Кейбір өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау


 Қазақстан Республикасы пайдалы модельдерінің мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата12.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#9252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

   4. Қазақстан Республикасы пайдалы модельдерінің мемлекеттік 
тізіліміне мәліметтер енгізу және қорғау құжатын беру тәртібі 
      99. Патент беру туралы шешімнің негізінде және патент беруге және оның берілгені 
туралы мәліметтерді жариялауға дайындық үшін тиісті төлем расталған, сондай-ақ берілгені 
үшін мемлекеттік баж төленген жағдайда пайдалы модельді сараптама жасау ұйымы Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік пайдалы модельдер тізілімінде тіркеп, тиісті реттік нөмір 
береді және мәліметтерді енгізу күнін көрсетеді.
 
      пайдалы модельге патенттің нөмірі;
 
      ХПК айдарының (айдарларының) индексі;
 
      ол бойынша патент берілген өтінімнің нөмірі мен берілген күні;
 
      егер өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күннен өтінім бойынша басымдықтың 
бұрын күні белгіленген болса, оның негізінде пайдалы модель басымдығы белгіленген 
бірінші өтінімнің нөмірі, берілген күні, ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды;
 
      автор (авторлар) ретінде өзінің көрсетілуінен бас тартпаса, оның (олардың) аты;
 
      патент иесінің аты немесе атауы;
 
      ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес пайдалы модель авторының (авторларының) тұратын 
елінің коды (кодтары) және патент иесінің тұрғылықты жері (болатын жері);
 
      патенттік сенім білдірілген өкілдер туралы мәліметтер,
 
      пайдалы модельдің атауы;
 
      пайдалы модельдің формуласы (өтініш берілген тілде);
 
      сызба (графикалық материал).
 
      Өтінім иесінің ӨН-ПМ-2 нысаны бойынша ұсынылған өтінімхаты бойынша сараптама жасау 
ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялай алады.
 

      Сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге патент берілгеннен кейін оның құқықтық 
мәртебесінің кейінгі өзгерістері туралы апелляциялық кеңестің, сот органдарының 
шешімдері негізінде, уәкілетті органның немесе сараптама жасау ұйымының хабарламалары 
және патент иелерінің (олардың құқықтық мирақорлары немесе өкілдерінің) өтініштері 
негізінде мәліметтер енгізіп отырады.
 
      100. Патент және оны беру тәртібі:
 
      Мемлекеттік тізілімге енгізілген мәліметтердің негізінде уәкілетті орган патент 
береді.
 
      Патент мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
 
      Патентте:
 
      патенттің нөмірі;
 
      пайдалы модельдің атауы;
 
      патент иесі – жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және заңды 
тұлғаның толық атауы, тұратын елінің коды, және ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша шетелдік 
патент иесінің тұратын жері;
 
      авторы (авторлары) – тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);
 
      тіркеу нөмірі және өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күні;
 
      егер өтінімді берген күннен айырмашылығы болса, басымдығы көрсетіледі.
 
      Патентте мемлекеттік және орыс тілдерінде «Өзгерістер енгізілгені туралы 
мәліметтер осы патентке қосымша түрінде жеке парақта келтіріледі» деген жазба жасалады;
 
      Патент берілгенде бір мезгілде уәкілетті органның ресми бюллетенінде патент туралы 
мәлімет жарияланады;
 
      Аттарына патент сұралатын адамдар біренешу болса, бір патент беріледі.
 
      Патент иесі болып табылмайтын пайдалы модель авторына оның авторлығын растайтын 
ресми куәлік беріледі.
 
      пайдалы модель сипатталған патент және авторлардың куәліктері жиынтықта патент 
иесінің заңды мекен жайына немесе өкілдің (патенттік сенім білдірілген адамның) мекен 
жайына оған берілген сенімхатқа немесе жазбаша өтініші бойынша өтінім иесі (патент иесі) 
көрсеткен басқа да мекен жайға тапсырыспен почта жіберілімі арқылы жолданады. Өтінім 
иесі патент берілгенге дейін патент жіберу үшін уәкілетті органға немесе сараптама жасау 
ұйымына тұрғылықты мекен жайының немесе тұратын жерінің өзгергені туралы хабарлауға 
міндетті.
 
      Патент иесіне патент тапсырылған кезде жеке адам үшін жеке куәлігі немесе патент 
алу үшін заңды тұлғаның сенімхаты болуы керек. Патент және шетелдік патент иелерінің 
авторлары куәліктері уәкілетті органда тіркелген патент сенім білдірілген адамға 
табысталады.
 
      Егер патент беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе 
сонда тұратын бірнеше адам бірге берсе, онда патент және оның авторларының куәліктері 
бірінші болып көрсетілген патент иесіне тапсырылады немесе жіберіледі.
 
      Егер патент беру туралы өтінішті бірге тұрмайтын немесе Қазақстан Республикасының 
аумағында болмайтын бірнеше адам берген болса, онда патент пен оның авторларына куәлік 
бірінші болып көрсетілген ұлттық патент иесіне тапсырылады немесе жіберіледі.
 
      патентке қатысты кейінгі (тіркелген шарттар туралы мәліметтерді қоса алғанда) 
толықтырулар, нақтылаулар немесе түзетулер, патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту және 
оның әрекетін қалпына келтіру туралы өзгерістер туралы Мемлекеттік тізілімде жазба 
жасалғаннан кейін уәкілетті орган патентке қосымша береді, Қосымшада «Осы Қосымша 
патенттің ажырамас бөлігі болып табылады» деген жазба жасалады, Қосымша мемлекеттік және 
орыс тілдерінде толтырылады.
 
      Атауына және патент иесінің мекен жайына өзгерістер тиісті өзгерістерді растайтын 
құжатты (мысалы, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі) және 
төлем туралы құжатты қоса бере отырып, қорғау құжатының нөмірі көрсетілген жазбаша 

өтініш бойынша жүргізіледі.
 
      Шетелдік өтінім иелерінің (патент иелерінің) өкілдері ұсынған ресми құжаттар 
тиісті құжаттарда апостиль қою жолымен куәландырылады.
 
      Патенттің түпнұсқасы жоғалған немесе жарамсыз күйге келтірілген жағдайда патент 
иесінің, патент иесінің сенімхаты бойынша оның құқықтық мирасқорының, уәкілетті өкілінің 
(патенттік сенімді адамының) өтініші бойынша және тиісті төлем расталғанда оның 
телнұсқасы беріледі.
 
      Құқықтық мирасқор өтініш берген жағдайда өтінішке құқықтық мирасқор екенін 
растайтын құжаттың расталған көшірмесі қоса беріледі.
 
      Телқұжат Мемлекеттік тізілімде патент беру туралы жазба болғанда ғана берілуі 
мүмкін.
 
      Телқұжат онда көрсетілетін мәліметтердің құрамы бойынша берілген патенттің 
тұпнұсқасына сәйкес келеді, бірдей заңдық күші болады және мемлекеттік және орыс 
тілдерінде «Телқұжатты Қазақстан Республикасы әділет министрлігі берген» деген мөртаңба 
басыла отырып, патенттің тиісті нысаны бойынша беріледі.
 
      101. Пайдалы модельге патент туралы мәліметтерді жариялау ол Мемлекеттік тізілімде 
тіркелген жағдайда ғана жүргізіледі.
 
      Өтініш берілген күннен бастап он екі ай өткеннен кейін патент беру туралы 
мәліметтер жарияланған жағдайда сараптама жасау ұйымы «Өнеркәсіп меншігі – Промышленная 
собственность» ресми бюллетенінде «Пайдалы модельдер – Полезные модели» бөлімінде 
мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді жариялайды:
 
      пайдалы модельге патенттің нөмірі;
 
      ХПК айдарының (айдарларының) индексі;
 
      ол бойынша патент берілген өтінімнің нөмірі мен берілген күні;
 
      егер өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күннен өтінім бойынша басымдықтың 
бұрын күні белгіленген болса, оның негізінде пайдалы модель басымдығы белгіленген 
бірінші өтінімнің нөмірі, берілген күні, ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды;
 
      автор (авторлар) ретінде өзінің көрсетілуінен бас тартпаса, оның (олардың) аты;
 
      патент иесінің аты немесе атауы;
 
      ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес пайдалы модель авторының (авторларының) тұратын 
елінің коды (кодтары) және патент иесінің тұрғылықты жері (болатын жері);
 
      патенттік сенім білдірілген өкілдер туралы мәліметтер,
 
      пайдалы модельдің атауы;
 
      пайдалы модельдің формуласы (өтініш берілген тілде);
 
      сызба (графикалық материал).
 
      Өтінім иесінің ӨН-ПМ-2 нысаны бойынша ұсынылған өтінімхаты бойынша сараптама жасау 
ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялай алады.
 
      Патент беру туралы мәліметтерде автор ретінде көрсетілуден бас тарту жариялауға 
техникалық дайындық аяқталғанға дейін келіп түссе, мұндай мәліметтерді жариялау кезінде 
ескеріледі. Аталған бас тарту осы мерзімде автормен қайтарылып алынуы мүмкін.
 
      Сараптама жасау ұйымы «Өнеркәсіп меншігі – Промышленная собственность» ресми 
бюллетенінде «Хабарлама - Извещения» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде берілген 
патенттердің құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер туралы мәліметтер жариялайды.
 
      102. Патент беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін сараптама жасау ұйымы 
өтінімнің құжаттарын (сипаттама, формула, сызулар, реферат), сондай-ақ өтінім иесі 
белгіленген қалыптасқан тәртіппен ұсынған болса осы құжаттарды түзететін, нақтылайтын 
және өзгертетін қосымша материалдарды кез келген тұлғаға жазбаша өтініш бойынша танысу 
мақсаты үшін ұсынады.
 
      103. Патентке мынадай өзгерістер енгізіледі:
 
      1) заңды тұлға патент иесінің атауына және/немесе тұрғылықты мекен жайына - 
автордың тегіне, атына (егер бар болса, әкесінің атына), патент иесі – жеке адамның 

және/немесе патент иесінің тұрғылықты мекен жайына;
 
      Өзгерістер тиісті өзгерістер енгізу туралы еркін түрде патент нөмірі, заңды 
тұлғаның ресми атауы, тегі, аты. (егер бар болса әкесінің аты), тұратын мекен жайы 
және/немесе тұрғылықты мекен жайы көрсетілген өтініш беру жолымен енгізіледі. 
Өтінімхатқа патент иесі (патент иелері) қол қоюы керек.
 
      Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және/немесе тарату салдарынан патент иесінің 
(патент иелерінің) атауына өзгерістер енгізу кезінде өтінішке Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес қол қойылады және беріледі. Бұл ретте мүдделі тарап тиісті 
өзгерістерді растайтын (қайта ұйымдастыру кезінде) және/немесе заңды тұлғаны тарату 
фактісін және тиісті құқықтарды берудің болмайтынын дәлелдейтін құжаттарды ұсынады. 
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдік заңды тұлғалар 
өзгерістер енгізуге құжаттарды қазақстан Республикасының патенттік сенімділері арқылы 
береді, бұл ретте патенттік сенімдінің атына берілген сенімхатта көрсетілген әрекеттерді 
орындауға тапсырмалар болуы керек. Өтінімхатқа өзгерістер енгізгені үшін төлемді 
растайтын құжат қоса беріледі.
 
      Егер құжаттар болмаса және/немесе ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес болмаса, 
патент иесіне хабарлама жіберілген күннен бастап екі ай ішінде жоқ немесе талаптарға 
сәйкес ресімделген құжаттарды ұсыну тапсырылады.
 
      Сұралған құжаттарды ұсынбаған жағдайда белгіленген мерзімдерде өтініш берілмеген 
болып есептеледі, өзгерістер енгізуі жүргізілмейді, бұл туралы патент иесі 
хабарландырылады.
 
      2) пайдалы модель авторларының құрамына сот шешімінің негізінде өзгерістер 
енгізіледі. Авторлар құрамының өзгеруі деп құрамына енгізу немесе қорғау құжатында 
көрсетілген авторды алып тастау түсініледі.
 
      Авторлар құрамына өзгерістер авторлар құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы 
еркін түрде жазылған өтініш беру жолымен сот шешімінің негізінде енгізіледі, өтініште 
патенттің нөмірі, енгізілетін немесе алынып тасталатын автордың тегі, аты, (егер бар 
болса, әкесінің аты) тұратын мекен жайы көрсетіледі.
 
      3) патентке құқық өзге тұлғаға ауысқан жағдайда өзгерістер енгізу (патентке 
құқықты берушіден басқа) патент нөмірі көрсетіліп және төлем туралы құжат қоса беріліп, 
құқықтық мирасқордың өтініші бойынша жүргізіледі. өтініште құқықтық мирасқор туралы 
мәліметтер көрсетілуі тиіс. Өтінішке патент құқығының ауысуын растайтын құжаттардың 
куәландырылған көшірмелері қоса берілуі керек.
 
      104. Патенттің қолдану мерзiмiн ұзарту, қалпына келтіру:
 
      1) патент иеленушi патенттің қолдану мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауы мүмкiн 
(Заңның 5-бабының 3-тармағы). Өтiнiмхат патент қолдану мерзiмi өткенге дейiн және оны 
күшiнде ұстап тұрған жағдайда берiлуi мүмкiн. Өтiнiмхатты беру мерзiмi себептi жағдайлар 
болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс. Өтінімхатқа тиісті 
ақының төленгендігі жөнінде құжат тіркеледі;
 
      2) Заңның 30-бабының 2-тармағы негізінде патенттің күші тоқтатылған патенттер, 
патент иеленуші үш жыл ішінде патентті күшінде сақтау үшін төлем төленбегендіктен 
тоқтатылған патенттің қолдану мерзiмiн қалпына келтіру туралы өтiнiш жасауы мүмкiн. 
Өтінімхатқа патентті қалпына келтіру ақының төленгендігі жөнінде және патентті күшінде 
сақтау мерзімін өткізіп алған уақыт үшін төлемақы растайтын құжат тіркеледі.
 
      Өтініш патент иеленуші (егер патент иеленуші адамдар тобы болып табылса, өтінішке 
аталған топқа кіретін адамдар қол қояды) немесе патенттік сенім білдірілген өкіл не 
сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл қол қояды.
 
      Өтінішке:
 
      патенттің мерзімін қалпына келтіру және мәліметтерді жариялау туралы ақыны 
растайтын құжат
 
      патентті күшінде сақтау мерзімін өткізіп алған уақыт үшін төлемақы растайтын құжат
 

      сенімхат (егер өтінішті өкіл беретін болса) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер 
өтінішті патенттік сенім білдірілген өкіл беретін болса) қоса беріледі.
 
       Сараптама жасау ұйымы екі айдан кешіктірмей өтініш берілген күннен бастап ресми 
бюллетенінде патенттің қалпына келтірілу туралы мәліметтер жариялайды. Жарияланған күні 
патенттін қалпына келтірілген күні болып саналады. 
 
      Патент иеленуші немесе оның өкіліне патенттің қалпына келтіру туралы Қосымша 
жіберіледі.
 
 
 

  Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау,    
 
 ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi    
 
 Қазақстан Республикасының пайдалы    
 
 модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне  
 
 енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру 
 
 жөніндегі қағидаларға 1-қосымша    
 
Нысан
 
ӨҮ-1 нысан
 
Кіріс нөмірі №
 
(21) Тіркеу №
 
(22) Берілген күні
 
Түскен күні
 
Басымдылығы
 
 Пайдалы модельге 
Қазақстан Республикасының 
патентін беру туралы 
ӨТІНІШ 
Қазақстан Республикасы
 
Әділет Министрлігі "Ұлттық зияткерлік 
меншік институты" РМК
 
Төмендегі құжаттарды тапсырып, өтініш берушінің (өтініш 
берушілердің) атына Қазақстан Республикасының патентін 
беруді өтінемін (өтінеміз).
 
(71) Өтініш берушінің аты-жөні, тегі:
 
(Толық аты-жөні немесе атауы және тұрғылықты жері немесе 
мекен-жайы көрсетіледі.
 
Өтініш иелері – авторлардың тұрғылықты мекен-жайы туралы 
мәлімет 97 коды бар бағанда көрсетіледі)
 
ҰЗМИ-ға өтінім берілген күннен ерте басымдылық күні сұралған 
жағдайда ғана толтырылады.
 
Күні бойынша өнеркәсіптік үлгінің басымдылығын белгілеуін 
өтінемін (өтінеміз).
 
Париж конвенциясына қатысушы-мемлекеттерге бірінші 
өтінімдерді беру (Заңның 20 б. 2-т.)
 
20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ-ға ерте тапсырылған өтінімді беру
 
20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бастапқы тапсырылған өтінімді 
беру (өтінім нөмері _______________, түскен күні 
_______________)
 
Ерте берілген өтінімдерге қосымша материалдардың түсуі 
(Заңның 20-б. 3-т.)
 
Стандарт бойынша
 
елдің коды
 
ДЗМҰ ST.3 (егер
 
орнатылған болса)
 
Бірінші, ерте берілген, 
бастапқы өтінімнің №
 
Сұралатын басымдылық күні
 
ST.3 бойынша
 
елдің коды
 
(конвенциялық
 
басымдылықты
 
сұрағанда)
 
(54) Өнеркәсіптік үлгінің атауы
 
Заңның 9-б. 4-т. талаптары сақталған
 
(98) Хат-хабар алмасу мекен-жайы (толық пошталық мекен-жайы және адресаттың аты-жөні)
 
Телефон: Факс:
 
(74) Сенімді патент өкілі (толық атауы, тіркеу нөмірі, мекен-жайы) немесе өтініш 

берушінің өкілі (толық аты-жөні немесе атауы, мекен-жайы)
 
Қосымша берілетін құжаттар 
тізбесі
 
Даналардағы 
беттер саны
 
Даналар саны
 
Патентті алу және өтінім 
беру құқықтарының пайда
 
болу негіздемесі (құжатты 
ұсынбай):
 
өтінімге қосымша
 
 
 
 
 
заңның 10-б.2-т. 
талаптары
 
сақталған және өтініш иесі
 
жұмыс беруші болып 
табылады
 
мәнді белгілердің 
тізбесін қоса өнеркәсіптік 
үлгілер сипаттамасы
 
 
 
 
 
бұйым кескіндемесінің 
жиынтығы
 
 
 
 
 
сызбалар және басқа да 
материалдар
 
 
 
 
 
жұмыс беруші немесе 
оның құқықтық мирасқорының 
құқығын қайтадан беру
 
өтінімді беру төлемі
 
туралы құжат
 
 
 
 
 
төлем мөлшерін азайту
 
негіздемелерін растайтын
 
құжат
 
 
 
 
 
авторы немесе оның 
құқықтық мирасқорының
 
бірінші өтінімдер 
көшірмесі (конвенциялық 
басымдылықтар сұралғанда)
 
 
 
 
 
құқығын қайта беруі
 
шет тіліндегі өтінімдер 
құжаттары
 
 
 
 
 
мирастық құқық
 
сенімді патент өкілі 
немесе өкілдің уәкілеттілігін 
растайтын сенімхат
 
 
 
 
 
басқа да құжат (атап 
кету)
 
 
 
 
 
(ҰЗМИ штампының орны)
 
(72) Автор(лары) (толық аты-
жөні)
 
(97) Тұрғылықты жерінің толық 
пошталық мекен-жайы, егер 
белгілі болса
 
ДЗМҰ ST.3 стандарты
 
бойынша елдің коды
 
Патентті алу құқығын 
қайтадан берген автор(лар) 
- өтінім беруші(лер) 
және/немесе
 
автор(лар) қол(дар)ы
 
Мен (біз) ___________________________________________________________
 
                             (аты-жөні, тегі)
 
патент беру туралы мәліметтерді жариялағанда мені (бізді) автор(лар)ы ретінде 

көрсетпеуді сұраймын(мыз).
 
Автор(лар) қол(дар)ы: _______________________________________________
 
Қолы Автор(лар) болып табылмайтын өтініш берушілер қол(дар)ы (заңды
 
тұлғаның атынан қол қойған жағдайда басшының қолы мөрмен бекітіледі)
 
 
 
 

  Қазақстан Республикасы  
 
 Әділет министрінің    
 
 2012 жылғы 24 ақпандағы 
 
№ 89 бұйрығына 3-қосымша
 
   Тауар таңбаларына арналған өтінімді құрастыру, ресімдеу 
және қарау жөніндегі қағидалар 
      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2015 № 364 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.
 
 1. Жалпы ережелер 
      1. Осы Тауар таңбаларына өтінімді құрастыру, ресімдеу және қарау жөніндегі 
Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет 
көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 
шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауар 
таңбасын құрастыру тәртібін, оны ресімдеу және қарау тәртібін айқындайды.
 
       2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады: 
 
      1) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) - зияткерлік меншік 
саласында халықаралық саясатты және мемлекеттер ынтымақтастығын реттейтін және 
қамтамасыз ететін халықаралық ұйым;
 
      2) жалпыға танымал тауар таңбасы – Қазақстан Республикасында тіркелген тауар 
таңбасы немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшіне тіркелмей 
қорғалатын, сонымен қатар Қазақстан Республикасында құқықтық қорғаусыз, бірақ Қазақстан 
Республикасында белсенді қолданыстын арқасында кең танымалдылыққа ие болған тауар 
таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi;
 
      3) Мадрид келісімі - өзгерістер мен толықтырулар енгізілген таңбаларды халықаралық 
тіркеу туралы 1891 жылғы 14 сәуірдегі Мадрид келісімі;
 
       4) өтінім беруші - тауар таңбасын тіркеуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға; 
 
       5) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополия саласына кіретін (тауар 
таңбаларын қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жердің атауларын қорғау саласында 
қызмет көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты 
ұйымы; 
 
       6) тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі - ТҚХС) - 1957 
жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданып, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар 
енгiзiлген жіктеме; 
 
       7) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрі - тауар таңбасы) - заңға 
сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшіне 
тіркелмей қорғалатын, заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (қызмет көрсетулерін) 
басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртекті тауарларынан (қызмет көрсетулерінен) айыру 
үшін қызмет ететін белгілер; 
 
       8) тауар шығарылған жердiң атауы – мемлекеттердің, аймақтың, ауданның, жергілікті 
орынның не басқа географиялық көрсеткіштің атауын құрайтын белгі, сонымен қатар тауарды 
қолдану кезінде танымалдылыққа ие болған және содан туындаған атаулар, ерекше құрамының, 
сапасының, атағының және тағы басқа қасиеттері оны шығаратын жерімен, соның ішінде 
ерекше табиғи жағдайларымен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу 
үшiн пайдаланылатын көрсеткiш; 
 
       9) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігі; 
 
       10) ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлер 
(бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немес 
олар шығаратын немесе сататын бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар 
тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы; 
 

   2. Тауар, қызмет көрсету таңбасына арналған өтінімді жасау және беру 
      3. Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де 
белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес 
тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi 
тiркелуi мүмкiн.
 
      Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi 
мүмкiн.
 
      Сөз белгілеріне сөздер, әріптер және басқа белгілер тіркесі, сөз тіркестері; 
сөйлемдер; сондай-ақ олардың тіркестері жатады.
 
       Бейнелеу белгілеріне жазықтықтағы графикалық бейнелер, атап айтқанда әртүрлі 
тіршіліктің, заттардың, өзге де объектілердің, фигуралардың бейнелері, көркем орындалған 
шрифтік элементтер, сондай-ақ жоғарыда аталған элементтердің әртүрлі композициялары 
жатады. 
 
       Көлемді белгілерге нысаны бірегей және ерекше тауар функциясымен байланыспайтын 
үш өлшемді объектілер жатады. 
 
      Аралас белгілерге сөз, бейнелеу, көлемді элементтердің әртүрлі амалдары жатады.
 
      Заңның 5-бабында көзделген өзге белгілерге дыбыстық және басқа да белгілер жатады. 
 
      4. Өтінім тікелей сараптама жасау ұйымына беріледі, пошта, электрондық пошта не 
факсимильді байланыс арқылы жіберіледі. Егер өтінім электрондық пошта не факсимильді 
байланыс арқылы жіберілсе, онда ол факсимильді байланыс не электрондық пошта арқылы 
келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қағаздағы түпнұсқасымен расталады. 
Егер өтінім құжаттары сараптама жасау ұйымына көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп 
түссе немесе факсимильді байланыс не электрондық пошта арқылы ұсынылғандардан 
ерекшеленетін мәліметтерді қамтыса, онда олардың түпнұсқалары келіп түскен күні 
құжаттардың келіп түскен күні болып есептеледі.
 
      Өтінім сараптама ұйымына үш данада беріледі.
 
      5. Өтінім осы Қағидаларлардың қосымшасына сәйкес нысаны бойынша бланкіде беріледі, 
сондай-ақ бір тауар таңбасына қатысты болуы әрі мыналарды қамтуы тиіс:
 
      1) өтінім ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге берілсе, онда ұжымдық тауар таңбасы 
ретінде тіркеу сұратылғанын көрсету;
 
      2) заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (егер 
болса), сондай-ақ пошта индексі және елдің атауы, телефон нөмірі, факс нөмірі мен 
электрондық пошта мекенжайы (егер олар бар болса) көрсетілген мекенжайы немесе 
тұрғылықты жері;
 
      3) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері 
(Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін);
 
       4) егер өкіл немесе патенттiк сенiм білдірілген өкіл тағайындалған болса, оның 
аты, тегі, әкесінің аты (егер олар бар болса) немесе атауы, сондай-ақ пошта индексін 
қоса алғандағы хат алмасуға арналған мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі мен 
электрондық поштаның мекен-жайы (егер ол бар болса); 
 
      5) ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша өтінімді беру күні, елдің коды және Заңның 10-
бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдық сұратылатын өтінім нөмірі;
 
      6) егер Заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес көрмелік басымдық сұратылса, тауар 
таңбасы ретінде мәлімделген белгісі бар объектіні ресми танымал халықаралық көрмеге 
қойып ашық көрсетудің күні; 
 
      7) бланкіде төртбұрышпен белгіленген жерде орналастырылатын мәлімделген белгі;
 
      8) стандартты шрифтпен орындалған тауар таңбасын қорғаудың сұратылып отырғанын 
көрсету, егер белгі сұратылса, онда қалыпты шрифтпен орындау;
 
      9) егер белгі шет тілінде ұсынылған болса, онда сөз белгісінің аудармасы, яғни 
транслитерациясы;
 
      10) егер көлемді белгі мәлімделсе, көлемді тауар таңбасын қорғаудың сұратылып 

отырғанын көрсету;
 
      11) егер түстегі белгі мәлімделсе, онда түсін немесе түрлі-түсті үйлесімді көрсете 
отырып, түрлі-түсті орындаудағы қорғаудың сұратылып отырғанын көрсету;
 
      12) тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін дәл 
терминдермен белгіленген ТҚХС-тың сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбасын тіркеу 
сұратылып отырған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
 
      13) жүргізілген төлемдер туралы деректер;
 
      14) Қазақстан Республикасындағы бұрын тіркелгенін (егер бар болса) көрсету;
 
      15) мәлімделген белгіні тіркеу үшінші тұлғаның авторлық құқықтарын бұзбайтындығын 
көрсету;
 
      16) өтінім берушінің немесе оның өкілінің, немесе патенттiк сенiм білдірілген 
өкілінің қолы.
 
       Өтінімге қолды: 
 
      егер өтінім заңды тұлғаның атынан берілсе, оған лауазымы және қол қойған адамның 
аты-жөні көрсетілген уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылады;
 
      егер өтінімді жеке кәсіпкер немесе жеке тұлға берсе, оған өтінім берушінің қолы 
қойылады;
 
      егер өтінім патенттік сенімді өкіл арқылы берілсе, патенттiк сенiм білдірілген 
өкіл өтінімге қол қояды.
 
      Тіркелген өтінім қайтаруға жатпайды.
 
       6. Өтінімге мыналар қоса беріледі: 
 
       1) мәлімделетін белгінің он бес репродукциясы. Мәлімделетін белгі 8х8 см 
форматымен ұсынылады. Тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері егер 20х20 см 
мөлшерден аспаса, оларды толық көлемде ұсынуға болады. Көрсетілген мөлшерден асқан 
жағдайда, бейнелер кішірейтілген түрде ұсынылуы керек. 
 
      Бейнелер анық, қарама-қарсы түсті, репродукциялау үшін жарамды болуы керек.
 
       Тіркеуге мәлімделетін белгінің бейнесі тауар таңбасын тіркеу сұратылған түсте 
немесе соған ұқсас түс үйлесімінде ұсынылады. Өтінімде түстер немесе түс үйлесімі 
көрсетілуі тиіс, түсті кескіндемелер қосымша беріледі, бірақ оны ұсыну мерзімі өтінім 
берген күннен бір айдан аспау керек. 
 
      Егер көлемді тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда жалпы түрдегі бейнелеуден 
басқа, мәлімделетін белгі туралы түсініктің толықтығын қамтамасыз ететін ракурстардағы 
көлемді тауар таңбасының әр түрлі бейнелері ұсынылуы мүмкін.
 
      Егер дыбыстық тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда өтінімге оның ноталық 
жазбасы және фонограмма қоса беріледі. Егер музыкалық шығарманың бөлігі тіркеуге 
мәлімделсе, онда оның авторы мен атауын көрсету қажет;
 
       2) мәлімделетін белгінің сипаттауын қамтитын (егер өтінім беруші оның мағыналық 
маңызын түсіндіруді қажет деп санаған жағдайда) мәлімделетін белгінің сипаттамасы және 
оның құрамдас элементтерін, әрі жалпы оның не оның элементтерінің мағыналық маңызын 
көрсету; 
 
      Сипаттама мәлімделетін белгінің мәнін, оның идентификациясын түсіндіру үшін қызмет 
етеді.
 
       3) сараптама жүргізу ұйымының қызметі үшін төлемақыны растайтын құжат. Төлемақы 
өтінім беру кезінде немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде төленуі 
мүмкін. Төлемақы туралы құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде өтінім 
берілмеген болып танылады; 
 
      4) егер ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге өтінім берілсе, Заңның 2-бабының 2-
тармағына сәйкес қауымдастық немесе бірлестікке қатысушылардың ұжымдық тауар таңбасын 
пайдалануы туралы келісім. Келісімде осы бірлестіктің атауы, тауар таңбасын пайдалану 
құқығы бар кәсіпорындардың орналасқан мекенжайы көрсетілген, олардың тізбесі, ұжымдық 
тауар таңбасын тіркеудің мақсаты, ұжымдық тауар таңбасы тіркелетін тауарлардың (қызмет 

көрсетулердің) тізбесі мен бірыңғай сапалық немесе өзге де жалпы сипаттамалары, оны 
пайдалану шарттары мен оның пайдаланылуын бақылау тәртібі; 
 
       5) уәкілетті орган немесе сараптама жасау ұйымы өкіл арқылы тауар таңбасын тіркеу 
бойынша іс жүргізген кезде өтінім берген күннен бастап бір ай мерзімнен кешікпей іс 
жүргізу процесі немесе өтініммен қатар ұсынылған жағдайда сенімхат беріледі; 
 
      6) бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесі конвенциялық басымдық және оның 
қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы сұратылған жағдайда. Көшірмесі сараптама ұйымына 
конвенционды өтінімнің түскен күнінен бастап үш ай ішінде кешікпей ұсынылады.
 
      Конвенциялық немесе көрмелік басымдық тауар таңбасына өтінім берген кезде немесе 
өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде сұратылады;
 
      7) егер көрмелік басымдық сұратылса, көрменің халықаралық мәртебесін, оны өткізу, 
тауар таңбасы ретінде мәлімделген белгісі бар көрмеге қою объектісінің уақыты мен орнын 
көрсете отырып, көрмелік басымдықты сұратудың заңдылығын растайтын куәландырылған құжат 
қажет.
 
      Құжат көрменің ұйымдастыру комитетінен немесе әкімшілікпен өтінім сараптама жасау 
ұйымына келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.
 
       Құжат көрменің халықаралық дәрежесін растауы және оның өткізілетін уақыты мен 
орны туралы мәліметті, тауар таңбасы ретінде мәлімделген белгісі бар көрмеге қою 
объектісінің атауын қамтуы тиіс; 
 
       8) тауар таңбасында мемлекеттік рәміздердің – елтаңбаның, тудың және 
эмблемалардың элементтерін, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қысқартылған және толық 
атауларын; ресми, бақылау, кепілдік және таңбалық белгілерді, мөрлерді, марапаттар мен 
басқа да ерекшелік белгілерін пайдалануға рұқсат; 
 
      9) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің 
көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін);
 
       10) егер тауар таңбасы ретінде тіркеуге мерзімді баспасөздің атауы мәлімделсе, 
бұқаралық ақпарат құралдарында есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі (Қазақстан 
Республикасының өтінім берушілері үшін). 
 
      Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттар, сонымен қатар өтінімнің 
мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен 
күннен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Тиісті құжаттар белгіленген 
мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінім берілмеген болып есептеледі.
 
       Өтініш беруші толық сараптама аяқталған кезге дейін өтінім материалдарын қандай 
да болсын қарастыру кезеңінде толықтырып, нақтылауға немесе өзгертуге және шегерту 
құқығы нәтижесінде тауар таңбасын алуда өтініш берушінің ауысуына байланысты өзгерістер 
енгізуге құқылы. 
 
      Егер берілген өзгерістер өтінімнің мағынасын, оған қоса қорғалу көлемі мен жалпы 
визуалдық және фонетикалық қабылдау белгілерін өзгертпеген жағдайда ғана мәлімделетін 
белгіге, тауар мен қызмет көрсету тізіміне қатысты толықтырулар, нақтылаулар мен 
өзгерістер сараптамаға алынады (Заңның 13 бабы 3, 8 тармақтарын талдау).
 
      Белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісім Хаттамасының quinquies 9-
бабына сәйкес шыққан мекеме тізілімінен алынып тасталған халықаралық өтінім иесі болатын 
тұлға осы тауар таңбасын тіркеу үшін ұлттық патенттік мекемеге өтінім бере алады. Бұл 
өтінім 3 (4)-бабына сәйкес халықаралық тіркеу күні немесе 3 ter (2)-бабына сәйкес 
аумақты кеңейту жөніндегі жазбаларға енгізу күні ретінде берілген деп қарастырылады.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет