аллограф ретінде, ал әріптің баспа, жазба түрі, кіші, бас әріп,
оның аллографы болып қарастырылады. С.М.Кузьмина: “Бас,
кiшi әрiп дегендердiң фонемаграфикалық
жағынан ешқандай
айырмашылығы жоқ. Оларды тек идеографикалық идея
жасаған. Бас әрiп жалқы есiмдердi, немiс тiлiнде зат есiмдердi,
сөйлем басын, мәтiн тарауларын,
бөлiмдердiң аттарын
белгiлегенде ке-рек. Және қысқартуларда қолайлы” дейдi.
Бiздiң зерттеулерiмiзде: әрiп – графеманың реализациясы,
жазудың тұрпат межесi. Бодуэн де Куртенэнiң әрiптер әртүрлi
болғанмен, мазмұны бiреу болып, өзгермеуiн графема ұғымына
телiген. Ал әрiп – код таңбасы. Яғни ғалым әріпті таңба деп
оның мазмұн межесі фонема, тұрпат межесі әріп бейнесі дейді.
Таңба сол таңбаның тұрпаты болып шығады. Біздің ойымызша,
әріп таңба емес, әріп – таңбаның бір жағы ғана, сонда графема
– жазба тілдің кіші бірлігі екі жақты сипаты бар, мазмұн межесі
фонема, тұрпат межесі әріп болып табылады.
Ғалымдар әрiптiң инвентарын анықтау үшiн оның
дифферен-циалды белгiлерiн шығаруға тырысады (Волоцкая,
Молошная, Николаева). Мысалы, тiк сызықты әрiптер, көлбеу
сызықты әрiптер, дөңгелек тұрпатты әрiптер т.б. Одан гөрі
төл
әріп,
кір-ме әріп, қосақ әріп
деген таптастырулардың графика
мен әліпби
сапасын анықтауда пайдасы бар.
Т.А.Амирова әрiп – графеманың нақты реализациясы, фоне-ма
ауызша тілдің, графема жазба тілдің – тұрпат межесі дей оты-рып,
графема әлiпбидегi әрiп санына қарағанда көп дейді. Автор
ағылшын тiлiнде 26 әрiп 104 графемалық символды құрайды,
оның iшiнде төрт элементке дейiн графикалық символдар кезде-
седi дейдi, оларға:
Достарыңызбен бөлісу: