Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


> ,  б)  фонемасынан сөз аяқталмайтыны



Pdf көрінісі
бет56/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

 >

б) <г> фонемасынан сөз аяқталмайтыны 
<үш күндік жолдың
>
(тексеру үшін сөзді әлді позицияға апарып көреміз). 
Бірақ қазақ жазуында қосымшалардың фонетикалық при-
нциппен жазылуы дауыссыз дыбыстардың негізгі реңкін 
анықтауға кесірін тигізеді. мысалы, емледе 
қаспыз, аразбыз 
де-
генде ассимиляция таңбаланған деп қорытады проф. м.Жүсіпов 
(Джусупов м. 1995:72). 
Сол сияқты келесі синтагманы естігенде фонологиялық 
елек позициялық өзгерістен басқасын екшеп, сүзіп қояды: 
<
соңғұгүнүнде
>. Фонема тізбегі жазба тілге көшу үшін фоне-
ма графемаға айналуы керек. Яғни жазба тілжүйесіндегі са-
наулы әріп таңбаларына көшу әдістері қарастырылады. Бірақ 
жазба тілнормасы графемаларды тәртіпке салады. емле ере-
жесі бойынша, семантикалық бірліктер мәтінде бөлек жазыла-
ды: <
соңғұ гүнүнде
>.
мұның позициялық өзгеріс екенін білу 
үшін әлді позицияға апарып тексереміз: <
соңғылары
>.
алайда 
қазақ тілінде іі-буындағы еріндік дауыстылар үшін әлді по-
зиция дүдәмал: <
соңғұ>, <өзөн>.
Ғалымдардың айтуынша
“Шындығында дауыстыларда фонологиялық мән аз” (леонтьев 
а.а. 1963). “Дауыссыздың қасындағы дауысты сөз мағынасын 
айыратын қызметінен гөрі дауыссызбен бірігіп, сөз жасайтын 
қызметте келген» (трубецкой н.С. 1960: 107). Сөздің этимоло-
гиясын тану үшін дауыстыларын алып тастау керек (Жұбанов 
Қ. 1999: 55). 
Дегенмен қосымша жалғау тәсілі арқылы [соңғұ]+[лары] 
соңғы буында езулік дауысты тұрғанын байқаймыз. Сөйтіп, 
синтагманың қалған бөлігін осылай талдай отырып, /
үш күндік 
жолдың соңғы күнінде шәкірт бала барын салды
/ деген тұрпат 
аламыз. 
Қазақ тіліндегі гиперфонемалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет