М.Жүсіпұлы : «а.Байтұрсынұлы жасаған сингарфмоалфа-
вит пен сингармоорфографияның принциптерін 30-40 жылдан
соң аҚШ-тың ғұлама ғалымы р.О.Якобсон ұсынған орфогра-
фия принциптерімен салыстырып, а.а.реформатскийдің қазақ
жазуының жобасының ұтымды екендігін сүйіспеншілікпен
айтқанын келтіреді: «Жазуда әріптердің жуан я жіңішке екен-
дігін таңбалайтын р.О.Якобсон ұсынған графикалық әдіс,
ғылыми маңызы биік қазақ орфографиясының талантты жоба-
сына өте ұқсайды. Қазақ тілінің орфографиясының жобасында
сөздің жуан, жіңішкелігін белгілейтін таңба (дәйекші) сөздің
құрамындағы әріптермен бірге емес, сөздің «сыртында» тұрады.
р.О.Якобсон жасаған ұсыныс та дәл осы әдістің өзі. Бірақ бұл
жағдайда қосымша таңба сөздің «сыртында» емес, сөздің «ішін-
де» дауыссыз әріптермен бірге жазылып, сөздің жуан я жіңішке
екендігін білдіріп тұрады». Және н.Ф.Яковлевтің әліпби
жасаудағы математикалық формуласына негіз болған басты при-
нциптер тікелей а.Байтұрсынұлының ғылыми еңбегімен байла-
нысты екенін, а.Байтұрсынұлының 1912 жылы қазақ тілінде
жарияланған еңбектері мен н.Ф.Яковлевтің 1926 жылы жазы-
лып, 1928 жылы жарияланған мақаласында ұқсайтын пікірлер,
ғылыми тұжырымдардың кездесетінін былай қатар сөйлете оты-
рып, дәлелдейді:
1)
А.Байтұрсынұлы: «… дауысты дыбыстар жуан айтылса
олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы,
дауысты дыбыстар жіңішке айтылса дауыссыз дыбыстар да
жіңішке айтылмақшы».
Н.Ф.Яковлев: «… твердость гласных в этих примерах всегда
сопровождается твердостью приведенных согласных и мягкость
гласных звуков – мягкостью согласных».
2)
А.Байтұрсынұлы: «… сөз екі түрлі бір түрі жуан, екін-
ші түрі жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан
болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жіңішке бо-
лады. Жалғыз түрлі айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бір ақ
түріне кіреді».