Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет19/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Пысықтау сұрақтары:
1. адам ойы жазуға қалай түседі?
2. ішкі ой мен тілдің және ауызша тілдің арақатысы қандай?
3. Ойлау мен жазудың арасында қандай процестер бар?
2-семинар. Жазу – дербес жүйе ме,
әлде ойдың бір формасы ма?
Семинар сұрақтары:
1. Жазуды ойды жарыққа шығарудың бір формасы ғана деген 
ғалымдар кімдер және қандай негізге сүйенді?
2. Жазуды ауызша тілден бөлек дербес жүйе деп танудың себептері 
қандай? 
3. Жазудың дербес жүйелілігі дегенді қалай түсіндіңіз? 
Жазу теориясының пәнін анықтау үшін алдымен жазу де-
геніміз не, оның тілге қатысы қандай, жазу ауызша сөйлеу тілінің 
көшірмесі ме, әлде одан өзгеше, дербес жүйе ме, жазба тілмен 
тілдің, жазу мен ойлаудың арасында қандай байланыс бар деген 
мәселелерге арнайы тоқталу керек. Өйткені жазу – тілдің жаз-
ба жүйесі немесе тіл өмір сүруінің бір формасы деген қазірде 
қалыптасып қалған екі түсінік және екі бағыт – жазудың бүгіні 
мен болашағын айқындайтын, жазу монополиясының сипатын 
саралайтын бағыттар болып табылады. 
ХХғ. бастап халықтың сауаттану деңгейінің артуы, соған 
сай жазудың демократиялануы, жазуы бар тілдің ғана тіл 
қатарына саналып, зерттеу нысанына айналуы, жазу арқылы ой-
лау мүмкіндігі жазу мәселесіне көңіл бөлдіре бастады. Әсіресе 
Фердинанд де Соссюрдің “тiл және сөз„ дихотомиясынан кейiн, 
әлемдiк тiлдер жазуы бар тiл мен жазуы жоқ тiлдерге ажыраты-
ла бастағанынан кейiн, жазуы бар тiлдердiң әлемдiк деңгейде 
көбеюiнен жазу тiлдiң екiнші формасы немесе құрылымы деген 
ұғымдар пайда бола бастады. Жазуы сақталған өлi тiлдердiң бо-
луы немесе жазуы жоқ тiлдердiң өмiр сүруi және жазба тілдердiң 
көбеюi жазу – тiл өмiр сүруiнiң бiр формасы ма, әлде өз алды-
на дербес тiлдiк жүйе ме деген сауалдарға жауап iздеудi қажет 
еттi.
Осы орайда мәселенің қазақ тіл білімінде алғаш қойылып 
отыруына және ауызша тіл мәселесіне қатысты лингвистикада 
біржақты пікірдің қалыптаса қоймауына байланысты шетелдік 
және кеңестік ғалымдар мен тілшілердің еңбектеріне шолу жа-
сап, көзқарастарына көңіл бөлеміз. Бұл жазба тілмен ауызша тіл 
ұғымдары қатынасының күрделілігіне және белгілі бір тұжырым 
алдымен ірі теоретиктердің пікірлеріне негізделіп барып айтылу 
қажеттілігінен туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет