Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет90/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

о,
у
дыбысына екпін түскен сөздер қазақ тілі-
не
очередь=>өшірет=>шірет,
стол=>үстел,
утюг=>үтік,
русь=>орыс, хамут=>қамыт, чугун=>шөген, пуховый
=>бөкебай, плюш =>пүліш, самовар=>самауыр, мұнанай=>
меновой 
болып игерілген.
Ал араб-парсы тілдерінен енген 
ораза
(руза),
орамал
(румал)
сөздерінде екінші буындағы еріндік фонема басқы позицияға
ауысқан.
Сөйлегенде [үт
о
’үк
о
’], [орус] т.с.с. болып дыбысталатын
сөздерді мұндай орфограммада заңдастыру 1929ж. емле конфе-
ренциясында қабылданған еді. Себебі мұнда І-буындағы ерін-
дік әсерінен келесі буындағы дауыстының еріндікке айналатын
фонетикалық алмасу тұрғанын ғалымдар байқады. Өйткені
мазмұн, мақұл, марқұм, мәжнүн, мәжбүр 
сияқты екінші канал
арқылы енген сөздердегі еріндіктің таңбалануында І-буынның
әсері жоқ, фонеманың негізгі реңкі берілген.
Алтыншыдан
,
 
еріндік сипат алдымен
 
<
ұ>, <о>
 
фонемаларына
қарағанда <
ө>, <ү>
фонемаларында күшті екенін орфоэпиялық
норма көрсетіп отыр. ХІХ ғ. В.В.Радлов <
о>
дыбысы өзінен кейін
келген қысаң дауыстыға <
ө>
дыбысындай әсер етпейді деген.
Сонда жіңішке дауыстылар жуан дауыстылардан кейін пайда
болған екіншілік дифференциация десек, алдыңғылардың
дауыстыны өзіне үндестіруі позициялық болып табылады дей-міз.
Сондай-ақ, ескі қыпшақ тілдерінде ерін дауыстыларына
146
147


қарағанда езу дауыстылардың жиі қолданылғанын тіл фактілері
көрсетіп отыр.
Сөйтіп, қазақ жазуында ерін үндесімінің таңбаланбау сипа-
ты уәжсіз емес. Тіліміздің сингармонизмге негізделген қасиеті,
оның екі бірдей түрін негізгі жетекші етіп ала алмауға тиіс:
біреуі басты, екіншісі қосалқы болуға керекті. Сондықтан тіл
үндестігінің жазуда бейнеленіп, ерін үндестігінің ауызша тіл
ка-тегориясы болып табылуы жөн.
Қазақ жазуы фонематикалық екенін естен шығармаса, сау-ат
ашу ісінде әріппен қатар оның дыбыстық мәндерін үйретсе,
Л.В.Щерба ескерткендей, балаға алғашқы бір жыл ауызша тілді,
дыбыстарды меңгертсе, сосын оның жазудағы бейнесін үйретсе,
қысқасы, қазақ тілінің оқыту әдістемесінде тіл үндестігінің орны
дұрыс көрсетілсе ерін үндестігінің жоғалуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет