10-дәріс. Төте жазудың (Байтұрсынұлы әліпбиінің)
әліпби құрамы мен емлесі
а.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу-
мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман.
алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүнияның бір
шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан
сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да
артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу
қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу
сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білу-
ге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне бірі
қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек. Һәр жұрттың
түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса,
тілінде һәм сондай басқалық болады. Һәр жұрт баласын әуелі өз
тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін
білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін
басқаша оқыта бастайды». «араб әліппесі қазақ арасына дінмен
бірге жайылған. Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазаққа
басқа әліппе алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң, араб харіп-
терін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек» деді.
а.Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1 дәйекше болды. ал
дыбыстың саны, ғалымның өзі айтқандай – 43. Графеманың бе-
сеуі (
а, о, ұ, ы, е
) дауыстының, 17-і (
б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ,
қ, к, г, ң, л, м, н
) дауыссыздың, 2-і (
у, й
) жарты дауыстының
таңбасы. ал фонеманың 9-ы (
а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е
) дауысты, 34-і
(
б, б
’
, д, д
’
, п, п
’
, т, т
’
, ж, ж
’
, ш, ш
’
, р, р
’
, з, з
’
, с, с
’
Достарыңызбен бөлісу: |