ө-ү, о-у графемасы
<о>, <ө> фонемасының ор-
нына жұмсалған да сөз басында және І буында ғана жазылған, ал
<у>, <ү> фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясын-
да кездескен. Мысалы,
чөлг (шөлдік, күнтүз (күндіз), ілгерү (ілгерү), йағру .
Сонда І буындағы
<ө>, <о> фонемаларының кейінгі буын-ды
еріндікке айналдыра алмауының, ал
<ү>, <ұ> фонемалары-нан
кейінгі буында да
<ү>, <ұ> сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады?
Жалпы, зерттеушілердің барлығы жазбаларда тіл үндестігі жаппай
сақталатынын, тіпті жуан езулік пен жуан еріндік қатар келе
беретінін (
алтун, азуқы ), ал ерін үндестігінің ауытқуы көп екенін
мақұлдайды (
көңүл-көңл, отұз-отз т.б.). Еріндік күші де қазіргі
еріндік фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ.Айдаров көне
түркі жазуында
<о> кейінгі буын-да
<а> <у>- ға сәйкессе,
<ө> – <ү> – ге, <е>- ге сәйкесетінін көрсеткен, яғни еріндік сапасының
күштілігі
ө→ү→о→ұ қатынасында. В.Томсен: “это буквенная
письменность, в кото-рой те или иные знаки для одного звука
чередуются в зависимос-ти от того, какой знак за ним следует или
стоит впереди” деген. И.Н.Кобешавидзе: “Рунический алфавит
замечателен тем, что он в большой мере отражает систему
дифференциальных при-знаков фонем, нежели самых
фонетических единиц” дей оты-рып, морфонологиялық негізге
құрылған деп анықтайды. Сонда <о>-дан басқа еріндіктердің
өзінен кейінгі дауыстыларды да өзіне ұқсатып алатынын жүйелі
түрде таңбаламағанына қарап, көне түркі жазуы диалектілік
ерекшеліктерді де, фонетикалық
алмасуды да таңбалап отырған фонетикалық жазу болды ма де-
ген ойға қаламыз.
90-жылдардың ортасында В.Г.Гузев В.Томсеннің екіойлы
болғанына қарап, көне түркі жазуын буын жазуы деген шешімге
келген. Себебі графика түркілердің төл жаңалығы болса, олар да-
уыстылар үндестігін беру керек еді, ал басқа елдің графикасынан
алынды десек, <й>-дің жуан-жіңішке варианты (комбинаторлық
түрі) таңбаланып тұр дей отырып, дауыссыз таңбасы дауыс-ты-
дауыссыз тіркесін береді. Оған себеп
к фонемасының [ак], [әк/ек],
[ок/ук], [өк/үк], [ук] деген буындарды таңбалайтыны дейді. Және
қосар әріптердің
ант, алт, арт сөздерін беретінін айтты.
Ғалымдар көне түркі жазуы әріп, не буын арқылы оқуға
келмейтінін, сөзді тұтас “көре отырып”, мазмұны арқылы түркі
үндесіміне салып оқу керектігін айтады. Және көп жағдайда да-
уыстыларды белгілеу хабарды таңбалаушы мен оны дыбыстық
тілге кодтаушы екі жақтың аялық білімі бір деңгейде, ситуация
туралы екі жақ та хабардар болуына байланысты болған. Әрі ад-
ресат түркі диалектісінің көптігінен дауыстылардың жергілікті
ерекшелікке байланысты түрленімін осы тәсілмен шешкен дей-
міз. Осы орайда академик Ә.Қайдардың мына сөзі еске түседі:
“Сол кездегі мемлекет құрамында болған тайпалардың (түркі,
қарлұқ, түргеш, қырғыз, оғұз, тардұш, татабы, шұп, кенгерес,
соғды, тоғұз-оғұз, оноқ) тілі өзгермей, бір орында тұрмауы, әр
кезде ру-тайпа аймағында жазылған бұл ескерткіштер тілін жал-
пы, алып қарасақ, ол әлі бір тұтас болып, қалыптаса қоймаған
түркі ұлыстары мен тайпа бірлестіктерінің өзара айырмашылығы
бар тіл еді, жергілікті ерекшеліктер сақталған тіл еді, аударған
ғалымның өз тұсынан қосып алғандары да аз емес еді”.
Сөйтіп, көне түркі жазуы көне түркі тілдерінің фонетикалық
және фонологиялық белгілерін анықтап алуға мүмкіндік береді.
Орхон Енисей, Талас ескерткіштері дауысты таңбаларының