Ке ақ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы



бет1/2
Дата10.04.2023
өлшемі368,12 Kb.
#81024
  1   2


«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ


Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СӨЖ
Пәні:Кәсіпкерлік құқық
Студент: Майконова Сания
Оқытушы: Нұржігіт Әсел


МАЗМҰНЫ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.Банкроттық негіздері және түсінігі.
2.Банкроттық процедурасын жүзеге асыру.
3.Оңалту шаралары.
ҚОРЫТЫНДЫ

Банкроттық негіздері және түсінігі

Банкроттық — кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық кодексінің” 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, “Банкроттық туралы” заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышқор арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен “жалған Банкроттыққа” ұшырау деректері де кездеседі.Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады. Егер бір ай ішінде мұндайлар табылмаса, кәсіпорынның Банкроттықғы туралы іс заң құжаттарында көрсетілген тәртіппен қаралады да кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып, таратылады.Заңды тұлғалардың банкроттығы жағдайында оның салдары атқарушы директорға әсер етуі мүмкін. «ЖШС туралы» Заңның 44-бабына сәйкес, басшылық өзінің міндеттерін орындауға немқұрайлы қарағаны үшін келтірілген шығынның бір бөлігі үшін жауап береді.


Бірінші процедура бойынша азамат соттан тыс банкроттықты жүзеге асыра алады. Бұл үшін келесідей шарттар қойылады: банк, микроқаржы ұйымы және коллекторлар алдындағы қарызы 4,9 млн теңгеден (1 600 АЕК) аспауы керек. Сондай-ақ ресми табысы болмауы керек немесе табысы отбасы мүшелерін қоса алғанда ең төменгі күнкөріс шегінен (адам басына 36 018 теңге) асып кетпеуі қажет.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, борышкердің атында мүлік бол­мауға тиіс. Сонымен бірге қарыз бойынша банкпен есеп айырысу процедурасын жүргізу қажет болады. Жалпы, соттан тыс банкроттық тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.


Екінші процедура сот банкроттығына негізделген. Мұны қарызы 4,9 млн теңгеден асатын қазақстандықтар пайдалана алады. Осы рәсім барысында борышкердің мүлкі болса, ол аукционда сатылады. Түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы берешекті өтеуге жұмсалады. Жеке тұлғаның сот арқылы банкрот болу процедурасымен арнайы тағайындалған қаржы басқарушысы айналысады. Бірақ борышкердің атында бір үй болса және ол кепілге қойылмаған болса, онда оған тиіспейді.


Үшінші процедура аясында клиенттің төлем қабілеті қалпына келтіріледі және сот арқылы қарыздарды 5 жылға дейін бөліп төлеп қайтару нұсқасы қарастырылады. Комитеттің хабарлауын­ша, сауықтыру жоспары қаржы бас­қарушысымен бірлесіп әзірленіп, сотта бекітіледі. Бұл үшін екі тараптың (борышкер мен кредитор) келісімі қажет болады.


Әрине, банкрот болу туралы шешімді мың қайтара ойланып, жеті рет өлшеп, бір рет кескен абзал. Өйткені оның салдары да бар. Мәселен, өзін банкротпын деп жариялаған жеке тұлға 5 жыл бойы займ және несие ала алмайды. Екінші рет банкрот болу үшін араға 7 жыл салу қажет. Сонымен қатар заң бойынша банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді. Сондай-ақ жобада азаматтардың банкрот деп танылған күннен бастап бір жыл ішінде қаржылық сауаттылық курстарынан міндетті түрде өтуі жоспарланған.


«Заң жобасымен жұмыс жалғасып жатыр. Заң қатқыл болуы керек пе, әлде жұмсақтау болғаны жөн бе деген төңіректе талас-тартыс бар. Барлық тарапқа, тіпті банкке заңның әлдеқайда жұмсақ болғаны керек. Егер заң барынша қатаң болса, онда әлеуетті қарыз алушылар саны азайып кетуі мүмкін», дейді қаржыгер Расул Рысмамбетов.


Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, банкроттық бар мәселені шешпейді, бірақ бірқатар проблеманы жояды.


«Соның бірі – соттан тыс банкрот болу мүмкіндігі. Егер жеке тұлға табысынан айырылса, сөйтіп, қарызы артып кетсе және оны төлей алмаса, онда тиісті анықтамалық құжаттарды ұсына отырып сотқа жүгіне алады. Өткір проблеманың бірі – пайызы жоғары несиелерде болып тұр. Мұндай займдардың көбі тұтынушылық несиелерге тиесілі. Кредиттің көбінің пайызы нарықтық бағадан жоғары. Бірақ осындай заң арқылы мемлекет өз азаматтарын қымбат займдардан қорғай алады. Қазір несиесін төлей алмай, коллекторлар қысымына ұшырап жатқан азамат өте көп. Өмірлік қиын жағдайға түскен мұндай адамдарды кім қорғайды? Сондықтан банкроттықты қабылдап, несиеден құтылудың заңдық тәсілі қажет-ақ. Бірақ банкрот бола салу бүкіл түйткіл тарқатылады дегенді білдірмейді. Заң соның бәрін ескеріп, қабылданады деп үміттенемін», дейді экономист.


– 5 миллион теңгеге дейінгі бір жыл ішінде жабылмаған қарызы болса, жеке тұлға өзін банкротпын деп жариялай алады. Ол үшін электронды үкімет порталына немесе Қаржы министрлігінің қосымшасы арқылы өзінің өтінішін ұсынады. Өтініш беру үшін қойылатын негізгі талаптар – азаматтың басында мүлкі болмауы керек, табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен (36 018 теңге) аспауы тиіс және басқа кәсіпкерлігі болмағаны жөн.


Кейін автоматтандырылған тексеру жұмыстары жүргізіледі. Мүлкі, көлігі, жері, кәсіпкерлік табысы бар ма – бәрі тексеріледі. Азаматтың берген ақпаратының рас екені дәлелденген соң банкроттық жайында шешім қабылданады.


Бірінші. Азаматтар өзін банкрот жариялау рәсімін қарызын 12 ай бойы өтей алмаған кезде қолдана алады. Бұл ретте қарыз сомасы 300 мың теңгеден немесе 100 АЕК-тен аспауы керек. Мұнымен қатар, қарызды өтейтін мүлкі болмауы тиіс.

6 айда 5 миллион теңгеге жуық (1600 АЕК) қарызы өтелмеген азаматтар сотқа жүгінбей-ақ өзін банкрот деп жариялай алады.соттан тыс тәртіппен банктер мен микроқаржы ұйымдарда, коллекторлар алдында 5 жылдан астам берешегі бар тұлғалар да қолдана алады.


Екінші. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін тұрақты кірісі бар немесе жоспар негізінде (5 жылға дейін) қарызды өтеудің басқа мүмкіндіктері бар тұлғалар қолдануға құқылы. Қалпына келтіру жоспарын қаржылық басқарушы әзірлейді және сотта бекітіледі.


Үшінші. Қарыз сомасы 5 млн теңгеден (1600 АЕК) асқан жағдайда банкрот рәсімі сот арқылы жарияланады. Сондай-ақ, борышкердің мүлкі сатылуы мүмкін. 






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет