Кедендік реттеу: маќсаты, ќ±ралы мен болашаѓы


Қазақстан Республикасының кеден органдарының міндеттері кеден кодекстің 24-ші бапта көрсетілген



бет5/8
Дата17.10.2023
өлшемі124,5 Kb.
#116974
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-41379

Қазақстан Республикасының кеден органдарының міндеттері кеден кодекстің 24-ші бапта көрсетілген.

  1. сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі салсындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;

  2. төмен тұрған кеден органдарының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне шағымдарды қарауға;

  3. өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;

  4. тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға;

  5. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәрттіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзееге асыруға;

  6. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;

  7. өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруынажәрдем көрсетуге;

  8. кеден төлемдердің және салықтардың толық өндіріп алынуын және бюджетке уақытылы аударылуын қамтамассыз етуге;

  9. бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны белгіленген тәртіппен өндіріп алуға;

  10. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешімдер, рұқсаттар, біліктілік аттестаттарын беру туралы шешім қабылдауға;

  11. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;

  12. мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;

  13. өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын күзетуді және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамассыз етуге;

  14. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін, кеден органдарының лаузымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамассыз етуге;

  15. өз құзіреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізу;

  16. кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғасдығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;

  17. өз құзіреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың,сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жасауға жекелеген іс жүргізу іс- әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге;

  18. ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамассыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

  19. Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;

  20. сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстн Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамассыз етуге;

  21. кеден ісі саласында келіп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де іс-әрекеттерді жасалуын қамтамассыз етуге;

  22. кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыруға;

  23. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет