Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата28.12.2016
өлшемі1,76 Mb.
#612
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

<ү>,   <ы>,   <і>,   <и>,  <э>,   <е>  дыбыстарының   фонемалық
мәртебесін анықтау болды  дейді проф. М.Жүсіпов. Ол 1) сөз
ішінде ы, і қысаңдарын жазу// жазбау; 2) ұ, ү, у дыбыстарының
дифферекциалды   белгілері;   3)  -ый,   -ій  дыбыс   тіркесімін
таңбалау деген проблемаларға ажыраған (Джусупов М. 1995).
Мұның бәрі ауызша тілдің үздіксіздігінен, сөз ішіндегі ды-
быстардың өзара әсерінен шығады. Бұл құбылыстарды Мәс-кеу
фонологиялық мектебі (МФМ) инвариант (негізгі реңк),
вариант (өздік реңк), вариация (бөгде реңк) ұғымдары арқылы
түсіндірді   (жақша   ішіндегі   қазақша   баламаларын   профессор
Н.Уәли ұсынған).
МФМ ілімі бойынша, инвариант фонема – дыбыстың күшті
жағдайындағы қалпы. Ол әліпбидегі әріп мәніне сәйкес. Қанша
инвариант фонема болса,  сонша әліпби таңбасы болуы  керек
де-ген осы ұғымнан пайда болды.
Сөз мағынасын ажырататын фонема сөз ішінде іргелес кел-
ген   дыбыстармен   әсерлесіп,   өзінің   негізгі   реңкінен   өзгеріп
түрленеді. Сонда инвариант фонемалардың іргелес келген
дыбыстық   қоршаудағы   уақытша   көрінуі   оның  дыбыс   қорын
құрайды. Дыбыстық қор екі түрлі: өздік реңк, бөгде реңк түрінде
көрінеді.
Өздік реңк дегеніміз фонеманың әлсіз позициядағы түрле-
78
79

німінің әлді позициядағы басқа бір фонемамен сәйкес келуі. Ал
жалпы осы әлсіз позициядағы дыбыс түрленімдерінің қоры
–   фонема   модификациясы   болып   табылады.   Мысалы,  ақ   үй,
көк үй, ұзын, түнгі  сөздеріндегі  <қ>, <к>, <ы>, <н>  фонема-
лары айтылым актісінде іргелес дыбыстардың әсерінен өзгеріп,
парадигмалық осьтегі <ғ>, <г>, <ұ>, <ң> фонемаларына ұқсап,
соларға сәйкес айтылады: [ағүй], [ұзұн], [түңгү]. Мұндай про-
цесті   фонеманың   бейтараптануы   деп   те   атайды.  ғ,  г,  ұ,  ң  
дыбыс-тары   фонеманың   өзі   емес,   <қ>,   <к>,   <ы>,   <н>
фонемаларының дыбыстық түрленімі, яғни варианты екеніне,
бұларды   басқа   неғұрлым   тәуелсіз   позицияға   қойып,   көз
жеткізуге болады: [ақ], [көк], [түн], [түндө], [ұзұндұқ].
Бөгде реңк – фонеманың фонологиялық қорда жоқ, басқа бір
дыбыс түрленіміне айналуы. “Вариация – бұл фонеманың негіз-гі
реңкінің,   уақытша,   тілдегі   ешқандай   негізгі   дыбысқа   ұқсамай,
мүлде таныс емес дыбысқа ұқсап айтылуы. Мысалы, Н.Уәли қазақ
тіліндегі   жуысыңқы   <ш>,   <с>  aлдынан   келген   <к>,   <қ>  өзінің
қатаң   тоғысыңқы   реңкінен   ауытқып,   босаң   тоғысыңқы   [х]
дыбысына ұқсап айтылады дейді. Мұнда тілшікпен айтылатын [х]
емес,   жасалымы   одан   ілгері   дыбыс   реңкі   шығады.   Яғни   бұл
парадигмалық осьте жоқ <қ>-ның реңкі. Мысалы: ақша, бақша,
шұқши, көкше, кексе т.б. Сол сияқты <ш>-ның (атшы, сатшы),
<с>-ның  (атсыз,  етсіз)  вариациалары туралы да айтуға болады.
Сондай-ақ  күнәларың,  ләззаттандым  деген   сияқты   бейүндес
буынды   сөздерді   айтқанда   [күнәла’рың],   [ләзәтта’ңғаммен]   деп,
<а> мен <ә>-нің ортасындағы [а’] вариациясы пайда болады.
А.А.Реформатский әлсіз позицияның нәтижелері әртүрлі бо-
лады, кейде әлсіз перцептивті позицияның нәтижесі вариация,
сигнификативті   әлсіз   позицияның   нәтижесі   вариант   болады
(Реформатский А.А. 1970: 116), Л.В.Щерба фонема мен оның
варианттарын айырудағы қиындық жай құлаққа шалынбай-тын
айырмашылықтарды   байқауда   ғана   емес,   сол   тілдің   дыбыс
құрамы үшін қай ерекшелік мәнді, қай ерекшелік мәнсіз соны
аңғару (Фердинанд де Соссюр. 2000: 125б) деген. Өйткені ва-
риация делініп жазуда еленбей жүрген дыбыс түрленімі біртін-
деп  тілдің   фонемалық   жүйесіне   енуі   мүмкін.   Мысалы,   қазақ
тіліндегі   <ә>   фонемасы  күнә,  кінә  сияқты   сөздерде,   біздің
ойымызша, позициялық түрленімге түсіп тұрғанмен (алдыңғы
буынның   жіңішкелігінен),   тілтұтынушы   санасында  <ә>  жеке
фонема ретінде танылады. “Егер сөзде фонема ауысса онда сөз
мағынасы да ауысты деген сөз, егер сөз мағынасы өзгеріссіз бол-
са, фонеманың өзгеруінің не қажеті бар” (Реформатский А.А.
1970: 56).
Фонеманың   сөз  мағынасын   ажыратушы  сипаты  қалай
қалыптасады? Алдымен сөздің фонетикалық құрамы адам
санасына есту каналы арқылы келеді, сондықтан сөз естілген
қалпында санада қабылданады. Мысалы, Л.В.Щерба кішкентай
бала  грит  деген сөздің фонетикалық  құрамы  говорит  екенін
түсіндірмесе,   осы   қалпы   айта   беретінін   айтқан   (Щерба   Л.В.
1983:   21).   Яғни   дыбыстық   құрамын   дұрыс,   морфологиялық
құрамын   қате   қабылдау  сөзді   тануға   кесірін   тигізбейді   екен.
Бала   сана-сына   орналасқан   бірнеше   дыбыстық   түрленім
коммуникация   барысында   екшеліп,   мағына   ажырататын
санаулы фонема ше-гіне сыяды. Таңбасы бар фонемалардың өз
дыбыстау реңкінен ауытқуын есту жай құлаққа да шалынымды.
“Тілдің дыбыстық жағымен айналысамын десеңіз жай құлаққа
шалынатын дыбыстық өзгерістерден басқаға назар аударудың
қажеті жоқ, өйткені қалыпты тілдік қатынас осындай дыбыстық
түрленімдер   арқылы   ғана   түсініледі   (Ахманова   О.С.,
Девятникова Г.И. 1961: 248).
Ал білетін тілде сөйленген сөздің біз бірден, дыбыстық жағына
емес, мағынасына назар аударамыз.  Керісінше, білмейтін тілдегі
сөзді   естігенде   мағынасын   түсінбегендіктен   дыбысталуын   ес-
тиміз.   Бірақ   ол   дыбыстар   мағынасыз   құлаққа   шалынған   арти-
куляция-акустикалық   салдырлар   болып   табылады.   Сондықтан
адам әлеуметтік мәнді дыбыстық ерекшеліктерді ғана естиді, сол
арқылы сөз мағынасын парықтайды. “Фонема тұрпат меже бола
отырып, бірдей жағдайда өз-өзімен қала алады. Сондықтан естір
құлаққа тез танылады ” (Селезнева Л.Б. 1981: 7).
Осы түсініктегі фонема жазу теориясының негізін қалайды.
Сөйтіп,   фонологиялық   зерттеулердің   нәтижесі   әліпбиге,   емле
мәселелерін шешуге  қолданылды. Фонологияда пайда болған
жаңалықтар   емле   проблемаларының   бар   екенін   көрсетті.
Дыбыс теориялық жағынан фонеманы, практикалық жағынан
(жазар-ман   үшін)   гиперфонеманы   білдіретін   болып   шықты
(Кузьмина   С.М.   1981:   60).   Л.В.Зиндер   фонема   таңба
деңгейіндегі дыбыс деді (Зиндер Л.Р. 1979).
МФМ өкілдерінің орфографиядағы реформа туралы бүкіл-
одақтық съездегі тұжырымы фонема ұғымының қалыптасуына
қарқын берді. Себебі  фонологиядағы қандай да бір зерттеліп
отырған құбылыс графика мен орфографияда нақтыланып,
айқындалып отырады.
80
81

Жазу теориясы үшін фонема ауызша тілді жазба тілге және
керісінше   айналдыратын   фонологиялық   елек   (Н.Уәлиұлының
термині) қызметін атқарады. Жазудан ауызша тілге кодтағанда
әріп   таңба   болады   да,   фонема   оның   мағынасы   болады.   Ал
керісінше ауызша тілден жазуға көшкенде фонема – таңба бо-
лады да, әріп оның мағынасы болады. Фонема таңба деп алын-
са, яғни сөйлеу тілінің компоненті болса, онда екінші тіл жаз-ба
тілдің   бар   екендігі   шығып,   фонема   сол   тілдің   компонентіне
сәйкес  келеді  деген М.Янакиев (Янакиев М. 1964: 62). Және
жазуға қатысты фонема – таңба болады, табиғи тілге қатысты
фонема – таңба болмайды дейді (Янакиев М. 1964: 61).
Біз   қазақ   тілі   дыбыстық   жүйесінің   кіші   бірлігі   фонема   деп
танимыз.   Фонеманың   қазақ   сөзі   мағынасын   ажырататын   сипа-
тына   проф.   З.Базарбаева   ашық-қысаң   дауыстылардың   алмасуын
келтіреді: тас-тес, қаз-қыз, саз-сыз. Ал пыс-піс, тыс-тіс, ал-әл
дегендегі сөз мағынасы буын үндесімі арқылы ажыратылып тұр
дейді (Базарбаева З. 2004: 20-27). Бұл Фердинанд де Соссюрдің
фонеманы анықтауда  жасалымнан гөрі айтылымға табан тіреген
жөн,   дыбыстан   гөрі   дыбыстар   тізбегін   зерттеу  маңызды,   себебі
алғашында жеке фонема емес, дыбыстар тізбегі мағына ажырат-ты
дегеніне сәйкес (Соссюр Фердинанд де 1977: 75-86).
Қазақ тілінде бір фонема бір буын құрай алады, мысалы: ө-те,
о-та,  а-дал, е-діл.  Бір  фонема грамматикалық  мағынаны  жа-сай
алады:  ы  тәуелдіктің   үшінші   жағын,  а,  е,  й  көсемшені,  -р,   -с
есімшені, -а, -е барыс септігін береді. Қазақ тілінде бір дыбыс-тан
тұратын лексикалық мағыналы элементтер бар. Мысалы, а
–  “түсіндім”,  ә –  “бұным қалай”,  о  – “таң қалуды”,  й –  “жиірке-
нуді”,  е    “есіме түсті” дегенді білдіреді. Бұл буын ішіндегі дау-
ысты дыбыстардың жетекшілігін арттырған. Сонда бір буындағы
дауыстының   жуан/жіңішкелігі   буынның   жуан/жіңішкілігін
айқындаған.   Ал   бас   буынның   тембрі   кейінгі   буынның   тембрін
анықтаған. Сөйтіп, бір сөз бойының бірыңғай жіңішке, бірыңғай
жуан айтылуы І буынның ыңғайына қарай пайда болған.
Қазіргі қазақ тілін тұтынушылар санасында 9 дауыстының
(<а>, <ә>, <ы>, <і>, <ұ>, <ү>, <о>, <ө>, <е>), 19 дауыссыздың
(<п>, <б>, <м>, <т>, <д>, <н>, <ш>, <ж>, <з>, <с>, <қ>, <к>,
<г>, <ғ>, <й>, <у>, <ң>, <р>, <л>) бейнесі (Жұбаева О. 2002)
бар. Сондай-ақ, <ћ>, <ф> дыбыстары тек одағайларда кездескен-
мен,   тілдің   осы   лексикалық   қабатының   мағынасын   ажыратуға
септігін тидіруіне байланысты жеке дыбыс – фонема ретінде та-
нылуы тиіс деп ойлаймыз. Әрі аћ, ућ, оћ, оћолады, ућлеу, сүф,
тіфә  сөздеріндегі  [ћ],   [ф]  дыбыстары   позициялық  өзгерістен
шығып отырған жоқ. [ућ] пен [уқ], [аћ] пен [ақ], [суф] пен [суп]
сөздері арасындағы айырмашылық [ћ]-[қ], [ф]-[п] дыбыстары-
на  байланысты.  Мұндайда  Л.В.Зиндердің фонеманың  мағына
ажыратушылық сипаты әртүрлі дыбысталудан ғана көрінеді де-
гені (Зиндер Л.Р. 1979: 56) еске түседі.
Ал   проф.   З.Базарбаева   “Қазақ   тілі   фонемаларының   вариа-
циялары   фонемаға   айналу   процесіне   сәйкес   өзінің   негізгі   фо-
немаларымен   қарама-қарсы   топ   құрса,   сонда   ғана   олар   дербес
фонемаға айналады” деп (Базарбаева З. 2004: 20-27), орыс тілін-де
де   бұрын   <в>:<ф>,   <ц>:<ш>,   <с>:<ц>   фонемаларының   оппо-
зициясы болмаған, қазірдің өзінде орыс тілінің кейбір жергілікті
сөйленістері   <ц>,   <ч>,   <ф>   фонемаларын   айта   алмайды   дейді.
Сондықтан   ғалым   тілдің   дыбыстық   құрамындағы   өзгерістерді
прогресті   деп   таниды.   Л.В.Зиндер   фонема   дербестігі   кірме
сөздерді сол тілдің заңдылықтарына сай игеруге мүмкіндік бе-
реді дейді (Зиндер Л.Р. 1979:57).
Дыбыс   –   фонема   –   әріп   процесі.  Сөйлеудегі   дыбыс
түрленімдері   есту  каналы   арқылы   санаға   барады.   Бірақ   сана
барлық естілімдерді қабылдамайды. Оның сөз мағынасын та-
нытатын   негізгі   естілімін   екшеп,   санадағы   фонема   қорымен
сәйкеседі. Сөйтіп, естілген сөз мағынасын ажырататын фоне-ма
сүзіліп,   ақпарат   санаға   қабылданады.   Сонда   фонема   дыбыс
реңктерінің ішінен мағына ажыратуға көмегі бар негізгі реңкті
екшеп алатын елек қызметін атқарады. Осы “еленген” дыбыс
жазба тілдің бірлігі графемаға сәйкес келеді. Графема – бел-
гілі   бір   жазу  түрін   пайдаланатын   тілтұтынушы   санасындағы
абстракті   бірлік.   Сонда   жазба   тілдің   мағына   ажыратушылық
қызметін   графема   атқарады.   Графема   әріп   ретінде   жазылады
және оқылады.
Мысалы,  мұғалім  деген  сөзді   көргенде  (іштей  оқығанда)  көз
бірден санаға әріп тұрпаттарынан сигнал тастайды. Сигнал жазу-
көруге бағышталып тұратын жазба тілдегі графема жүйесімен ас-
социацияланса,  графема өз көрінісін таниды, яғни оқылады: сөз
фонологиялық   електен   өтеді:  мұғалім    <мұғалым>.   Енді   мұны
ауызша дыбыстағанда фонема дыбыс құндағына (Н.Уәлиұлы
термині) бөленіп, дыбыс реңктерімен айтылады: [мүғәлім]. Бұл
процестің жазу-сызу үшін пайдасы дыбысталған сөзді
жазарман қалай әріп таңбаларына айналдырады деген мәселені
қамтитынында. Мысалы, [үшкүндүгжолдұң//соңғұ гүнүнде//
82
83

шәкіртпала   барынсалды///]  деген   сөйленімді   алайық.  Хабар
естілгеннен (айтылғаннан) кейін сана ақпаратты семантикалық
сегменттерге бөледі: үш, күн, жол, күн, шәкірт, барынсалды.
Семантикалық   сегмент   әртүрлі   айтылымдағы   дыбыстардың
мағына   жасаушы   реңктерін   тануға   көмектеседі.   Сөйтіп,   ауызша
тілдің дыбыс құндағында айтылған сөз дыбыстары фонологиялық
електен   өтіп,   фонемаға   айналады:   <үшкүндүгжолдұң   соңғұ
гүнүнде   шәкіртпала   барынсалды>.  Фонема   жазудағы   әріп
таңбаларына сәйкес келетіндіктен позициялық өзгерістер
– дыбыстық. Сондықтан кейде қалай айтылса, солай жазайық
деген пікір айтылып қалады.
Ал жазу енді өз нормасы мен жүйесін алға тартады. Яғни
жазуда көрші дыбыстардың әсері жоқ әлді позициядағы дыбыс
таңбаланады. Көрші дыбыстардың әсері бар әлсіз позициядағы
дыбыс таңбаланбайды.  Енді  орфография  ережесі  көмекке ке-
леді. Мысалы, <үшкүндүгжолдұң> дегенде:
а) босаралықтармен бөліну: <үш күндүг жолдұң>, ә) 
еріндіктердің қосымшада жазылмайтыны <үш күндіг
жолдың >,
б)   <г>   фонемасынан   сөз   аяқталмайтыны  <үш   күндік
жолдың> (тексеру үшін сөзді әлді позицияға апарып көреміз).
Бірақ   қазақ   жазуында   қосымшалардың   фонетикалық   при-
нциппен   жазылуы   дауыссыз   дыбыстардың   негізгі   реңкін
анықтауға кесірін тигізеді. Мысалы, емледе  қаспыз,  аразбыз  де-
генде ассимиляция таңбаланған деп қорытады проф. М.Жүсіпов
(Джусупов М. 1995:72).
Сол сияқты келесі синтагманы естігенде фонологиялық елек
позициялық   өзгерістен   басқасын   екшеп,   сүзіп   қояды:
<соңғұгүнүнде>. Фонема тізбегі жазба тілге көшу үшін фоне-ма
графемаға айналуы керек. Яғни жазба тілжүйесіндегі са-наулы
әріп  таңбаларына   көшу әдістері  қарастырылады.  Бірақ  жазба
тілнормасы   графемаларды   тәртіпке   салады.   Емле   ере-жесі
бойынша,   семантикалық   бірліктер   мәтінде   бөлек   жазыла-ды:
<соңғұ гүнүнде>.  Мұның позициялық өзгеріс екенін білу үшін
әлді позицияға апарып тексереміз: <соңғылары>. Алайда қазақ
тілінде   ІІ-буындағы   еріндік   дауыстылар   үшін   әлді   по-зиция
дүдәмал:   <соңғұ>,   <өзөн>. 
Ғалымдардың   айтуынша,
“Шындығында дауыстыларда фонологиялық мән аз” (Леонтьев
А.А. 1963). “Дауыссыздың қасындағы дауысты сөз мағынасын
айыратын қызметінен гөрі дауыссызбен бірігіп, сөз жасайтын
қызметте келген» (Трубецкой Н.С. 1960: 107). Сөздің этимоло-
гиясын тану үшін дауыстыларын алып тастау керек (Жұбанов
Қ. 1999: 55).
Дегенмен   қосымша   жалғау   тәсілі   арқылы   [соңғұ]+[лары]
соңғы   буында   езулік   дауысты   тұрғанын   байқаймыз.   Сөйтіп,
синтагманың қалған бөлігін осылай талдай отырып, /үш күндік
жолдың соңғы күнінде шәкірт бала барын салды/ деген тұрпат
аламыз.
Қазақ   тіліндегі   гиперфонемалар.  Аталған   фонемалардың
ішінде жазарман үшін гиперфонемалар бар.  Гиперфонема  де-
геніміз   әлсіз   позициядағы   фонеманың   дүдәмал   инварианты.
Қазақ тілінде <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонема-
лары бар.
<а-ә> гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін
күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б. сөздерінде туады.
Ғалымдар арасында дауыстылардың  а-ә  оппозициясынан гөрі
а-е оппозициясы жиі әңгіме болады, яғни < ә> фонемасының ста-
тусына   күмән   келтіретін   көзқарастар   бар.   Мысалы,   Қ.Жұбанов
қазақ   тіліндегі  а  дауыстысының   жіңішке   варианты  е  фонемасы
болады дейді (Жұбанов Қ. 1999: 209). В.В.Радлов ә дыбысын қазақ
тіліне   тән   емес   деген   (Хусаинов   К.Ш.   В.В.Радлов.   1984:   74).
Алайда   қазіргі   қазақ   тілінде   <ә>   дыбысы   516   сөзде   инициал
позицияда   фонемалық   мәнде   жұмсалады.   Ал   төмендегі   дауыс-
сыздардан басталатын бірінші буында сөз мағынасын ажырата-
ды: б (87) сөзде г (1), д (74), ж (56), з (39), и (1), к (78), л (17), м
(116), н (64), п (53), р (8), с (118), т (191), у (19), ф (1), ш (48).
Біздің ойымызша, жіңішке буыннан кейін келген <а> фоне-
масы позициялық түрленімге түсіп, [ә] вариантына айналады.
Сонда ІІ буындағы <а-ә> гиперфонемасы фонология теория-сы
бойынша   <а>   фонемасына   сәйкес   келеді.   Яғни   қазіргі   қазақ
жазуындағы ІІ буындағы ә әрпі <а> фонемасының позициялық
түрленімі (өздік реңк) болып табылады.
Қазақ   фонологиясында   <й>,   <у>   үнді   дауыссыздарының
гиперфонема   құрап   жүргені   әріпті   дыбыс   деп   қабылдайтын
қате түсініктен туады. Қазіргі әліпбиде    фонемасының екі
әрпі бар (й,  и). Мұндағы  и  әрпі қосар дыбысты таңбалайды.
Е.Омаров  и  әрпінің құрамында <ы>  фонемасы бар екенін бы-
лай   түсіндірген.   Мысалға   “біп-бійт  деген   сөзді  бип-бит  деп
айта алмаймыз ғой” (Омаров Е. 2012: 3). Ғалымдарды <и>-дың
дауысты үндесіміне бейтарап болғаны таң қалдырған (Исаева
84
85

Ж. 2003).    фонемасының екі түрлі таңбаға ие болуы орыс
графикасының   ықпалынан.   Өйткені    фонемасының   орыс
жа-зуында   да   нақты   әрпі   жоқ,   бір   позицияда  я,  ю,  е,  бір
позицияда и әрпімен беріледі.
Қазақ жазуында  фонемасының таңбалануында қайшы-
лық бар: бірінші  тау, сау деген сөздерде  дауыссызын бе-
реді,   екінші  су,  ту  дегенде   [ұу],   [үу]   дыбыс   тіркесін   береді.
Сонда ашық езуліктерден кейін келгенде бір дыбысты, қысаң
еріндіктерден кейін келгенде  қосар дыбысты таңбалайды. Ол
<ұ>,   <ү>,   <у>   фонемаларының   еріндік   сипатынан   шығады.
Және алдыңғы дауыстының жуан-жіңішкелігіне сәйкес [у], [у’]
ретін-де   оқылады.   Кезінде   Григорьев   Илминскийге   жазған
хатында:   “й,   у   әріптерінсіз   қосар   әріппен   жазу  мүлде   дұрыс
емес, орыс та, қырғыз да Сіздің ай, ей, ій, оу, уу тіркестеріңізді
бір дыбыс етіп емес, екі дыбыс қылып оқиды, содан кейін қазақ
тілінің айтылы-мы бұзылады” (Григорьев А.А. 1993:169) деп,
бір әріппен қосар дыбысты таңбалағанды жөн санаған.
Біздіңше,   соңғы   функциядағы  у  әрпінен   қазақ   жазуы
қиындық көрген жоқ. Тек жазуды тілдің өзі деп оқытқан үрдіс
қазақ   тілі   фонемаларының   санын,   дауысты,   дауыссыз
фонемаларының арасын айыру проблемасын тудырды.
Қазақ жазуында  <п-б>  гиперфонемасының пайда болуы  араб
жазуынан   басталды.   Араб   жазуында   <п>   фонемасы   үшін   әріп
болмады   да,   оны   <п>   жіңішке   фонеманы   беретін   пар-сы
әліпбиінен   алды.   Сөйтіп,  п  әрпі   жазуда   <п>   фонемасының
функциясында   толық   жұмсала   алмады.   Сондықтан   бүгінде  п/б
дыбыстық вариант қатарларында мағыналық айырмашылық жоқ
(бәле/пәле, 
пейіл/бейіл, 
парапар/барабар, 
палуан/балуан,
пайым-дау/байымдау,   шүберек/   шүперек).  Қазақ   тілінде   сөз
аяғындағы
<б> фонемасы болмайды делінеді. Алайда сөз аяғындағы <п>
дыбысы   дауыстыдан   басталатын   жалғау   жалғанғанда   <б>
дыбы-сына айналғанмен, сөз мағынасы өзгермейді.
Біздіңше, осы позицияда – сөз аяғында <б-п> гиперфонема-сы
бар. Мұнда позициялық түрленім таңбаланған сияқты. Көне түркі
тілінде   сөз   басында   айтылмаған   <б>  фонемасы   бүгінгі   қазақ
тілінде  сөз басында қолданылу жиілігі жағынан үшінші орында
(Мырзабеков С. 2003: 59). Ендеше аяққы позицияда да қолданылу
мүмкіндігі бар. Кезінде Х.Досмұхамбетұлы сөз аяғындағы б әрпін
п  әрпімен жазуға наразы болған  (Досмұхамедұлы Х.  1998: 163).
Студенттердің фонетикалық транскрипция жасаған
мәтіндерінде   сөз   аяғында   [б]   дыбысы   естілетіні   көрсетіледі.
Келесі гиперфонема қатарына <н-ң> жатады. Дыбыстардың
дүдәмалдығы әсіресе түбір ішінде кездеседі. Оған 1929ж. емле
принциптерінің   “Сөздер   жеке   күйінде   естілгенше   жазылады.
Көне   жұрнақ   ықпалы   мен   түбірдегі   дыбыстың   өзгергені   сол
күйінде   жазылады   (  күңгей,  жоңқа)”   (Стенографиялық   есеп,
1930) дегені де себеп болды. Қазіргі қазақ емлесінде ң әрпімен
шеңгел,  қысылтаяң,  моңғол,  бастаңғы,  дүңген,  жөпшөңкі,
жәрмеңке, әмеңгер, аңқау, аңқаю, аңқию, аңсау, аңсар, қаңғу,
қаңқ, қыңсылау, қаңтар, қаңырау, тең, теңбіл, теңге, теңдеу,
теңкию, маңдай, қаңғалақтау, қаңбақ, лаңса, лаң, өң, өңгеру,
өңез, өңшең, міңгір, маңдай, маңыз, маңай, маңғаз, маңқа, маң,
мұңаю,  мұң, саңғу, саңдақ,  саңқ,  саңылау, саңырау, оң,  оңай,
оңаша,   оңаза,   оңалу,   оңбаған,   оңғақ,   оңғару,   оңдалу,   оңдау,
оңдыру, оңқа, оңқай, оңтай, оңу, шәңгірлеу, шәңгіш, шеңбер,
шеңгел, іңгә, іңкәр, іңір т.б. сөздері жазылады. Мұнда <қ>, <ғ>,
<г>,   <к>   фонемаларымен   іргелес   айтылған  ң/н  дыбысының
дүдәмалдығы   басым.   Мұнда   позиция   түрленімі   таңбаланып
кет-кен   деген   күмән   бар.  Ң  әрпін   қазір  оңай,  теңеу,  лаң,
шеңбер, жаңбыр сияқты позициядан табамыз.
Сондай-ақ қазақ тілінде ы, і қысаң езуліктердің нөлмен оп-
позиция құрайтын тұсы бар. Кез келген тілде белгілі бір дауыс-
ты тірек сипат алады, оның дыбыстық реңкі де күшті болады,
әрі түсірілу мүмкіндігі де басым болады. Мысалы, орыс тілін-
де  о,  а,  е  ашық фонемалары редукцияға  жиі  ұшыраса,   қазақ
тілінде ы, і, ұ, ү дыбыстары жиі ұшырайды. Орыс тілінде а, о
фонемаларының құлаққа шалынымды 7 реңкі, е фонемасының
6 реңкі болса, қазақ тілінде ы, і фонемаларының 4 реңкі бар.
Фонема   ұғымының   пайда   болуы   жазу   теориясының
қалыптасуына   әсер   етті.   Біз   қазіргі   қазақ   графикасы   мен
орфографиясының теориялық негіздерін ашу үшін, алдымен жа-
зуды   дербес   құрылымдық   жүйе   деп   танимыз.   Ол   құрылымның
негізгі   деңгейі   –   графикалық   деңгейді   түсіндіру   үшін   графика,
орфография, әліпби категорияларын анықтауда ауызша тілді жазба
тілге көшіретін фонологиялық сүзекі (тетік) – фонема-ны – жазба
тілдің шығу нүктесі ретінде пайдаландық. Графема
– жазба тілдің ең кіші абстракті бірлігі – ауызша тілдің ең кіші
абстракті бірлігі – фонемаға сәйкестендіріліп кодталуына бай-
ланысты ауызша тіл жазба тілге, жазба тілауызша тілге айнала
алады.
86

87

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет