Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет114/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Е.Д.Поливанов
«новая казак-киргизская (Байтурсыновская) орфография»деген 
мақаласында былай дейді: «Эту последную форму, которую при-
няла казак-киргизская графика в 1924 году я во всяком случае 
считаю уже не нуждающейся в поправлениях и представляющей 
последний шаг в историческом формировании национальной 
графики, которым с полным могут гордиться киргизские деяте-
ли просвещение-создатели реформы, как крупным культурным 
завоеваниям»деген. 
Т.Шонанов
Байтұрсын әліпбиінің маңызын былай сипат-
тады: «Болашақ ұрпақты молдалардың дүмше дым білмес-
тігінен, миссионерлердің жаңашылдығынан құтқару үшін 
ахаң жалғыз күресті. Оның жаңа қазақ алфавитін жасауы іс 
жүзіндегі ішкі және сыртқы жаулармен күресінің көрінісі бо-
латын, біздің тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып, 
дыбыс үндестігінің заңдылықтары бойынша жаңа әріптер бел-
гілеп, ана тілінің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты. 
Ол қазақ тілінде қолданылмайтын мүлдем қажетсіз 12 араб 
әрпін әліппеден алып тастады. Бұл жазу емлесіндегі көптеген 
қиыншылықтарды жойды. Сондықтан да ахметтің жаңа алфа-
виті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеумізге зор пайда-
сын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тілдің таза сақталуына 
мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемді мәдениетпен арласа 
түсу жолын жеңілдете түсті».


184
185
М.Дулатов
: «араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ 
қалай өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. араб әріптерінің 
14 ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат 
болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, 
оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ, 
ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды 
өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін 
сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып 
өзгерткен... .... Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық 
деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ емлесін» мұсылман 
медреселерінде, орыс школдарындағы шәкірттер, учитель-
дер, мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі былтырғы «Қазақ» 
нөмірлерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, ин-
шалла мұнан кейін артпаса кемімес деген үміт зор» деді.
Қ.Жұбанов
: “... Бұл жүйе қазақ тілінің ерекшелігіне әбден 
лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмай-
ды), қазіргі алған жаңа әліпбиімізге де өте қолайлы, өйткені араб 
жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл 
сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді” деген болатын.
ал проф. а.Байтұрсынұлы әліпбиінің басқа да ғалымдар- 
дың еңбегіне арқау болғанын алғаш дәлелдеген ғалым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет