Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата28.12.2016
өлшемі1,76 Mb.
#612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28

Пысықтау сұрақтары:
1. Тілді ауызша тіл мен жазба тілге бөлудің себебі неде?
2. Тілді таптастырудың жазба тілге қатысты жүйесін көрсетіңіз.
3. Жазба тілді меңгеру сатыларын көрсетіңіз.
4. Ауызша тіл мен жазба тіл арасында қандай аралық тіл бар?
5. Не   себептен   ауызша   тілдің   өзіне   тән   ерекшелігі   айқындалса,
жаз-ба тілдің белгілері екшеледі?
6. Ауызша тілде сөз экономиясы не себептен болады?
67

7. Жазба   тілдің   өзіндік   белгілерін   көрсету   үшін   ауызша   тілдің
ерек-шеліктерін табудың себебі неде?
8. Жазба тілдің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
9. Ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
10. Жалпы   графикалық   ерекшелік,   графикалық   және   графемдік
ерекшеліктерге не жатады?
Оқуға арналған материал
Жазудың тілдік жүйегі әсері
Біз жоғарыда тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде жаз-ба
тілдің   деңгейлері   нысанға   алынып   келгенін   айттық.   Жазба
тілдің   нормасы   болып   табылатын   бірліктер   мен   конструкци-
ялар жалпы тілдік жүйенің нормасы  болып есептеледі  дедік.
Жазудың   ойжасам   қызметі,   жазу  арқылы  ойлау,  жазба   тілдің
айқын жүйесі жалпы тілдің жүйесі мен құрылымына әсер ет-
кені   сөзсіз.   Сондықтан   бүгінгі   күн   тұрғысынан   жазба   тілді
меңгерген/меңгермеген   коммуниканттардың   ауызша   тілдегі
жүйелілік дәрежесін анықтаудың қажеттігі бар.
Бодуэн   де   Куртенэ   тілтұтынушыларды   үш   сатыға   бөлген.   І
сатыға   сөйлеуді   енді   үйрене   бастағандар,   мысалы   балалар   тілін
немесе бөтен тілдік ортаға түскен адамдар тобын жатқызады. Ол
топ   сөйлеуге   белсенді   араласа   алмайды,   яғни   “т.е.   пока   в   их
головах не будут  насаждены живые представления данного язы-
кого   мышления,   сопровождаемые   автоматизмом   обнаруживания
этих представлении в случае общения с другими индивидами”.
ІІ   сатыға   айту,   есту   мүшелері   мен   түсініктері   арқылы
белсен-ді сөйлесе алатындарды шығарады.
ІІІ сатыға әрі сөйлей, әрі жаза алатын, оқу-жазу түсініктері бар
сауатты   адамдарды   топтастырады.  Алғашқы  топ  басқаны   түсіне
алғанмен, өздері сөйлей алмайды, ортаңғы топ оқи алғанмен, жаза
алмайды,   соңғы   топ   оқи   да,   жаза   да   алады.   Ғалым   осылай
топтастыра отырып, әр топтың өзіне тән ерекше психикасы, тіл-ді
қолдану,   тілді   түсіну   жағынан   айырмашылығы   болады   дейді.
Сөйлей алатын адамның жады тек айту-есту түсініктеріне табан
тірейді   дейді.   Жазу   мен   тіл   арақатынасы   тек   сауатты   адамның
психикасына, яғни жазу-көру, айту-есту түсініктері бар адамның
психикасына қатысты дейді.
Осы   таптастыруға   сай,   біз   үш   түрлі   дәрежеде   сөйленген
мәтіндерді аламыз. Мұның біріншісі (І-мәтін) – 5 кластық білімі
бар, жазылғанды ежіктеп оқи алатын, ата буын өкілі, 70 жастағы
қарияның сөзі, екіншісі (ІІ, ІІІ, ІV-мәтіндер)– 11 сыныпты бітіріп
келген,   көркем   әдебиет,   публицистикалық   жазу   стильдерін   ша-
малап меңгерген, санасында ауызша тіл жүйесінен гөрі жазба тіл
жүйесі   басым,   көпшілік   ортада   әдеби   стильде   сөйлеуді   бас-ты
мақсат еткен ЖОО-ның 1 курс студенттерінің сөзі. Үшіншісі (V-
мәтін) – жазба тілде ойын білдіруге төселген, жазуға машықтанған
жазба тіл “шешендерінің” сөзі.
І мәтін: 1940  жылы наурызда Қытайда тудым,  кедей ша-
руада, 5 кластық орыс класын бітірдім, шешеміз сол жақта
қалды, әкеміз үлкен сол. Елдің бәрі жапа-тармағай аштық. Аш
болды,   сотталуын   соттап,   жұмыс   жоқ.   Сонда   шешем
жарықтық, қашпақшы болыппыз. Ақыры 1955 жылы... Одан
Павлодарға келдік. Оларда баяғы сол жұмыс. Өз шешеміз сол
жақта қайтыс болған. Сол Зайсанда тұрдық көбінде. Сонда
ер-кек   балдар   құсап,   бригадир   етіп   қойған.   Жұлысады   екем
сонда.   Пысық   болдым.   Екі   жылдай   көрмеген   азап   көрдім
ауылда,   ағам   айтады   сөйтіп   жүрдім   деп.   Сиырды   қосып
келем, 5-те тұрып ап. Жылап келеді, жесір әйелдер. Бір-ақ рет
көмектесті, сонша жыл жақсылық істегенде.
ІІ мәтін:  Студенттік шақ деген ол өзі бір өзгеше болып ке-
леді. Мен алғаш рет осы университетке 1 сентябрь күні келдім.
Бізде сол күні семинар болады/ собрани болад деп айтты. И ол
кезде  мен  келгенде   дайындалып  шыққанның  өзінде  өзгеше  әсер,
сезім пайда болады адамда. Алғашқы оқушылық кездерде біз ақ
кофта,   қара   юбка   киіп,   қолымызға   гүлімізді   алып,   барлығын
танимыз. Сол күнделікті, ылғи жыл сайын барып жүрген мек-
тепке сол қалыптасқан әдет бойынша баратынбыз. Және де өзім
көптен   бері   көрмеген   сыныптастарымызды   кездестіріп
барлығымыз қуанып, мәре-сәре болатынбыз. Ал бұл жолы келген-
де   әркім   өзбетінше   жан-жақтан   келген.   Барлықтарында   өзіне
деген  бір жауапкершілікпен,  сенімділікпен келеді.  И мұның, бұл
оқушылық  сәттен  өте жоғары  тұрады.  Себебі,  қаншама,  мы-
салы, біздің өзіміздің группаны көптен алатын болсақ, көптеген
80  проценті  әр  қаладан  келген,   олардың  өздері  де  бірінші  рет,
мысалы,   ата-анасының   қасында   болып   үйренген,   бірінші   рет
сыртқа шығып тұр. Оның өзі адамға өзгеше әсер беред.
ІІІ-мәтін  :  Бұл кісі  (Ә.Сәрсенбаев туралы)  о баста ата-ана-
сынан алған тәрбиесінен өзгерген адам емес, ол соғысты көрдім
деп, қатыгездік те әкелген жоқ. Кісі өлімін көргенін де басқаға
68
69

көрсеткен жоқ (А.Бақтыгереева (ақын), Қазақтан-1 телеарна-
сы. 26.02.06.).
ІV-мәтін:  Мынау басында тақырыбы тары деп бекіткен-
де,  ұсынғанда ойлап едік, бір тарыдан  не шығады, оның ар
жағында не болуы мүмкін деп. Бұл э-э-э, диссертацияның да,
авторефераттың  да кіріспесінен  байқалып отырғандай, бұл
үлкен ғылыми, әлеуметтік маңызы бар тақырып болып шығып
отыр.   Әсіресе   мынау   заманда   қазақ   тілінің   ары-бері   болып
тұрған   кезі,   аяғынан   әлі   қаз   тұра   алмай   тұрған   кезі,   қазақ
халқының аяғынан қаз тұрып, ілініп кете алмай тұрған кезінде
зәруліктен, содан туындап отырған тақырып екен деп ұқтым
мен (профессор Ә.Жүнісбек).
V-мәтін:  Жалпы,  қандай ауру болса,  алдын алып,  асқындырмай,
мүмкіндігінше   ерте,   соның   диагнозын   қойып,   емдеген   дұрыс.   Ол
қандай ауру болса да, мысалы, хирургиялық немесе соматикалық ауру
болса   да.   Ал   енді   жұқпалы   ауруларға   келетін   болсақ,   оны   ерте
қараудың, ерте емдеудің маңызы бар. Себебі, бұлар жаңағы өзінің
атына сәйкес жұқпалы аурулар. Демек, егер осы ауру пайда болса, ол
екінші адамға, сау адамға, әсіресе мынау, бір жанұяда, бала-шағаға
тағы  да басқа қарым- қатынаста  болған  сау адамдарға жұғады.
Сондықтан   жұқпалы   аурулар-ды   неғұрлым   ерте   анықтап,   ерте
дәрігерге   қаралып,   ерте   ем   қолданса,   бұл   ең   дұрыс   жол.   Бұл
жұқпалы   ауруларға   мемлекет   тарпынан   үлкен   көңіл   бөлінеді.
Сондықтан жұпалы ауруларды емдеу ақысыз. Сондықтан неғұрлым
ерте   қаралып,   ерте   тек-серілсе,   ол   жақсы   болар   еді   (Радиодан
тыңдалған хабар).
Мұндағы   негізгі   акцент   –   ойын   жазба   тілде   білдірмейтін
қарияның сөзі, жазба тілді дұрыс меңгермеген студенттің сөзі
және жазба тілді толық меңгерген, жазба коммуникацияны өз
иелігінде   жұмсай   алатын   (ақын,   журналист,   ғалым,   маман)
субъектілердің сөйлеу мәтініндегі айырмашылықтарды көрсете
отырып,   тілдің   синтаксистік,   морфологиялық,   лексикалық,
фонетикалық деңгейін коммуникация барысында немесе ойын
жарыққа шығару үстінде қаншалықты жүйелі, орынды қолдана
біледі,   соны   аңғару.   Бұл   арқылы   жазба   тілді  төмен,  орта,
жоғары дәрежеде меңгерген субъектілердің қайсысында мәтін
жүйелі құрылды, ол жүйелілік неден шықты – осы сауалдарға
жауап іздеу мақсаты көзделеді.
Мәтінде, яғни жазба тілдің морфологиялық, лексикалық, син-
таксистік жүйесіне машықтанып көрмеген, бірақ көпті көрген,
ойын пайымдауға құруға тиісті қарияның сөзінде ауызша тілге
тән элементтер басым.
Сөйлем   құрылысы   маңызды   ақпаратты   алдыңғы   орында
айтып, мәнсіз информацияны соңына қалдыратын ауызша тіл-
ге тән: кедей шаруада, әкеміз үлкен сол, 5-те тұрып ап, сонша
жыл істегенде.  Шылау,  көмекші сөздерді қолданбағандықтан
екі   сөйлем   арасын   байланыстыратын   мәнсіз   элементтерді
пайда-лану да ауызша тіл құрылымына тән еді. Мысалы, әкеміз
үлкен  сол, сол Зайсанда тұрдық, сол жұмыс.  Мәтінде ауызша
тілге тән редукция да жиі. Мысалы, елдің бәрі (аш), сотталуын
соттап  (абақтыға   айдады),   сонда   шешем   жарықтық(тың
бастамасы бойынша, елге қарай) қашпақшы болыппыз. Ақыры
1955 жылы (шекара ашылып, заңды түрде елге қарай өттік).
Мәтіннің   логикалық   құрылымы   синтаксистік   құрылымға
сай емес, ой бар мазмұнымен толық ашыла алмайды. Мәтінді
сол қалпында қағазға түсіру мүмкін емес. Осы қалпында түскен
мәтінді оқыған адам  мәтін мазмұнынан толық хабардар бола
ал-майды. Алайда мәтін қарияның ауызша баяндау стилінде өз
ау-диториясына түсінікті еді. Оған ешкім “ бұл не деп отыр,
қалай-қалай   сөйлеп   кетті?”   деген   жоқ,   қайта   қоштап,
мақұлдасып   отырған   еді.   Енді   жазба   тілге   келгенде,   мәтін
құрылысын   жаз-ба   тілдің   жүйесіне   кодтау   керек   болады.
Өйткені   жазба   тілдің   жүйесінде   баяндалмаған   сөз
коммуникация   мақсатына   жет-пейді.   Сондықтан   мәтіннің
синтаксистік   құрылымын   жүйелеп,   лексикалық   элементтерін
екшеп, морфологиялық формаларын орынды қолданып немесе
сөздердің   семантикалық   байланы-сын   формалап   мәтін   жасау
керек. Ол шамамен былай шығуы ықтимал:
Мен   1940   жылдың   наурыз   айында,   Қытай   жерінде,   кедей
шаруа   отбасында   дүниеге   келдім.   5   жылдық   орыс   мектебін
бітіргенде   жапа-тармағай   аштық   басталды.   Елдің   бәрі   аш-
жалаңаш,   жұмыс   жоқ,   сотталғандар   сотталып,   абақтыға
жабылғандар айдалып жатты. Сонда шешем жарықтық, бізді
алып, қашуға бел буыпты. Бірақ әкеміз үлкен кісі еді де, шешеміз
соған қарайлап жолға шыға алмапты. Ақыры, сөйтіп жүргенде
1955   жылы   шегара   ашылып,   елге   оралдық.   Алдымен   Павлодар
қаласына   келдік.   Кейін   Шығыс   Қазақстан   облысы,   Зайсан
ауданына   көшіп   келіп,   сонда   тұрақтадық.   Жұмысқа   тұрдым.
Мені пысықтығыма қарап, бригадир етіп қойды. Еркек балалар
сияқты ренжіткен адаммен жұлыса кететін көрінемін. Оны
70
71

ағам айтады. Азапты да көп көрдім. Таңертең 5-те тұрып
алып сиырды қосып, кешке дейін жұмыста тұрамын. Талай
(жесір) әйелдердің жағдайын әкімшілікке айтып, көмек алып
бердім.
Міне, жазба тіл жүйесіне кодталған ауызша тіл құрылымы
үлкен   өзгеріске  ұшырағанын  көріп  отырмыз.   Мәтін ұлғайып,
редукцияланған   элементтер   қалпына   келтірілді.   Мәтін
мазмұнына   бәлендей   мән   үстемесе   де,  Қытайда    Қытай
жерінде, кедей шаруада – кедей шаруа отбасында, Павлодарға
– Павлодар қаласына, 5 кластық – 5 жылдық деген имплицитті
тұлғалар жазба тілдің нормасына салынды. Мәтін көзбен көру-
оқу процесіне бағышталғандықтан, ауызша тілдегі интонация
дауыс   тоны,   конситуация   жазба   тілде   осындай  “басы   артық”
элементтермен компенсацияланады. Мәтін жазба тіл жүйесінен
үлкен   алшақтықта   жатыр.   Сөйленімді   жазба   тілге   толықтай
код-тау мүмкіндігі аз, дегенмен кодтауға болады.
Сөйтіп, жазба тілді төмен дәрежеде білетін адамның сөзінде
тілдік тәсілдер қоры аз, сөйленімі жүйесіз болады, жазба тілді
орта дәрежеде меңгерген адамның сөзінде уәжсіз түрде жазба
тілдің жүйесі де, ауызша тілдің элементтері де қолданылады.
Сөйлемдер   қысқа   емес,   толымды   келгенмен   синтаксистік
байланыс сөйлем аяғына дейін жетпейді. Ал жазба тілдің елесі
мен   ауызша   тіл   елесімен   қатар,   тіпті   алдыңғысы   басым
орналасқан саналы адамның сөзінде жүйе болады. Басы артық
сөйленістер болмайды. Логикалық жүйе мен синтаксистік жүйе
сәйкес   келеді   деген   қорытындыға   келеміз.   Қазіргі   БАҚ-тың
барлық  бағдарламаларының  мәтіндері   жазба  тілде  құрылады.
Сұқбат   түріндегі   бағдарламаның   жүргізушісі   де   өз   сөзін   ал-
дымен жазба тілде құрып алады. Қазір сөйлеуді қабылдайтын
аудиторияның перцепциясы да жазба тіл жүйесін түсінуге бет
бұрды.   Әйтпегенде   қазақтілді   бағдарламалардың   егемендік
алған 1993-1997 жж. алғашқы түрлері қазақ аудиториясы үшін
ауыр қабылданатын еді.
Сонымен, бүгінгі күн тұрғысынан, біздің ойымызша, тілдік
жүйе мен норма жазба тіл жүйесі мен нормасына сай келеді.
Қ.Күдеринованың «Қазақ жазуының теориялық 
негіздері» (2010 ж.) монографиясынан алынды.
1-тапсырма.
Ауызша   мәтінге   талдау   жасаңыз   (фонетикалық,
морфологиялық, лексикалық және синтаксистік деңгейлер
бойынша)
І-мәтін:  Студенттік шақ дегеніміз ол адамның ең қызықты
шағы. Осы жастық кезінің ең қызықты шағы болып есептеледі
ғой. Мектепте, біздер оқып жүргенде әлі бала едік. Мектептен
қоштасу дегеніміз- балалық шағымызбен қоштасу болад. Ал қазір
енді біздер  үшін өмірге қадам басып кел атырық. Студенттік
өмір деген адамның өзін-өзі ұстауын, бәрін үйретеді. Қазір мен
өзім жатақханада тұрыб атырмын. Общежитияда көп нәрсені
үйреніп кел атырмын. Бұрын істемеген, бұрын көрмеген нәрсемді
өзім арқылы, өзіме сеніп қана, өз ісімді аяқтай ала-мын. Және
қазір өзім  оқып  атқан группам өзіме қатты ұнайды. Таңдаған
мамандығым   болған   соң,   соған   сай   талпынуым   керек.   Және   де
сабақтың   сапасы   мен   үшін   жақсы   деп   ойлаймын   мек-тепке
қарағанда. Көп нәрсені үйренуге болады, кітапханаға барсаң да
өзің   үшін   оқисың.   Одан   тапсаң,   өзің   үшін   пайдалы.
Факультеттің   сапасы   жақсы   деп   ойлаймын,   бірақ   асып   бара
жатқандай, ішқандай жаман емес деп ойлаймын.  Сапасы жа-
ман емес, жақсы. Артық ештеме қоса алмаймын. Бәрін үйреніп
шықса да, көп нәрсені үйренуге болады.
ІІ-мәтін: Қазіргі ХХІ ғ. басты проблемасы бұл  терроризм.
Терроризм   бұл   дүние   жүзіндегі   адамдардың   ниетін,   таза
өмірге   деген   көзқарасын   бұзады.   Және   терроризм   неғылған
сайын дүниеде бейбітшілік азаяды. Тағы да одан кейін қазіргі
терро-ризм   өте   қатты   түрде   дамып   жатыр.   Көптеген
террорлық   нелер,   қозғалыстар   болып   жатыр.   Онда   қазір
мысал келтіре берсек көп.
ІІІ-мәтін:  Алқабилердің  жалпы  жұмысы  әлі  бізге  то-сын
жаңалық   болғаннан   кейін   көпшілік   түсінбей   жатқанын
сұрақтардан   көруге   болады.   Сондықтан   алқабилердің
құқықтары мен міндеттері қандай деген сұраққа жауап беріп
өтсеңіз (Қазақ радиосы, 26.02.06.)
2-тапсырма.
Төмендегі сұқбаттан қандай ой түйіндеуге болады?
Атақты спикерге:
-Жақсы сөз сөйлеу үшін жақсы дайындалу керектегінің
72
73

маңыздылығын   айтқан   болатынбыз.   Өзіңіз   5   минуттық   сөз
сөйлеу үшін қанша уақыт бұрын дайындаласыз?
-Екі ай.
-Хм-м... ал, 10 минуттық сөз сөйлеуге ше?
-Бір ай. Қаншалықты ұзақ сөйлеу қажет болса, оған сонша-
лықты аз дайындалуым керек.
-Сонда екі сағаттық сөз сөйлеуіңізге қанша уақыт дайында-
ласыз?
-Дайындықсыз,   қазір-ақ   шығып   сөйлей   беремін.
(К.Мырзагелді, Қ.Темірбаева «Өнеге»).
3-тапсырма.
Тыныс белгілерін дұрыс қойыңыз. Графикалық ерекше-
ліктің мәтіндегі ойды білдіруінің маңызы қандай?
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болып-
ты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары достық не-
шеу деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып
Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал
достық.
Дұрыс   ақ.   Енді   оларды   қалай  ажырата   аламыз   дегендерге
Адал   достық-өмірлік   нұсқа,   амал   достықтың   өрісі   қысқа
болады   деп   жауап   берген   екен   Әйтімбет   (К.Мырзагелді,
Қ.Темірбаева «Өнеге»).
Тест сұрақтары:
1) Ауызша тілдің қанша түрі бар?
a) Ауызекі, бейтарап әдеби тіл
b) Ресми және бейресми тіл
c) БАҚ тілі және шешендік сөз
d) Ауызекі, бейтарап әдеби тіл, ресми тіл
2)
Жазба тілдің сипаты қандай?
a) Жалпы графикалық және графикалық ерекшелік;
b) Графикалық және графемдік ерекшелік;
c) Графемдік және фонемалық ерекшелік;
d) Жалпы   графикалық,   графикалық   және   графемдік   ерек-
шелік.
3) Ауызша тіл .... сипатта, ал жазба тіл ... сипатта болады.
a) Диалогтік, диалогтік;
b) Монологтік,монологтік;
c) Диалогтік, монологтік;
d) Біржақты, екіжақты.
4) Қай тілде семантикалық байланыс күшті болады?
a) Жазбаша тіл
b) Ауызекі тіл
c) Жазбаша және ауызша тіл
d) Ауызша тіл
5) Ауызша тілге тән:
a) Әріп, бас әріп, кіші әріп, азат жол
b) Тыныс белгілер
c) Дыбыс, тон, екпін, интонация, мимика, логикалық екпін,
кідіріс
d) Орфографиялық және орфоэпиялық ережелер
4-дәріс. Жазу теориясындағы фонема ұғымы
Кез   келген  дыбысжазудың   (дыбыстық   жазу)   деңгейін
парықтау   үшін,   жалпы   жазу   теориясы   үшін   тілдің
фонологиялық негіздері ізделеді. Кезінде акад. Л.В.Щерба жазу
теориясы үшiн мына жайларды анықтап алуды ұсынған: 1) сол
тiлдiң   дыбыстық   қорын   түгендеу   және   оның   жазуда
таңбаланғандарын   анықтау;   2)   жазу   таңбасына   ие   болған
мағыналық элементтердi анықтау және 3) жазу элементтерiн: а)
дыбыстық мағынасы бар элемент-тер, яғни әрiптерге; ә) таза
иероглифтiк мағынасы бар немесе аралас, жартылай дыбыстық,
жартылай иероглифтiк мағынасы бар элементтерге бөлiп алу.
Дыбысжазу   ашық   әліпби   түрін   икемдеп,   жетілдіріп   алу
арқылы дамыды. Сонда таңба көбіне ортақ, ал оның мәні неше
жүз   тілде   неше   жүз   түрлі   болып   шықты.   Сондықтан   жазу
билігінің басталған заманы – ХХғ. басында әліпбидегі әріп пен
дыбыс қатынасы деген мәселе көтерілді. Жазуы жоқ тілдердің
әліпби   қабылдауы,   емле   ережелерін   түзету,   құру,   жазуы   бар
тілдердің графика мен емлені жетілдіруі күшейді.
Әліпби   шартты   таңбалар   тізбегі   емес,   сол   тілдің   дыбыстық
құрамын танытанын  белгілер жүйесі болып анықталды.  Әріптің
негізгі,   әліпбилік   атауынан   басқа,   кейде   оған   сәйкес   келмей-тін
мазмұны болатыны белгілі болды. Ауыздан шыққан және
74
75

құлаққа шалынатын дыбыс реңктерінің (түрленімдерінің) іші-нен
негізгі дыбыс реңкіне таңба арнау қиын болды: дыбыс көп, әріп аз.
Ал қанша дыбыс реңкі болса, сонша әріп алу мүмкін бола бермеді.
Өзара   ортақ   белгілері   бар   дыбыс   қатарын   бір   әріпке  теліп   қою
қандай шартты болса, оның сондай шеберлікті керек еткені, керек
ететіні ашылды. “өздігінен ешқандай мағына бермейтін осыншама
кішкентай элементтің қатысуымен сөз жа-сауды қалай ғана біздің
арғы   ата-бабамыздың   ойлап   тапқаны   әлі   күнге   дейін   жұмбақ
(Панов Е.Н. 1983:231).
Бірақ дыбыстан әріпке барар жол алыс еді. Ол жолда “өткел”
болды, ол өткел ауыздан шыққан дыбыс тізбегін сүзіп, та-
нып,   таңдап   отыратыны   білінді.   Сөйтіп,   дыбыс   түрлері   көп
болғанмен дыбыстың асылы (Е.Омаров термині) ғана әріп-
таңбаға   ие   болатыны   белгілі   болды.   Сонда   сөйлеуді   жазуға,
жазуды сөзге айналдыратын код және оның кілті – әліпби сол
тілдің фонологиялық құрамына тірелді. Сөйтіп, әліпби мен
графиканың, орфографияның негіздерін іздеу жолында фонема
ұғымы пайда болды.
Фонема ұғымының түсіндірілуі. Фонема терминін алғаш
Бодуэн де Куртенэ ұсынды. Ғалым ауызша тіл мен жазу  екі
басқа, бір-біріне  сәйкеспейтін дүниелер. Жазу оптика немесе
геометрияның пәні болса,  дыбыс – жалпы акустиканың пәні.
Бұл   екеуін   осылай   өзара   байланыссыз   алып   қарасақ,   әрине,
олардың   арасында   ешқандай   сәйкестіктер   болмайды:   “Тек
оларды   адам   санасымен,   психикамен   байланыста   алсақ   қана
арақатынасын түсінеміз” (Истрин 1961: 210) деді.
Бодуэн   де   Куртенэ   мектебі   тұңғыш   рет   тілтұтынушының
санасында бүкіл дыбыс түрленімдері емес, шектеулі бір түрі ғана
өмір сүретінін айқындады. Оны “психофонетикалық аль-тернант”
(орынбасар),   “фонема”,   “морфеманың   құбылмалы   (подвижной)
компоненті”   (1881),   “психикалық   эквивалент”   (ба-лама)   (1894),
“санадағы өзгермейтін елес”, “сөйлеушінің сана-сында өмір бойы
тұратын   өзгермейтін   құбылыс   (Истрин   1961:   63.),   дыбыстың
морфологиялануы,   семантикалануы   деп  атады.  Сөйтіп,   дыбыс   –
реалды,   фонема   –   адам   санасында   өмір   сүретін   психикалық
элемент   ретінде   танылды.   Сонда   жазу   мен   тіл   арасы   адам
психикасы   арқылы   байланысатын   болып   шықты.   Фонема   жазу-
көру, айту-есту елестері бар адам психикасына қатысты ка-тегория
болып табылды (Истрин 1961: 212).
Бодуэн   де   Куртенэнiң   фонема   ұғымын   тауып,   оны   ғылыми
айналымға енгiзуi тiл бiлiмi деңгейлерiне жаңалық әкелдi. Әсiресе
жазу   теориясының   көтерiлiп,   iргелi   зерттеулердiң   тууына   жол
ашты.   Орфография   принциптерiн   айқындауда,   басты   принцип-
тердi тануда жаңа көзқарастарды тудырды. Бәрiнен бұрын ауыз-ша
тіл   мен   жазудың   арасында   алшақтық   болатынын,   жазба   мәтін
тiлдiң   толық   сипатын   таныта   алмайтынын,   ауызша   тілдiң   хатқа
түсiрілмейтiн   сан   алуан   реңктерi   болатынын   ашты.   Сонымен,
фонема ұғымының саралануы  жазу теориясының  табан  тiрейтiн
тұғырына   айналды.   С.М.Кузьминаның   жазу  теориясының   пайда
болуын 1) фонологияға дейiнгi; 2) фонологиялық кезең деп екiге
бөлетінi сондықтан (Кузьмина 1981: 2).
Л.В.Щерба  фонема  (дыбыс   типі)  адам   санасында   елес
(пред-ставление) түрінде өмір сүреді деді. Мысалы, орыстілді
адам  брат,   о   брате  дегенде  [а]-ның   екі   түрлі   айтылып
отырғанын біл-се де, неге оны бір <а>  деп танитынын оның
психикасында бір ғана  <а>-ның елесі барлығынан деп жауап
береді   (Щерба   1983:   16).   Сондықтан   да   осы   елес-түсінік
арқылы   адам   сөз   дыбыста-рын   таниды.   Мысалы,   тілі   жаңа
шығып   жүрген   бала   “далаға   ба-ламын  деген   сөзді  [р]
дыбысымен   айттым   деп   ойлайды.  Егер  оған  далаға   баласың
ба  ?   деп   сұрасаң,   ызаланып,   “жоқ,  далаға  баламын  деп
қайталар еді. Себебі баланың санасында [р] фо-немасы бар.
Сондықтан Б.Куртенэ семантикаланған дыбыстың ғана тіл-
дік мәні болатынына тоқтады. (Топоров В.Н. 1960: 35).  Яғни
ауыздан шыққан дыбыс түрі көп, бірақ ол дыбыстың мағына
ажыратушылық   сипаты   ғана   тілдің   дыбыстық   деңгейін
құрайды деді. Л.В.Щерба да семантикалануға басты мән берді
(Щерба   Л.В.   1983:17).   Ғалым   сөйлеу   кезіндегі   дыбыстық
түрленімдерге назар аудара  отырып, ол айырмашылықтардың
жай   құлаққа   байқалмайтынына:   “Бұның   жауабы   қарапайым:
себебі   бұл   айырмашылықтар   мүлде   мағына   ажыратпайды
(Щерба Л.В. 1983: 18) дейді.
Сөйтіп,   тілтұтынушы   санасында   сол   тілдің   мағына
ажыратушылық,   сөзтанымдық   қызметі   бар   шағын   ғана
дыбыстық қоры өмір сүретіні белгілі болды.
Сондықтан   ғалымдардың   мынадай   анықтамалары   пайда
бола түсті:
а) “Қарапайым қатардағы тұтынушы аңғара бермейтін тілде-
гі құлаққа шалынатын дыбыстардың түптегінде дыбыстардың
ішкі,   идеалды   жүйесі   тұрады.   Олар   психологиялық
құрылғының дайын үлгісі ретінде жұмыс істейді (Сапир).
ә) “Фонема-дыбыс” жай дыбысқа сәйкес емес, жай дыбыс
76
77

фонеманың бір ғана белгісін алып тұрады, фонема-дыбыс, ол
барлық дыбыстық белгілердің жиынтығы”(Реформатский А.А.
1970: 245);
б) “Фонеманың сөзайырымдық қызметі өзара айырымда-ры
арқылы   жоғары   тілдік   бірлік   –   морфеманы   ажыратуынан
көрінеді” ( Реформатский А.А., 1970).
в)   “Сөйтіп,   тіл-тілде   көптеген  артикуляциялы-акустикалық
дыбыс түрленімдері болады және сол түрленімдер жинақталған
белгілі   бір   мөлшердегі   дыбыстар   болады”   (Ветвицкий   В.Г.,
Иванова В.М., Моисеев А.И. 1974: 21).
г)   “Фонема   –   бұл   идеалды   дүние,   сол   дыбыс   жиынтығы
белгі бір фонетикалық жағдайда жеке дыбыс ретінде көрінеді».
“фо-немалар – бұлар тілдегі әлеуметттік жағынан айқындалған
ды-быстар   және   мұндай   дыбыстар   әр   тілде   әртүрлі,   бірақ
белгілі бір сандық шегі бар” ( Реформатский А.А. 1970: 129).
Ал   фонеманың   сөз   мағынасын   ажырататын   дыбыс   екенін
алғаш   айтқан   кавказ   тілдерін   зерттеуші   П.К.Услар   болды
(Яковлев   Н.Ф.   1970:   129).   Р.И.Аванесов,   В.Н.Сидоров   фоне-
маны   сөздің   әлеуметтік   мәні   бар   дифференциалды   элементі
деді   (Аванесов   Р.И.   Сидоров   В.Н.   1970).   Бұл   тұжырымдарға
Қ.Жұбановтың фонема бір сөз бен екінші сөзді айыруға жарай-
ды дегені (Жұбанов Қ. 1999: 501) сәйкес.
Сөйтіп, фонема абстракті единица ретінде адам санасында
өмір сүретін бір жақты құбылыс болды. Фонема – ауызша тіл
мен жазба тілдің арасын байланыстыратын аралық категория.
Фонема   –  сөз  жасайтын   (конститутивті),   сөз  айыратын   (дис-
тинктивті) (Яковлев Н.Ф. 1970) және жеке тұрып мағына бере-тін
фонологияның кіші бірлігі. Фонема сөздің дыбыс құрамын екшеп,
сөздің   естілімін   туралайды,   форма   айыратын,   мағына   айыратын
шектеулі дыбыс құрамы арқылы сөз мағынасын ажы-
ратады.
Фонеманың дыбыс қоры. Сонда фонеманың атқаратын фун-
кциясы   сөзді   ажыратушы,   сөзді   танытушы,   сөз   жасаушы
болады.   Ол   инвариант   (негізгі   түрленім)   ретінде   психикада
өмір   сүреді.   Дыбыс   қоры   болады.   Жазба   тілдің   тұрпат
межесінде әріп қоры болады. Мысалы, <қ> -ның [қ], [қ
о
], [қ
і
]

оі
], [х
о
], [х
оі
], [х
і
], [х], [г], [г
о
], [г
оі
], [г
і
] сияқты дыбыс қоры, Қ
қ, К к, ћ, Х х, Қ қ, К к, ћ, Х х сияқты әріп қоры бар.
Ал   жеке   тұрып   мағына   бере   алмайтын   дыбыс   сөйлеу
ағынында қалай ажыратылады, бірнеше түрленіммен айтылған
дыбыстың негізгі реңкі қалай екшеледі, тілдегі фонема саны
қалай анықталады деген сауалдарға Л.В.Щерба фонеманың се-
мантикалануы тұрғысынан жауап берді.
Егер тілдік біліміміз болмаса, онда осы шақ деп отырған ды-
быстарды   мүлде   басқаша   түсінер   едік   (Зиндер   Л.Р.,   Маслов
Ю.С. Л.В.Щерба 1982: 38). Дыбыстарды біз ұғымдық ұқсату
болмаса,   тани   алмас   едік.   Физиология   тұрғысынан   біздің
сөйлеуіміздің бөлінуі басқаша. Тек ұғымдық ассоциация бізге
осындай бөлуді беріп отыр деді [13, 39б.]. Сондықтан әр тілде
дыбыстар әртүрлі бөлінеді. Мысалы, бір тілдерде sa, ka, fa, sa
деген фонемалар бар дейді ғалым (Зиндер Л.Р., Маслов Ю.С.
Л.В.Щерба   1982:39),   яғни   сөйлеу   ағыны   физиологиялық,
акустикалық   тұрғыда   үздіксіз,   сонда   дыбыстардың   бөлінуі
лингвистикалық тұрғыда ғана екен.
Сондай-ақ, белгілі бір дыбыс арқылы буын жігі басталып,
аяқталуы  арқылы да фонема ажыратылады. Мысалы,  ай-дын,
дала  деген сөздерде буын мен сөз басынан  <д>  фонемасы та-
нылады.   Ең   бастысы   сөз   мағынасына   әсері   бар   дыбыс
түрленімі   ғана   фонема   ұғымына   жатады.   Мысалы,   қазақ
әліпбиін түзуде  күрделі фонографикалық проблема <у>, <ұ>,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет