3
137
жазудың қажеті жоқ, халықаралық терминдердің жазылуы
бұл заңды бұза алады деген ойын автор ашық айтқан. Сонда
автордың пікірінше, кірме сөздің түбіріне жалғанатын қосымша
ғана үндесімге бағыну керек болып шығады. автор зерттеу-
лерінен үндесім құбылысын түсіндіргенде түбірдің соңғы буы-
ны қандай болса, қосымша да соған үндес жалғанады деген ой
қайталанып отырады. Сөйтіп, ғалым сингармонизм заңына мы-
надай анықтама береді: “сөз мүшелерін матастырып ұстайтын
арқанның ең күштісі түбір мен қосымша мүшелерінің үндесуі”.
енді ғалым үндесім құбылысы тек бір буын шегіне ғана та-
райды деп түсіндірген соң, сонда сөзді бір бүтін етіп тұрған
просодика қызметін не нәрсе атқарады деген сауалға жауап ізде-
ген. Сөйтіп, тізбекті мәтін ішіндегі сөздің жігін екпін айырады
деп тоқтайды. мысалы: [жас ат], [сен жасат]. “Сөз-сөздің жігі-
не дауыс тоқтай бермейді. Бір сөздің буындары бір-ақ екпінге
қарайды, мысалы:
суалмаған, су алмаған, су ал, маған
дегенде
соңғысында ғана дауыс үзіледі дейді” ғалым. “Сөздің әр буы-
ны жуан да
жіңішке де бола алатыны сияқты, күшті де, әлсіз
де болып айтылады, мысалы,
мектеп, мектептер, мектеп
-
тері
”. “Дәйек қосалқылардың бәрінде де бір-бір екпін болады
да, дәйек қосалқысы бар түбір сөз бен қосымшалы сөздің екпіні
азайып, көбіне мүлде жоғалып кетеді:
тым жақсы, қып-қызыл.
аяқ қосалқыларда екпін болмайды:
жазғанмен. Жаза ғой,
сияқты, секілді
-лерге қосымша қосылса,
екпін пайда болады
(
сияқтылар
). Қайсыбір қосымшалар екпінді өзіне жолатпайды
да, сонан екпін аяққа бара алмай тоқтап қалады (мын, сың)”.
Бұдан жаңа латын жазуымен бірге акцентті-фонологиялық
бағыттың жазуда бір фонема бір әріппен таңбаланады, сөз екпін
арқылы айырылады деген фонематикалық принциптің қазақ
жазуындағы іргетасын Қ.Жұбанов қалағанын аңғарамыз.
ірі теоретиктердің көзқарастары кейінгі буын зерттеушілердің
пікірлеріне әсерін тигізбей қойған жоқ. мысалы, 1940ж.
м.Балақаев: “түркі системасындағы басқа тілдердің, қазақ
тілінің фактілеріне қарағанда дауысты дыбыстардың үндесуі
біртіндеп құрып барады. Сөйтіп, үндестік заңын тежеген бола-
мыз” деп, орыс тілінен енген сөздерді өзгертпей жазайық, орыс
орфографиясына жақындатып
Достарыңызбен бөлісу: