Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет130/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

гомогенді 
диглоссия 
деп тануға болады. XIX-XX ғасырларда гомогенді 
диглоссия жағдаятты ағарту ісін қалың бұқараға қарай бұру 
ісіне қиындық келтіре бастады. Жазу-сызуды аз ғана топтың 
емес, жалпы жұршылдық игілігіне айналдыру мақсаты тұрды. 
Жалпы жұртшылдықтың сөйлейтін тілінен, оқыған сауатты 
адамдар қолданатын кітаби тіл жүйесінің едәуір айырмасы 
болды. Осымен байланысты барлық ағартушылыр алдында екі 
түрлі бағыт тұрды. Бірі-бұрынғы кітаби тілдің жазу жүйесін 
өзгертпей –ақ халықтық тілдің элементтеріне кеңіне жол ашу; 
екіншісі-жазу-сызуды ауызша тілдің жүйесіне лайықтап жасау, 
яғни жазу-сызу жүйесін түбегейлі реформалау еді.
Қазақ қоғамындағы араб жазулы рухани дүниенің бәрін ‹‹та-
тарша››, «тілі шұбарланған», «таза емес», араб, парсы сөздерімен 
шұбарлаған деп, қазақтың ескі жазба тілі (кітаби тілі) деп атала-
тын рухани-мәдени феноменді халық тіліне қарсы қойды. Бірін 
даттап, екіншісін мақтады.
Қазақтың ескі кітаби тілінің құрылым жүйесінде кездесетін 
а) архаикалық белгілерді, ә) қарлұқ-ұйғыр, б) оғыз-қыпшақ, в) 
қыпшақ элементтерін, г) орфографиялық шарттылықтардың 
бәрін «татардікі», «қазақтікі» емес деп уағыздайды. Сол уағызға 
ерген кейбір қазақ оқығандары қазақтың ескі жазба тілін «татар-
щина», «арабщина» деп жағымсыз реңмен атады.
араб әліпбиіндегі әріптер дауыстыларды таңбалауға кедей 
болса, орыс әліпбиі дауыссыздарды таңбалауға жеткіліксіз бо-
лып шықты.
Бірақ сол үлгілердің бәріне ортақ кемшілік-қазақ тілі 
фонологиялық жүйесінің жыға танылмауымен байланысты еді. 
Сонымен, қазақ жазуына реформа жасаушылардың алдында не-
гізінен мынадай басты міндеттерді шешу күн тәртібінде тұрды: 
қазақ жазу-сызу қай тілдің графикалық формасы болуы керек?
Уәли Нұргелдінің
«Ұлттық рухтың ұлы тіні» кітабына 
жарияланған мақаласынан үзінді.
А.Байтұрсынов және қазақ тілінің фонологиясы
...а.Байтұрсынов мүлдем жаңа графика жасау мәселесін 
көтерген жоқ. Ол араб графикасын қазақ тілі дыбыс жүйесінің 
статикалық және динамикалық ерекшеліктеріне сәйкес реформа-
ландыру мәселесін көтерді. Яғни, қазақ жазуының графикалық 
базасы баяғы – арабша, бірақ бұған жаңа көзқарас ендірілу 
арқылы әріп пен дыбыстың қарым қатынасы сингармофоне-
маграфия ұғымына негізделіп, қазақ әліпбиі мен орфографиясы 
қазақ сөйлесім процесінің барлық қасиеттеріне бейімделеді. 
алфавитке (қолданылып жүрген әріптер негізінде) қосымша 
таңбалар ендіріледі. Олардың қазақ көзімен қабылдануы дәстүрлі 
(арабша) болуы керек. Қазақ алфавиті мен қазақ орфография-
сын жасағанда осындай шарттарды медеу тұту міндеттілігінің 
себебі – араб жазуының қазақ даласына дінмен (исламмен) 
бірге келгендігінде. Жазу және дін халықтың сана сезімінде 
бөлшектенбейтін бір бүтін ұғым, сондықтан қазақ еліне бүгінде 
басқа графиканы немесе басқа графиканың элементтерін енді-
ру мүмкін емес. Сол себептен ең объективті, ең ұтымды шешім 
– араб графикасын қазақ дыбыс қорының қасиеттеріне бейім-
деп, қазақ алфавиті мен қазақ орфографиясын жасау. мұндай 
жаңашыл, үлкен жобаға негіз болған ғылыми жағдайлар мына-
лар еді:
1. Қазақ тілінде керекті нақты әріптер санын анықтау үшін 
қазақ индивидінің ойындағы (басындағы, сана-сезіміндегі, ой-
лау қабылетіндегі) сингармофонемалардың (и.а.Бодуэн де 
Куртенэнің пікірі бойынша психофонемалардың) психологиялық 
бейнелерін (психобейнелерін) және сол сингармофонемалардың 
сингармопозициялық түрлерін нақты анықтау.
2. Сингармофонема – сигармодыбыстар қоры, сөйлесім (ды-
бысталым) процесінде сингармопозициялық түрлерінде дыбыс-
талынады (реализация- ланады).
3. Сөз құрамында дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстарға 
тәуелді: егер дауысты дыбыстар сингарможуан болса, онда 
дауыссыз дыбыстар да сингарможуан болады; егер дауыс-
ты дыбыстар сингарможіңішке болса, дауыссыз дыбыстар да 
сингарможіңішке болады.
4. Сингарможіңішке дыбыстың жіңішкелігін арнайы таңба 
– дәйекшемен белгілеу. Дәйекше сөздің алдында, бірінші әріптің 
биіктігінің деңгейінде жайғасады. Дәйекше сөз құрамындағы да-
уысты және дауыссыз дыбыстардың және сөздің толық жіңішке 
дыбысталуын білдіреді.
5. Жаңа алфавит құрамына араб графикасынан басқа 
графикалардың таңбаларын, таңбалау элементтерін ендірмеу.
6. Сингармофонемалық алфавитке араб графикасының не-
гізінде жасалған жаңа әріптерді ендіру және араб жазуына тән 


202
203
қосымша таңбаларды қолдану: нүкте, нүктелер, үтір; тура, 
имек, дөңгелек, т.б. сызықтар. Қосымша таңбалар әріптің негізгі 
таңбасының үстінен, астынан, сол жағынан немесе оң жағынан 
орын алады.
7. араб тілінде артикуляциялық және акустикалық экви-
валенттері жоқ қазақ сингармофонемаларын жазуда таңбалау 
үшін араб графикасының негізінде жасалған жаңа әріптерді 
қолдану.
8. Қазақ тілінде артикуляциялық және акустикалық эквива-
ленттері жоқ араб дыбыстарының (фонемаларының) таңбаларын 
сингармофонемалық алфавитте пайдаланбау.
9. араб графикасының әрбірі – таңбалар қоры. Сөз 
құрамындағы позициясына байланысты бір әріптің негіз-
гі көрінісі (сурет бейнесі) өзінің бірнеше варианттарында 
(графикопозициялық түрлерінде, нұсқаларында) жазылады.
10. түсініктілік. 
11. Жеңілден – қиынға.
12. Белгіліден – белгісізге.
алфавит пен орфографияны сингармофонологиялық 
көзқарастың негізінде жасау қазақ тілі әрпі санының үнемделуіне 
(көп болмауына) себеп болды. Яғни а.Байтұрсынов жасаған 
қазақ тілі алфавитінің құрамындағы әріптер саны алдымен 
24 таңбадан және 1 дәйекшеден құрастырылады. Қазақтың 
сингармоникалық сөйлесімінің барлық қасиеттерін жазылым 
процесінде толық қамту үшін осы 24 әріптен және 1 дәйекшеден 
тұратын алфавитті таңбалар саны жеткілікті болды.
...а.Байтұрсыновтың пікірі бойынша дүниеге келетін 
қазақтың жаңа графикасы, әліпбиі және орфографиясы қазақ 
тілі дыбыс қорының сөйлесім процесіндегі сингармониялық 
қасиеттерін дәл көрсететін болу керек. Бұл ойды іске асыру 
үшін, біріншіден, қазақ индивидінің басындағы сингармофо-
немалар психобейнелерінің санын, екіншіден, оларды жазы-
лымда белгілейтін нақты таңбалардың санын анықтау керек 
еді. а.Байтұрсыновтың бұл көзқарасының негізін іздейтін 
болсақ, онда әліпби авторының алфавит пен орфографияны 
жасаудың жоспарын түзгенінде-ақ, фонологияның маңызды 
принципі – әр фонемаға – әріп принципін медеу тұтқандығы 
айқын байқалады. Яғни а.Байтұрсыновтың бұл мәселені ше-
шудегі негізгі ғылыми бағыты – жеке сингармофонемаға – жеке 
әріп (жеке таңба) түсінігі еді. Осындай биік ғылыми көзқарас 
а.Байтұрсыновтың сингармоалфавит пен сингармоорфогра-
фияны жасау үшін тілді ұзақ әрі тыңғылықты зерттеп дайын-
дау барысында оның ұтымды жолдарын қарастырумен қатар, 
қазақ (жалпы түркі) тілі әлемінің өмір сүру дағдысына бейімдей 
түскендігін дәлелдейді. Сингармофонологиялық көзқарасты не-
гізге алғандықтан тілдегі сингармофонемалар санын, олардың 
позициялық сингармотүрлерін анықтауға, сингармофонема-
ны – сингармодыбыстар қоры деп түсінуге, сол дыбыстар 
қорын (фонеманы) бір әріппен таңбалауға мүмкіндік туды. Бұл 
жағдай жазылымда бірнеше сингармофонемаларды бір әріппен 
белгілеуден және бір сингармофонеманы бірнеше әріппен 
таңбалаудан құтылу мүмкіндігін дүниеге әкелді. Консонантизм 
құрамында а.Байтұрсынов сингармоезужан дыбысталатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет