158
159
тарихи қалыптасуы жағынан кеш пайда болған ерін үндестігін
таңбалауды мақсат тұтпаған графика болып табылады. Үндесім
заңы дауыссыздардың тембрлік әуеніне негізделген (Крамски,
м.маллова, в.томсен, а.м.Щербак), ал дауыстылар үндесімі
– осы арқылы шыққан екіншілік заң дейміз. алғашқы әліпби
түзушілер санасында дауыссыз дыбыс қазіргі түсініктен өзгеше,
ерін, езу, тіл мүшелеріне сай тембрлік әуен қоса ассоциацияла-
нып отырған дыбыс типі болғанын айтқымыз келеді. тілдің даму
барысында жуан-жіңішке, езулік-еріндік әуен қысқа айтылатын
сына дыбыс тыңдаушы санасына қабылдана бастайды. Сына да-
уысты таңбсы әсіресе дауыссыз бен үнділер арасына салынған.
Қыстырынды дауыстылардың бүкіл
руникалық жазбаларға
тән екенін айтады Э.а.макаев. алғашында дауыссыздың тем-
бріне ғана үйлескен, фонемалық жүктемесі жоқ дыбыс кейін
дифференциацияланған. Оған енисей, талас жазуларында сирек
таңбаланған дауыстылардың Орхон жазуында тұрақты бейнеле-
нуі дәлел. Дауыстылардың графикалық бейнесі арқылы түркі
тілдеріндегі инвариант дауыстыны да, сына дауысты және одан
өрбіген дауыстылардың вариант, вариацияларын жобалауға бо-
лады.
енді консонанттар жүйесінің
графемалары және графика-
сы туралы қысқаша тоқталып өтеміз. Жазуда <б>, <ғ>, <д>,
<й>, <қ>, <л>, <н>, <р>, <с>, <т> 10 дауыссызы 20-дан астам
әріппен 20 сингармофонеманы таңбалайды. Оның ішінде 3-
тен артық әрпі бар дыбыстар <б’>, <ғ>, <д>, <қ>, <к> фоне-
малары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: