1.1, Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы. 1991 жылдың 12 желтоқсанында Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру туралы Жарлыққа қол қойды, сонымен бірге өзіне лайық әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі белгіленді. Мемлекеттің құқық саласы әрі қарай 1995 жылы 20 маусымда Қазақстан Республикасының «кеден ісі» туралы Президенттің заң күші бар жарлығы, сонымен бірге 1999 жылы 16 шілдеде Кеден ісі туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен қамтамассыздырылды.
Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазақстан Республикасының жедел іздестіру қызметі туралы заңдарына сәйкес жедел іздестіру қызметін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.
Кеден қызметі 12 желтоқсанның 1991жылы Қазақстан Республикасының кеден комитеті құрылғанға дейін көптеген өзгеріске ұшырады. 1992жылы қараша айында Қаржы министрлігінің басты кеден басқармасына, 1995 жылы Министр кабинетінің тұсында кеден комитеті, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Кеден комитеті ( Үкіметтің құрамына кірмейтін бірақ бағынатын орталық органның мәртебесімен), 1997 жылдың қаңтарынан Мемлекеттік Кеден комитетіне, 1997 жылдың қазан айнан бастап Қаржы министрлігінің тұсында кеден комитеті, 1998 жылдың қазан айыда Мемлекеттік кіріс министрлігінің тұсындағы орталық кеден органы, 2002 жылдың қырқүйегінде Қазақстан Республикасының Кеден Бақылау Агенттігі ретінде құрылды, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кеден комитеті.
Кеден комитетінің құзіретінде заңды тұлға болатын территориялық органдар кіреді оларға жататындар: аймақ бойынша кеден органдарының департаменті, қала бойынша, кеден, кинологиялық орталықтар және орталық кеден зертханасы. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы құрамы бойынша халықаралық кеден құқығына, конституциялық, әкішілік, қылмыстық, қаржылық және салықтық заңдарына тіреледі. Сонымен бірге кеден заңнамаларына Қазақстан Республикасының Үкіметінің құқықтық актілері, Кеден комитетінің құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тағы басқа орталық мемлекеттік органдарының құқықтық актілерінен тұрады.
Кеден саласы Қазақстан үшін бірден-бір мемлекеттік егемендігін және тәуелсіздігін оның экономикалық қауіпсіздігін, сыртқы саясатын оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралы болып табылады.
Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, әрі жүзеге асыруға бағытталған саяси құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және тағы басқа шаралар жүйесі.
Қазақстан Республикасының кеден органдары өзінің құзіретін Қазақстан Республикасының кеден аймағында жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар(теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, содай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де обьектілер құрайды.
(курстық жұмыстың соңында жоба түрінде көрсетілген 1-ші жоба). Сонымен бірге Қазақстан Республикасының кеден аймағында еркін кеден аймақтары және еркін қоймалар болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының кеден шекарасының жалпы көлемі 13мың километрден астам оның ішінде Ресеймен - 7 мың км астам, Өзбекістанмен- 2 мың км, Туркіменістанмен - 400км, Қырғызстамен – 1мың км, Қытаймен- 1,7 мың км, теңіз шекарасының ұзындығы 1,7 мың км.
Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңы кеден режимдерін және кеден төлемдерін есептеу тәртібін анықтайды, тауарлар мен көлік құралдарын кеден рәсімдеудің тәртібін, кеден органдарының мәртебесін, заңды және жеке тұлғалардың арасындағы құқықтық қатынастарды реттейді.
Республиканың кеден ұйымдарының алдында республиканың ұлттық қаупсіздігін қамтамассыз ететін мынандай міндеттер тұр: қару-жарақ пен есірткіні контрабандалық жолмен өткізумен күресу, тұтынушыларды денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп туғызатын азық-түліктер мен тауарлардн қорғау, терроризмнің алдын алу,
стратегиялық және ядролық материялды материялды заңсыз әкетуді болдырмау, ұлттық рыноктың өзін-өзі қамтамассыз ету принциптеріне қайшы келмейтіндей дәрежеде импорттың көлемі мен құрылымың ұлғаюына жағдай жасау, ойшылдық және көркемөнер құндылықтарын алып өтуді болдырмау, мемлекеттің кұрылымын бұзуға, ұлттар арасында алауыздық туғызуға бағытталған ақпараттық материалдарды өткізбеу және тағы басқа шараларды жүзеге асырады.