Кедендік реттеу: маќсаты, ќ±ралы мен болашаѓы


Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 3-тарауының 17-бабында кеден органдарының жүйесі көрсетілген



бет3/8
Дата17.10.2023
өлшемі124,5 Kb.
#116974
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-41379

Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 3-тарауының 17-бабында кеден органдарының жүйесі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының кеден органдарының бырыңғай жүйесін құрайды:
1 кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган;
2 кеден ісі әселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана ) бойынша аумақтық бөлімшелер;
3 кедендер;
4 кеден бекеттері;
5 Қазақстан Республикасының кедендік шекарасысдағы бақылау-өткізу пунктері;
6 мамандандырылған кеден мекемелері ;
Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін кеден ісімәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есеп орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелер негізінде іс-әрекет жасайды. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлмшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс әрекет жасайды. Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылып жалауын мен танылып белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылып жалауының және танылып белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
1.2. Қазақстан Республикасының кеден органдарының
басты мақсаты.
Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 19-шы бабында басты мақсаты анықталған.

  1. Қазақстан Республикасының кеден саясатының әзірлеуге және іске асыруға қатысуы;

  2. өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасыың егемендігі мен экономикалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  3. орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

  4. Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамассыз ету;

  5. Сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қоғау;

  6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

  7. Кеден ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;

  8. өз құзіреті шегінде ваалюталық бақылауды жүзеге асыру;

  9. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орыдалуын қамтамассыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзіретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

  10. Біріңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;

  11. өз құзіреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

  12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу пунктерінде радиациялық бақылау жүргізу;

  13. Қазақстан Республикасы заң актілерінде көделген өзге де міндеттерді орындау болып табылады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет