Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет43/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ІІІ-мәтінБұл кісі (Ә.Сәрсенбаев туралы) о баста ата-ана-
сынан алған тәрбиесінен өзгерген адам емес, ол соғысты көрдім 
деп, қатыгездік те әкелген жоқ. Кісі өлімін көргенін де басқаға 


70
71
көрсеткен жоқ (А.Бақтыгереева (ақын), Қазақтан-1 телеарна-
сы. 26.02.06.).
ІV-мәтін: Мынау басында тақырыбы тары деп бекіткен-
де, ұсынғанда ойлап едік, бір тарыдан не шығады, оның ар 
жағында не болуы мүмкін деп. Бұл э-э-э, диссертацияның да, 
авторефераттың да кіріспесінен байқалып отырғандай, бұл 
үлкен ғылыми, әлеуметтік маңызы бар тақырып болып шығып 
отыр. Әсіресе мынау заманда қазақ тілінің ары-бері болып 
тұрған кезі, аяғынан әлі қаз тұра алмай тұрған кезі, қазақ 
халқының аяғынан қаз тұрып, ілініп кете алмай тұрған кезінде 
зәруліктен, содан туындап отырған тақырып екен деп ұқтым 
мен (профессор Ә.Жүнісбек).
V-мәтінЖалпы, қандай ауру болса, алдын алып, асқындырмай, 
мүмкіндігінше ерте, соның диагнозын қойып, емдеген дұрыс. Ол 
қандай ауру болса да, мысалы, хирургиялық немесе соматикалық 
ауру болса да. Ал енді жұқпалы ауруларға келетін болсақ, оны 
ерте қараудың, ерте емдеудің маңызы бар. Себебі, бұлар 
жаңағы өзінің атына сәйкес жұқпалы аурулар. Демек, егер осы 
ауру пайда болса, ол екінші адамға, сау адамға, әсіресе мынау, 
бір жанұяда, бала-шағаға тағы да басқа қарым- қатынаста 
болған сау адамдарға жұғады. Сондықтан жұқпалы аурулар-
ды неғұрлым ерте анықтап, ерте дәрігерге қаралып, ерте ем 
қолданса, бұл ең дұрыс жол. Бұл жұқпалы ауруларға мемлекет 
тарпынан үлкен көңіл бөлінеді. Сондықтан жұпалы ауруларды 
емдеу ақысыз. Сондықтан неғұрлым ерте қаралып, ерте тек-
серілсе, ол жақсы болар еді (Радиодан тыңдалған хабар). 
мұндағы негізгі акцент – ойын жазба тілде білдірмейтін 
қарияның сөзі, жазба тілді дұрыс меңгермеген студенттің сөзі 
және жазба тілді толық меңгерген, жазба коммуникацияны өз 
иелігінде жұмсай алатын (ақын, журналист, ғалым, маман) 
субъектілердің сөйлеу мәтініндегі айырмашылықтарды көрсете 
отырып, тілдің синтаксистік, морфологиялық, лексикалық
фонетикалық деңгейін коммуникация барысында немесе ойын 
жарыққа шығару үстінде қаншалықты жүйелі, орынды қолдана 
біледі, соны аңғару. Бұл арқылы жазба тілді төмен, орта, 
жоғары дәрежеде меңгерген субъектілердің қайсысында мәтін 
жүйелі құрылды, ол жүйелілік неден шықты – осы сауалдарға 
жауап іздеу мақсаты көзделеді.
мәтінде, яғни жазба тілдің морфологиялық, лексикалық, син-
таксистік жүйесіне машықтанып көрмеген, бірақ көпті көрген, 
ойын пайымдауға құруға тиісті қарияның сөзінде ауызша тілге 
тән элементтер басым.
Сөйлем құрылысы маңызды ақпаратты алдыңғы орында 
айтып, мәнсіз информацияны соңына қалдыратын ауызша тіл-
ге тән: кедей шаруада, әкеміз үлкен сол, 5-те тұрып ап, сонша 
жыл істегенде. Шылау, көмекші сөздерді қолданбағандықтан 
екі сөйлем арасын байланыстыратын мәнсіз элементтерді пайда-
лану да ауызша тіл құрылымына тән еді. мысалы, әкеміз үлкен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет