148
149
қарағанда езу дауыстылардың жиі қолданылғанын тіл фактілері
көрсетіп отыр.
Сөйтіп, қазақ жазуында ерін үндесімінің таңбаланбау сипа-
ты уәжсіз емес. тіліміздің сингармонизмге негізделген қасиеті,
оның екі бірдей түрін негізгі жетекші етіп ала алмауға тиіс:
біреуі басты, екіншісі қосалқы болуға керекті.
Сондықтан тіл
үндестігінің жазуда бейнеленіп, ерін үндестігінің ауызша тіл ка-
тегориясы болып табылуы жөн.
Қазақ жазуы фонематикалық екенін естен шығармаса, сау-
ат ашу ісінде әріппен қатар оның дыбыстық мәндерін үйретсе,
л.в.Щерба ескерткендей, балаға алғашқы бір жыл ауызша тілді,
дыбыстарды меңгертсе, сосын оның жазудағы бейнесін үйретсе,
қысқасы, қазақ тілінің оқыту әдістемесінде тіл үндестігінің орны
дұрыс көрсетілсе ерін үндестігінің жоғалуы мүмкін емес.
Оқуға арналған материал
...Сингармонизм заңының екінші жағы –
ерін үндесімі.
Бұл –
бірінші буындағы ерін дауыстылардың әсерінен (
о, ө, ұ, ү
) екін-
ші-үшінші буындағы езуліктердің (
ы, і, е
) еріндікке айналып,
ұқсап, жуықтап айтылуы. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі қырғыз,
алтай, тува тілдеріндегідей жаппай қамтитын құбылыс емес екені
белгілі. Сондықтан ерін үндестігі жазба тілде көрініс таппаған.
Қазақ тіліндегі ерін үндестігі – 2-3 буынға дейін сақталатын, ары
қарай сөз неше буыннан тұрса да соңында езулікпен айтылатын
құбылыс. ерін үндестігінің 2-3
буынға дейін анық естілетін,
айтылатын тұсы ашық буын жағдайында. мысалы:
көбелек –
көбөлөк, құбылыс – құб
ү
лұс, сүйініш – сүй
ү
нүш, бөдене – бөдөнө,
бұрылыс – бұр
ү
лұс, бүлініс – бүл
ү
нүс, көпене – көпөнө, күйініш
– күй
ү
нүш, құйылыс – құй
ұ
лұс.
Жалпы, ерін дауыстыларын еріндік реңкінің күштісінен
әлсізіне қарай орналастырсақ, былай болады:
Достарыңызбен бөлісу: