3. Өнертабысқа өтінімді қарау тәртібі
65. Егер мәлімделген өнертабыс құпиялы болып табылса, Заңның 5-бабының 6-тармағына
сәйкес өнертабысқа құқықтық қорғау берілмеуі туралы өтінім берушіге хабарлама
жасалынады.
66. Берілген өтінімнің төлемін тексеру:
Өнертабыс патентін беру өтінімнің тіркелген құжаттарында өтінім беруге белгіленген
мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжаттың болуы тексеріледі.
Осындай құжат болмаған жағдайда және (Ұлы Отан Соғысы ардагерлері, мүгедектер,
жалпы білім беру мектеп және колледж оқушылары, жоғарғы оқу орны студенттері, Қазақстан
Республикасының кіші және орта бизнес субъектілері), оның мөлшерiн азайту негiздемесiн
растайтын құжаттың болмағанында, өтінім берушіге жоқ құжаттың (құжаттардың) және/немесе
белгіленген мөлшерге дейінгі төлемнің жүргізілгені туралы құжатты тапсыру туралы
хабарлама жасалады, Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес олар өтінім құжаттарының келіп
түскен күнінен бастап екі ай ішінде тапсырылады.
Төлем жөнiндегi аталған құжаттардың белгiленген мерзiм мен белгіленген мөлшерде
тапсырылмаған жағдайында өтiнiм берiлмеген болып есептеледi және ол бойынша іс
жүргізілмейтіні туралы өтінім берушіге хабарлама жіберіледі.
67. Өтінімнің берілген күнін анықтау:
1) өнертабысқа, өнертабыс сипаттамасы мен сызбаларға, егер сипаттамада оларға
сілтеме болса патент беру туралы өтінімі бар өтінімнің сараптама жасау ұйымына келіп
түскен күні бойынша өтінімнің берілген күні анықталады.
Егер өтінім келіп түскен күні өтінім ішінде жоғарыда аталған мәліметтер
және/немесе құжаттар болмаса, олардың ең соңғысының келіп түскен күні өтінімнің берілген
күні болып саналады;
2) егер бастапқы келіп түскен құжаттар осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарын
қанағаттандырмаса, өтінім берушіге сұраным жіберілген күннен бастап үш ай ішінде осы
кемшіліктерді жою ұсынысы бар сұраным жіберіледі.
3) өтінімдегі кемшіліктердің жойылғанын көрсететін материалдардың келіп
түскенінде, олардың келіп түскен күні өтінімнің берілген күні болып белгіленеді.
4) осы тармақтың 2) тармақшасымен көзделген мерзімде сұралған материалдар келіп
түспеген жағдайда, өтінім берілмеген болып саналады. Өтінім берушіге өтінімнің берілмеді
болып танылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
68. Өтінім туралы мәліметтер сараптама жасау ұйымына келіп түскен кезінен бастап,
патент беру туралы мәліметтердің жарияланымға дейінгі мерзімді құпия болып саналады және
жариялауға жатпайды.
69. Өнертабысқа патент бергенде, шет елдерінде сараптама жасау ұйымына берілген
өтінімге өтінім берушінің өтінімі бойынша сараптама жасау ұйымы бірінші өтінімнің
куәландырылған көшірмесін сараптама жасау ұйымына оның берілген күнінен бастап үш айдан
кейін береді. Сараптама жасау ұйымының рұқсаты бойынша бірінші өтінімнің куәландырылған
көшірмесі көрсетілген мерзімнен бұрын берілуі мүмкін.
Өтінім берушінің бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесін белгіленген мерзімнен
бұрын беру туралы қолдаухаты бойынша бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесі
дайындалады.
70. Өнертабысқа патент беруге арналған өтінімнің формальды сараптамасы
Қағидалардың 74-тармағына сәйкес өтінімнің берілген күні анықталғаннан бастап
жүргізіледі.
71. Өтінімге формальды сараптама жүргізгенде:
өтінімде болуы керек немесе оған осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарын сақтау
арқылы қоса берілетін құжаттардың болуы;
өтінім беру үшін белгіленген мөлшердегі тиісті төлемдер;
осы Қағидалармен өтінім құжаттарына белгіленген талаптардың сақталуы, соның ішінде
өнертабыстың мәнін талдамай өнертабыс бірлігінің талаптарын сақтау;
Заңның 36-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайларда өтінім бойынша іс жүргізу
тәртібін сақтау, соның ішінде патенттік сенім білдірушінің өкілеттігін куәландыратын
сенімхаттың болуы және оның дұрыс ресімделуі;
қосымша материалдарды берудің белгіленген тәртібінің сақталуы;
өтінім беруші жүргізген өнертабыстың ХПЖ бойынша жіктелудің дұрыстығы (егер ол жоқ
болса, осындай жіктелу жүргізіледі) тексеріледі.
72. Егер формальды сараптама кезінде өтінім құжаттарының талаптары бұзыла отырып
ресімделгені анықталса, өтінім берушіге анықталған кемшіліктері көрсетілген, заң
сипатындағы қажетті дәлелдерді келтіріп және жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды
осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді ұсынылған сұраным
жіберіледі. Бірінші өтінімнің (өтінімдердің) жетіспеген көшірмесі (көшірмелері)
конвенциялық басымдықты сұратқан жағдайда сараптама жасау ұйымына өтінімнің келіп түскен
күнінен бастап алты ай ішінде беріледі.
Сұраным негіздемелері болып табылатындар:
1) осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарымен көзделген құжаттардың біреуінің
өтінімде болмауы;
2) өкілге сенімхатты ресімдеудің талаптарын бұзу;
3) өтінім құжаттарының даналарын белгіленген мөлшерден кем тапсырғанда;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті
органда патенттік сенім білдірушілер арқылы емес тіркелген шетелдік заңды тұлғалармен
өтінім берілген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының халықаралық нөмірімен осындай
тапсырудың тәртібі белгіленбесе, патенттік сенім білдірушіні тағайындау қажеттігі;
5) өтінімде осы Қағидалардың көзделген қажетті мәліметтердің, деректемелердің,
қолдардың, мөр бедерлемесінің, сондай-ақ өтінімде келтірілген мәліметтерді нақтылау
қажеттілігінің болмауы;
6) төлемге байланысты мәселелерді анықтау қажеттілігі;
7) құжаттарды ресімдегенде тікелей көшірмеге кедергі болатын кемшіліктерді анықтау
(парақ форматы, шеткі мөлшер талаптарын бұзу, баспа сапасы, өтінім материалдарын оқу
қиындығы);
8) егер өнертабыс атауын арнайы атау енгізілсе, Қазақстан Республикасында
қорғалатын үшінші тұлғалардың құқығын бұзуға байланысты мәселелерді айқындау
қажеттілігі;
9) өтінімде жалпыға қол жетімді болып табылмайтын ақпарат көздеріне сілтемесі
болғанда, не ондағы қандай да бір мәліметтерді жариялауға мүмкін емес нұсқаудың болуы
(патент туралы мәліметтерді жариялағанда аты аталғанын қаламаған авторлар туралы
мәліметтерді санамағанда);
10) құқықтық қорғау сұралып отырған өнертабыс объектісінің өнертабыс формуласында
көрсетілмеуі;
11) өнертабыс формуласында объектінің тиісті түрінің белгілерінің орнына тек оны
жүзеге асыру кезінде және/немесе пайдаланғанда орын алғанда пайдалану көрсеткіштері мен
тұтынушы қасиеттері, тиімділігі мен құбылыстары туралы деректердің болуы;
12) формула тармағын бір сөйлем түрінде мазмұндау туралы осы Қағидалардың 27-
тармағындағы талаптың бұзылуы;
13) теңдестіруді қамтамасыз ететін өнертабыс белгілерінің формуласында мазмұндау
туралы Қағидалардың 22-тармағындағы 5) тармақша талаптарының бұзылуы;
14) оның орындалуы немесе пайдаланылуының жеке жағдайларында қоғамдық мүдделерге,
адамгершілік және моральдік қағидаларға қайшы келетін белгілердің көп тізбекті өнертабыс
формуласындағы тәуелді тармақтарында болуы;
15) осы Қағидалардың 29-тармағындағы талаптардың бұзылуы, оған сәйкес формуланың
тәуелсіз тармағы тек бір өнертабысқа қатысты болу керек;
16) өнертабыс формуласындағы тәуелсіз тармақтың болуы, ол сол формуланың өзіне
тәуелді болатын тармағындағы белгінің (белгілердің) алынып тасталуын немесе ауыстырылуын
болжайды;
17) өтінім құжаттарының бір-біріне сәйкес келмеуі (атап айтқанда, өтінімдегі
өнертабыстың атауы сипаттамадағы атауға сәйкес келмейді; сызбалар өнертабыстың
сипаттамасына сәйкес келмейді);
18) рефератқа қойылған осы Қағидалардың 37-тармағындағы талаптардың бұзылуы;
19) өнертабыс формуласында, сипаттамасында және рефератта жалпы қолданылатын
терминологияның пайдаланылуы туралы және өтінім материалдары мәтінінде терминология
бірлігін сақтау туралы осы Қағидалардың 41-тармағындағы талаптардың бұзылуы;
20) өтінімде сұралған бұрынғы басымдыққа байланысты мәселелерді анықтау
қажеттілігі;
21) мәлімделген өнертабыстың (өнертабыс тобының) мәнді талдауысыз анықталған
сипаттамасына, формуласына және рефератқа қойылған осы Қағидалардың басқа талаптарының
бұзылуы.
Сұранымда бір өнертабысқа немесе бірыңғай жасампаздық ойды білдіретін өнертабыс
тобына жататын нақтыланған сипаттама мен формуланы тапсыруды өтінім берушіге ұсынылады.
Сұранымға сәйкес енгізілген түзетулері, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы
бойынша жасалған түзетулері бар өтінім берушімен түзетілген құжат Қағидалардың 94-
тармағындағы талаптарды сақтай отыра беріледі.
Сараптаманың сұранымына жасалған жауап оның жіберілген күнінен бастап үш айдан
кешіктірілмей берілуі керек.
Өтінімнің сараптамасы сұранымға жауап алғанша тоқтатыла тұрады.
Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылып отырған құжаттарды немесе осы
Қағидалардың 62-тармағындағы талаптарды сақтай отыра олардың мерзімін ұзарту туралы
өтінішхатты тапсырмаса, өтінім шақырылып алынған болып саналады, бұл туралы өтінім
берушіге хабарлама жіберіледі.
Сараптама сұранымының беру мерзімі Заңның 22 бабының 13 тармағына сәйкес қалпына
келтірілуі мүмкін.
73. Өтінім мәнін жіктеу.
Өтінім мәнін техниканың сол немесе өзге саласына сәйкестіру мақсатында сараптама
жасау ұйымы мәлімделген өнертабысты ХПЖ-ға сәйкес жіктейді.
Жіктеу:
формальды сараптама жүргізгенде;
ақпараттық іздестіру және/немесе мәні бойынша өтінім сараптамасын жүргізгенде
жүзеге асырылады.
Жіктеу ХПЖ-ның Кіріспесімен белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Жіктеу жүргізгенде мәлімделген өнертабыстың формуласы жіктеу индексін таңдау үшін
негіздеме болып табылады.
Өнертабыстың мәнін толық түсіну үшін сипаттама мен сызбалар қолданылады.
Егер өтінім ХПЖ-ның әр түрлі тақырыптарына жататын бірнеше объектілерді қамтыса,
онда барлық тиісті жіктеу индекстері белгіленеді. Бұл ретте бірінші индекстің таңдауы
өнертабыстың атауымен анықталады.
Формальды сараптама сатысында анықталған жіктеу индекстері өтінімге мәні бойынша
сараптама жүргізгенде өзгертілуі мүмкін.
74. Өтінім берушіге өтінімдер мен түзетілген немесе айқындалған материалдардың
белгіленген талаптарға сәйкессіздігі туралы хабарлама жіберіледі.
1) егер мәлімделген өнертабыстардың мәндік талдауысыз өтінімді қарастыру
нәтижесінде өтінімнің өнертабыс бірлігін бұза отырып берілгені анықталса, өтінім
берушіге бұл туралы хабарлама жасалады және оны жіберген күннен бастап үш айдың ішінде
өнертабыстың қайсысы қаралу керектігін және өтінім материалдарына сәйкесінше нақтылауды
енгізу хабарланады.
Өнертабыстың бірлік талаптарын сақтау өнертабыстың алғашқы формуласына қатысы
бойынша немесе, егер ол өзгертілсе, өтінім берушімен бекітілген тәртіпте ұсынылған
соңғысына қатысы бойынша тексеріледі.
Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде өнертабыстың (немесе бірлік талабына сай
өнертабыс тобын, егер осындай топ мәлімделген өнертабыстардың ішінде болса) қайсысын
қарау керектігін хабарламаса, және нақтыланған құжаттарды тапсырмаса, сараптама тек
формулада бірінші болып көрсетілген өнертабысқа (немесе формулада бірінші болып
көрсетілген, топты құрайтын өнертабыс бірлігінің талаптарына сай өнертабыстарға) қатысты
жүргізіледі.
2) егер қосымша материалдар мәлімделген өнертабыс мәнін толығымен немесе ішінара
өзгертсе және/немесе Қағидалардың 94-тармағымен көзделген талаптарды сақтамай
тапсырылса, сараптама жүргізгенде олардың толығымен немесе тиісті бөлігінде назарға
алынбауы мүмкіндігі туралы өтінім берушіге хабарланады.
Бұл ретте, өтінімнің құжаттарын түзететін немесе нақтылайтын қосымша материалдар
осы Қағидалардың 55-тармағының талаптарын бұзып берілгені анықталса, өтінім беруші бұл
туралы хабарланады.
Өтінім материалдарында сұранымға негіз болатын Қағидалардың өзге талаптарының
бұзылғаны болған жағдайда, осы бұзушылықтар туралы хабарламалар сұранымда келтіріледі.
75. Егер өтінімде барлық қажетті құжаттар болса және оларға қойылған талаптар
сақталса, өтінім беруші формальды сараптаманың оң нәтижесі туралы хабарландырылады.
76. Өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізгенде:
өнертабыс басымдығын анықталады;
өнертабыстың формуласын тексереді;
қосымша материалдардың тексеріледі, егер осындай құжаттар Заңның 22-бабының 8-
тармағына сәйкес өтінім берушімен тапсырылса;
техника деңгейін анықтау үшін формулада сипатталған өнертабысқа қатысты ақпараттық
іздестіру жүргізіледі;
патент беру не патент беруден бас тарту туралы шешімді немесе өтінімнің қайта
шақырылып алынғаны туралы шешімнің Заңмен бекітілген патент қабілеттілігінің тарына
өнертабыстың сәйкестігін тексеру жүргізу.
77. Формальды сараптама оң нәтижемен аяқталған жағдайда және өтінімге мәні бойынша
сараптамаға ақы төленген жағдайда өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізіледі.
78. Өнертабысқа күн бойынша басымдық Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес
жүргізіледі.
79. Өтінім беруші сараптама жасау ұйымына жіберген өтінім күнінен ерте күнге
басымдық сұрағанда Заңның 20-бабының 2-6-тармақтарында көрсетілген шарттардың
орындалғандығы тексеріледі.
80. Өтінім берушінің бұрын берілген өтініміне қосымша материалдардың келіп түскен
күні бойынша конвенциялық басымдықты Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі
және тексеріледі:
өтінімде көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) конвенциялық өтінімді беруге құқығының
болуы;
конвенциялық басымдықты сұрағанда өтінім берушімен мерзімнің сақталуы (сараптама
жасау ұйымына өтінімнің түскен күнінен бастап екі айдан асырмай);
бірінші өтінімнің көшірмесінің болуы және оны тапсыру мерзімін сақтау (сараптама
жасау ұйымына өтінімнің түскен күнінен бастап алты айдан асырмай). Егер бірінші
өтінімдер бірнешеу болса, аталған тар өтінімнің әрбір көшірмесіне қатысты сақталуы
керек;
Бірінші өтінімнің берілген күнін санағанда он екі ай мерзімді өтінім берушімен
сақталуы, осы мерзім ішінде конвенциялық өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түсуі
керек. Егер өтінім аталған мерзімнен кеш, бірақ оның аяқталған күнінен бастап екі айға
дейін түссе, аталған он екі ай мерзім ішінде өтінім беруге кедергі болған, оған
бағынышты емес жағдайларды өтінім берушімен аталғаны тексеріледі, және олардың құжатпен
расталу қажеттілігі, егер осындай растау жоқ болса, белгіленеді.
81. Сол өтінім берушінің сараптама жасау ұйымына неғұрлым бұрын берiлген өтінімнің
күні бойынша басымдық Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі және келесі
талаптардың сақталуы тексеріледі:
осындай басымдық бойынша сұралып отырған өтінім өнертабысқа неғұрлым бұрын
берілген өтінімнің күнінен бастап он екі ай ішінде немесе пайдалы модельге өтінімнің
неғұрлым бұрын берілген күнінен бастап алты ай ішінде келіп түсуі керек;
өтінім берілген өнертабыс келіп түскен күні бойынша басымдық сұралатын қосымша
материалдарда ашылуы керек.
82. Өтінім берушінің алғашқы өтінімінің сараптама жасау ұйымына берген күні
бойынша осы өнертабысын ашатын бөлектенген өтінімі бойынша өнертабыс басымдығы
Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес орнатылады және келесі талаптардың сақталуы
тексеріледі:
осындай басымдық бойынша сұралып отырған өтінім өнертабысқа неғұрлым бұрын
берілген өтінімнің күнінен бастап он екі ай ішінде немесе пайдалы модельге өтінімнің
неғұрлым бұрын берілген күнінен бастап алты ай ішінде келіп түсуі керек;
осындай басымдық бойынша сұралып отырған өтінім неғұрлым бұрын берілген өнертабыс
немесе пайдалы модельге өтінім сияқты сол өтінім берушімен немесе оның құқықтық
мирасқорымен берілуі керек;
өнертабыс немесе пайдалы модельге неғұрлым бұрын берілген өтінімде мәлімделген
өнертабыс ашылуы керек;
бұрын берілген өтінім бойынша неғұрлым бұрын берілген басымдық сұралмауы керек.
Бұрын берілген өтінімдердің негізінде басымдықты сұрағанда аталған талаптардың
сақталуы олардың әрбіріне қатысты белгіленеді.
Аталған басымдықты сұрағанда неғұрлым бұрын берілген өтінім (немесе барлық
өтінімдер, егер олар бірнешеу болса) қайтадан шақырылып алынған (алынғандар) болып
саналады, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.
83. Сол өтінім берушінің алғашқы өтінімінің сараптама жасау ұйымына берген күні
бойынша осы өнертабысын ашатын бөлектенген өтінімі бойынша өнертабыс басымдығын өтінім
беруші сұрағанда Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес келесі талаптардың сақталуы
тексеріледі:
бөлектенген өтiнiм сараптама жасау ұйымына өнертабыс немесе пайдалы модельге
бастапқы өтінім бойынша шағым беруге мүмкіндіктері тәмәмдалған (демек өтінім бойынша іс
жүргізуді жалғастыру мүмкіндігі кезеңінде), патент беруден бас тарту туралы шешімді
қабылдағанға дейін, немесе өнертабысқа немесе пайдалы модельге патент беру туралы
шешімді бастапқы өтінім бойынша қабылдаған жағдайда, қорғау құжатының Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тізілімінде тіркелген күніне дейін түсуі керек; Бөлектенген
өтінім бойынша мәлімделген өнертабыс бастапқы өтінімде, ал егер өтінім конвенциялық
өтінімнен бөлінсе және басымдық оның басымдық күні бойынша сұралса, онда бірінші
өтінімде ашылуы керек.
84. Өтінім берушімен бірнеше басымдықтар сұралған жағдайда, осындай басымдықтарды
сұрау үшін өтінім берушімен көрсетілген негіздемелерге байланысты осы Қағидалардың 80-
83-тармақтарында аталған тиісті талаптардың сақталуы белгіленеді.
Сонымен, формуланың тәуелсіз және тәуелді тармақтарында сипатталған өнертабысқа
қатысты берілген күндері әр түрлі алғашқы екі өтінімнің негізінде әр түрлі конвенциялық
басымдықтар сұралса Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 80-тармағында
көрсетілген талаптардың өтінім берушімен сақталуы белгіленгенде бірінші екі өтінімнің
көшірмелері, бірінші екі өтінімнің күндеріне қатысты он екі айлық мерзімнің сақталуы
тексеріледі.
85. Өнертабыс басымдығын белгілеу талаптарын сақталуын тексеру:
1) өнертабыс басымдығын белгілеу талаптарын сақталуын тексергенде, осы
Қағидалардың 81-83-тармақтарына сәйкес басымдықты сұрағанда негіз болған, егер өтінім
қайта шақырылып алынған болып саналса, өтінім берушіге өткізіліп алынған мерзімді
қалпына келтіру қажеттігі туралы хабарланады.
Сұралған басымдықты белгілеу ретінде көрсетілген мерзімді өтінім берушімен
сақталуын тексергенде, Қағидалардың 61-тармағын басшылыққа алу керек.
2) басымдықты сұратуға негіз болатын алдында берілген материалдарға (алдында
берілген өтінімдер, қосымша материалдар) ұсынылған өнертабысты ашумен байланысты
талаптарды өтініш беруші орындаған жағдайда, осы материалдарда (сипаттамасында, алдында
берілген өтінім формуласында, қосымша материалдардың текстілік бөлігінде) мәлімделген
өнертабыстың формуласына қосылған барлық белгілердің көрсетілгендігі тексеріледі.
3) осы Қағидалардың 80-84-тармақтарында көрсетілген талаптардың өтінім берушімен
сақталғанда мәлімделген өнертабысқа қатысты сұралған басымдық белгіленеді.
4) өнертабыс басымдығы конвенциялық өтінімнен бөлінген өтінім бойынша сұралғанда,
осы Қағидалардың 83-тармағының талаптары сақталғанда, өнертабыс басымдығы конвенциялық
өтінімнің басымдық күні бойынша белгіленеді. Бұл ретте бөлектенген өтінімнің берілген
күні болып сараптама жасау ұйымына конвенциялық өтінімнің берілген күні саналады.
5) Қағидалардың 81-84-тармақтарында көрсетілген талаптардың ішінен біреуі
сақталмағанда, Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім
берген күн бойынша өнертабыстың басымдығы белгіленеді (бұл туралы өтінім берушіге алдын
ала хабарлама жасалынады).
Егер аталған талаптар формуланың көптізбекті тармақтарының бірінде сипатталған
өнертабысқа қатысты сақталмаса, сараптама жасау ұйымына өтінім беру күні бойынша
басымдық тек осы өнертабыс үшін белгіленеді.
86. Өнертабыстың формуласын тексеру:
1) формальды сараптама нәтижесі бойынша қарауға қабылданған өнертабыс формуласына
қатысты тексеріс жүргізіледі, ал егер ол формальды сараптама аяқталған соң өтінім
берушімен өзгертілсе - онда осы Қағидалардың 94-тармағында көрсетілген талаптарды
сақтаған жағдайда (қосымша материалдарды тексеру) өзгертілген формулаға қатысты
жүргізіледі. Өтінімге формальды сараптама жүргізген кезде өнертабыс бірлігі талаптары
бұзылғаны анықталған болса және өтінім беруші белгіленген мерзімде қандай өнертабыс
берілген өтінім шектігінде қарауға жататынын хабарлағанда, тексеріс осы өнертабыстың
формуласына қатысты жүргізіледі.
Егер белгіленген мерзім ішінде өтінім берушіден өтінім түспесе, тексеріс формулада
бірінші көрсетілген өнертабысқа қатысты жүргізіледі.
2) өнертабыс формуласын тексергенде мәлімделген өнертабыстың барлық мәнді
белгілерінің болуы анықталады, олардың жиынтығы өтінім берушімен осы Қағидалардың 22-
тармағының 4) тармақшасына сәйкес аталған техникалық нәтижені алуға жеткілікті.
Егер мәнді белгі, онсыз техникалық нәтиже (егер өтінім беруші бірнешеу етіп
көрсетсе, нәтижелердің ешқайсысы) алынбайды, өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағына
енгізілмесе, бірақ сипаттамада немесе формуланың тәуелсіз тармағында көрсетілсе, өтінім
берушіге формуланың тәуелсіз тармағына осындай белгіні енгізу ұсынылады. Бұл ретте
техникалық нәтижеге жету үшін осындай белгінің қажеттігін растайтын дәлелдер
келтіріледі. Осындай дәлелдер белгілер мен техникалық нәтиже арасындағы ашық себеп-
салдар сипаттамасына немесе мәлімделген өнертабыс сараптамамен жүргізілген теориялық
талдауына негізделе алынады.
Қаралып отырған формуланың тәуелсіз тармағы мәнсіз белгілерді немесе мәлімделген
Достарыңызбен бөлісу: |