Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет5/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

1. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-дәріс. Жазудың маңызы мен қызметі
Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жа-
сауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен 
туындады. адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың 
дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. 
Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың 
маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнің 
шектеулiлігі және уақыт жағынан шектеулiлігі. адамдардың 
қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында 
жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың 
миссиясы, бүгiнде қарап отырсақ, тереңде екен.
тiлдiң даму тарихы тұрғысынан келсек, тiл адам санасында- 
ғы ойды жарыққа шығарып, жазу ауызша айтылған ойды оп- 
тикалық құралдар арқылы визуалды дүниеге айналдырады. 
Сонда жазу тек қосалқы қызмет атқаратын құрал болып табыла-
ды. алдымен аса маңызды қатынас құралы болған – тiл ауызша 
түрде өмiр сүрдi. талай жүз жылдықтар бойы басқа қатынастың 
түрiн iздемедi. Сөйтiп, ойды жарыққа шығарудың және айнала-
сына қатынас жасаудың жалғыз түрi ауызша сөйлеу ғана бол-
ды. Жазу ендi тiлдiң осы екi қызметiнiң көшiрме түрi ретiнде, 
қосалқы қызмет атқаруға келгендей. Оны сызба ретiнде былай 
нобайлауға болады:
тiлдiк сана ⇒ тiл ⇒ ауызша сөйлеу

жазу
Үшінші мыңжылдықтағы жаңа технологиялар тасқыны, 
ғылыми-техникалық прогресс, ақпарат таратудағы жаңа көздер, 
қашықтық пен уақыт барьерін жеңетін жаңа техника түрлерін 
ойлап табудың жоғары деңгейінде келеді. Осымен байланыс-
ты ауызша коммуникацияның жетілген технологиялы бүгінгі 
кезеңінде жазудың адамзат өркениеті үшін атқарар қызметін 
парықтаудың қажеттілігі бар. а.Байтұрсынұлы 
Біздің заман 
– жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет