Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет78/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

я, ю 
әріптерін алайық, 
ә 
дыбысын 
соңғы буынға жазбайық дейді. Кейін 1951ж. “Қазақ тілі сингар-
монизм заңы құрып барады деген пікірлер көбейді” дейді.
Сонымен, Қ.Жұбанов зерттеулерінен бастап, қазақ тілін-
дегі үндесім заңы негізінен тек бір буынға тарайтын, ал дені 
түбір мен қосымша арасын бір бүтін етіп ұстап тұратын құрсау 
мағынасында игерілді. 1929ж. латын жазуы емлесі ережесінде 
де, 1940ж. орыс графикасына негізделген қазақ жазуының ем-
лесінде де түбір сөздің басқы буыны жуан болса, сөз бүтіндей 
жуан, … деп емес, түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша 
да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады деп коди-
фикацияланды. тек бұл заңға бағынбайтын 
нікі, қой, кер, паз 
және көмектес септігі жалғаулары болып саналды. 
Үндесім заңы туралы қазіргі көзқарастар. 
Қазақ тілінің 
дыбыстық қоры акцентті-фонологиялық (Қ.Жұбанов) теория 
мен сингармонологиялық (а.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы) 
теория негізінде жарыса анықталғанмен, а.Байтұрсынұлының 
үндесім заңына табан тіреген төте жазуынан фонемаға (дыбысқа) 
негізделген латын, одан кейін орыс графикасына көшуіміз 
тіліміздің басты заңын – үндесім заңын екінші дәрежелі қосалқы 
құбылыс қатарына тастады. Қазақ тіліндегі екпін құбылысының 
күмәнділігі проф. Ә.Жүнісбектің бұл құбылысқа басқа қырынан 
қарауына әкелді.
Профессор Ә.Жүнісбектің үндесім заңын славян, роман, 
герман тілдеріндегі екпін қызметі мен вьетнам, корей, жапон, 
қытай тілдеріндегі тон қызметімен деңгейлес келетін сөздің 
дыбыстық негізін құраушы, бір бүтін етуші құбылыс деп стату-
сын анықтағаннан бері қазақ тіліндегі сөз екпініне сақтықпен 
қаралатын болды. Өйткені екпіннің барлық қызметін сингармо-
низм заңы атқарады. ал тілдегі ең кіші дыбыстық бірлік фонема 
емес, сингармема болып табылады. Сөйтіп, фонеманың консти-
тутивті, яғни сөзтанымдық қызметін сингармема атқарады. Сөзді 
бір бүтін етіп “цементтеп” отырған екпін емес, сингармонизм 
құбылысы болды. Ол – сөздегі дауыстылар мен дауыссыздардың 
тең дәрежеде өзара үндесіп, үйлесіп келуі. Сөйтіп, Ә.Жүнісбек 
Қ.Кемеңгерұлының сингармонизмді дауыстылар мен дауыссыз-
дар үндесімі деген пікірін қалыпқа келтіріп, ғылыми түрде не-
гіздеді.
Проф. Ә.Жүнісбек еңбектерінде үндесім заңы былай 
анықталады. “…Қазақ тіліндегі үндесім құбылысы дауыс-
ты дыбыстарды да, дауыссыз дыбыстарды бірдей қамтитын 
болғандықтан қай сингармониялық варианттың негізгі екенін 
айту қиын”. “Сингармонизм дауыстылардың тембрін өзгертпейді, 
қайта сақтап отырады, сөзде қанша дауысты болса да, ауытқу 


138
139
болмайды”. “Қазақ сөзі дыбыс құрамымен ғана емес, үндесім 
типімен де ажыратылады”. Сондықтан қазақ тілінде екпін жоқ, 
оның қызметін үндесім заңы атқарады, тілде тек ырғақтық екпін 
бар деді зерттеуші. Қазақ тіліндегі сингармониялық талдау 
тілдің буын тіл екенін көрсетті, ал буын сегменттері төрт түрлі 
тембрді құрайды дейді.
Ғалым қазақ тілінде жуан, жіңішке болатын жеке дыбыс емес, 
буын деп, Қ.Жұбановтың қазақ тілі буыншыл тіл деген пікірін 
жаңғыртты. Бірақ буын үндесімі сөз үндесімін құрайды деді.
Сонымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі ең кіші бір-
лік, фонема емес, сингармема, яғни сингармоварианттар бол-
ды. Сөздегі дыбыстар дауысты, дауыссызына қарамай бірыңғай 
жуан, не бірыңғай жіңішке, не бірыңғай жуан еріндік, не 
бірыңғай жіңішке еріндік екені анықталды. Бұл тұжырым 
өзге ғалымдардың еңбегінде қолдау таба бастады. Бірақ 
м.Жүсіпұлының өз ойымен айтқанда қазақ тілінің дыбыстық 
қорын анықтаудың үшінші кезеңі сингармофонологиялық бағыт 
(өкілдері а.Байтұрсынұлы, Х.Досмұханбедұлы, м.Жүсіпұлы) 
болды да, олар екпіннің қызметін мүлде жоққа шығармады, тек 
оны сингармонизмге қарағанда әлсіз сипатта екенін анықтады. 
Жуан дауыссыздар дыбыстық құрамның негізін құрайды, өйткені 
олар жеке тұрып дыбысталады деді. ал үндесім құбылысын дау-
ысты дыбыс таңбалары арқылы белгілеудің мәні бар. м.Жүсіпов 
қазақ сөзінің кіші бірлігін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет