« С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА» Академиялық жұмыс департаменті
Академиялық адалдық кодексі
Редакция: 3
26
беттің 14 беті
бұзушылық туралы істі қарау кезінде дауыс беру құқығы жоқ. Сондықтан
мұндай жағдайларда, сондай-ақ тұрақты мүшелердің біреуі болмаған жағдайда,
Комиссияның уақытша мүшесі тартылады). Комиссия хатшысы апелляциялық
комиссияның басқа мүшелері сияқты дауыс беруге құқылы.
3)
Апелляциялық комиссия академиялық адалдықты бұзушылықтар туралы
істерді қарау күнін белгілейді және білім алушының өтініші келіп түскеннен
кейін 10 күн ішінде отырыс өткізеді. (Апелляцияға берілетін студенттер
апелляциялық комиссия отырыстарын өткізу уақыты туралы нақты ақпарат алу
үшін деканатқа жүгінуі тиіс).
7.2. Апелляцияға беру 1) Студент 1 және 2 - санатты бұзу туралы комиссия шешімінен кейін 48 сағат
ішінде, ал 3-санатты бұзу туралы комиссия шешімінен кейін 10 (он) күнтізбелік
күн ішінде апелляцияға беруге құқылы.
2) апелляцияны қарау мерзімі - тәртіптік жаза қолдану туралы комиссия шешім
қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн. ЕСКЕРТУ: Студент
нақтылаған мына жағдайларда ғана апелляцияға беру мүмкін болады:
3) Академиялық адалдық актісі болған жоқ немесе оқытушы сипаттаған
бұзушылық Академиялық адалдық актісінің анықтамасына сәйкес келмейді.
4) Ұсынылған материалдарда көрсетілген академиялық адалсыздық актісі шын
мәнінде орын алған, бірақ бұзушылық санаты дұрыс анықталмаса.
5) Мәлімделген Академиялық адалсыздық актісі орын алған және бұзушылық
санаты дұрыс анықталған, бірақ оқытушы тағайындаған жаза сәйкес келмесе
Кез келген басқа себептер бойынша берілген ешқандай өзге апелляцияларды
апелляциялық комиссия қарамайды. Тағайындалған отырыс өткізілгенге дейін
комиссия төрағасы берілген өтініштерді қарайтын болады және егер олар
жоғарыда көрсетілген талаптардың ешқайсысына сәйкес келмесе, оларды
қараудан өз қалауы бойынша бас тарта алады.