Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет101/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   236
<а, е (э), ә> 
графемасында ғана әріп варианты көп болған,
 
ал
 ы,
о, ө
графемалары бір таңбалы болып келеді.
 
Бұдан негізгі
инвариант дауыстының 
(а)
вариант, вариациялары 
(э,
е,
ә,
әе,
і)
басқа дауыстыларға қарағанда артық болғанын графика арқылы
да көруге болады деп ойлаймыз. Көне түркі жазуы әсіресе 
қ,
к
фонемаларының жуан-жіңішке,
 
еріндік-езулік реңктерін
таңбалаған: [қ], [қ

], [к], [к

]. Бұндай графика әсіресе Енисей,
Талас ескерткіштеріне тән болып келеді.
Сонымен, көне түркі жазуы тіл үндестігіне табан тіреген,
156
157


тарихи қалыптасуы жағынан кеш пайда болған ерін үндестігін
таңбалауды мақсат тұтпаған графика болып табылады. Үндесім
заңы дауыссыздардың тембрлік әуеніне негізделген (Крамски,
М.Маллова, В.Томсен, А.М.Щербак), ал дауыстылар үндесімі
– осы арқылы шыққан екіншілік заң дейміз. Алғашқы әліпби
түзушілер санасында дауыссыз дыбыс қазіргі түсініктен
өзгеше, ерін, езу, тіл мүшелеріне сай тембрлік әуен қоса
ассоциацияла-нып отырған дыбыс типі болғанын айтқымыз
келеді. Тілдің даму барысында жуан-жіңішке, езулік-еріндік
әуен қысқа айтылатын сына дыбыс тыңдаушы санасына
қабылдана бастайды. Сына да-уысты таңбсы әсіресе дауыссыз
бен үнділер арасына салынған. Қыстырынды дауыстылардың
бүкіл руникалық жазбаларға тән екенін айтады Э.А.Макаев.
Алғашында дауыссыздың тем-бріне ғана үйлескен, фонемалық
жүктемесі жоқ дыбыс кейін дифференциацияланған. Оған
Енисей, Талас жазуларында сирек таңбаланған дауыстылардың
Орхон жазуында тұрақты бейнеле-нуі дәлел. Дауыстылардың
графикалық бейнесі арқылы түркі тілдеріндегі инвариант
дауыстыны да, сына дауысты және одан өрбіген
дауыстылардың вариант, вариацияларын жобалауға бо-лады.
Енді консонанттар жүйесінің графемалары және графика-сы
туралы қысқаша тоқталып өтеміз. Жазуда <б>, <ғ>, <д>, <й>,
<қ>, <л>, <н>, <р>, <с>, <т> 10 дауыссызы 20-дан астам
әріппен 20 сингармофонеманы таңбалайды. Оның ішінде 3-тен
артық әрпі бар дыбыстар <б’>, <ғ>, <д>, <қ>, <к> фоне-малары
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет