырсақ, тереңде екен.
тiлдiң даму тарихы тұрғысынан келсек, тiл адам санасында-
ғы ойды жарыққа шығарып, жазу ауызша айтылған ойды оп-
тикалық құралдар арқылы визуалды дүниеге айналдырады.
Сонда жазу тек қосалқы қызмет атқаратын құрал болып табыла-
ды. алдымен аса маңызды қатынас құралы болған – тiл ауызша
түрде өмiр сүрдi. талай жүз жылдықтар бойы басқа қатынастың
түрiн iздемедi. Сөйтiп, ойды жарыққа шығарудың және айнала-
сына қатынас жасаудың жалғыз түрi ауызша сөйлеу ғана бол-
ды. Жазу ендi тiлдiң осы екi қызметiнiң көшiрме түрi ретiнде,
қосалқы қызмет атқаруға келгендей. Оны сызба ретiнде былай
нобайлауға болады:
тiлдiк сана ⇒ тiл ⇒ ауызша сөйлеу
⇓
жазу
Үшінші мыңжылдықтағы жаңа технологиялар тасқыны,
ғылыми-техникалық прогресс, ақпарат таратудағы жаңа көздер,
қашықтық пен уақыт барьерін жеңетін жаңа техника түрлерін
ойлап табудың жоғары деңгейінде келеді. Осымен байланыс-
ты ауызша коммуникацияның жетілген технологиялы бүгінгі
кезеңінде жазудың адамзат өркениеті үшін атқарар қызметін
парықтаудың қажеттілігі бар. а.Байтұрсынұлы
“Біздің заман – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық