4. Мәліметтерді Қазақстан Республикасының өнертабыстарының
мемлекеттік тізіліміне енгізу және қорғау құжатын беру тәртібі
122. Патент беру туралы уәкілетті органның шешімі негізінде құжатын беруге
дайындалуы және жариялауы үшін тиісті төлем, сондай-ақ мемлекеттік баж төленгені
расталған кезде, өнертабыстар Қазақстан Республикасының өнертабыстарының Мемлекеттік
тізілімінде (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) жазылады.
Мемлекеттік тізілімдегі жазу келесі ақпаратты қамтиды:
Өнертабысқа патенттің нөмірін;
ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес қорғау құжаты түрінің коды;
ХПС айдары (айдарларының) индексін (индекстерін):
Патент берілген өтінімнің нөмірі мен күні;
Патенттің жарияланған күні;
Егер өтінім бойынша сараптама ұйымына өтінім беру күнінен бұрынғы күні
белгіленсе, оның негізінде өнертабыс басымдылығы белгіленген бірінші өтініштің нөмірін,
беру күні және ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес елдің кодын (олар бойынша қосымша
материалдардың келіп түскен);
«қайта басылып шығатын» бұрынырақ жарияланған нөмірі;
РСТ 23(1) немесе 40 (1)-баптарына сәйкес өтінімнің ұлттық фазаға ауысу күні:
Халықаралық өтінімнің қабылдайтын ведомство белгілейтін тіркеу нөмірі және
халықаралық беру күні;
Халықаралық өтінімнің халықаралық тіркеу нөмірі мен күні;
Автордың (авторлардың) аты, ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес автордың тұрғылықты жері
(орналасқан жері);
Патент иеленушінің аты немесе атауы, ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес патент
иеленушінің тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Өнертабыстың атауы;
Патенттік сенім білдірілген өкілдер туралы мәліметтер.
Мемлекеттік тізілімде патент берілгеннен кейін оның құқықтық мәртебесі туралы
барлық өзгерістер енгізіледі.
Сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге аппеляциялық кеңестің, сот
органдарының шешімдері, уәкілетті органның немесе сараптама жасау ұйымының және патент
иеленушілердің (олардың құқықтық мирасқорларының немесе өкілдерінің) хабарламалары
негізінде патенттің берілгеннен кейінгі құқықтық мәртебесінің келесі өзгерістері туралы
мәліметтерді енгізеді.
Кез келген мүдделі тұлға өтінішхат бойынша Мемлекеттік тізілімдегі патент бойынша
мәліметтер алуға құқылы.
123. Мемлекеттік тізілімге енгізілген мәліметтер негізінде уәкілетті орган патент
береді.
Патент қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Патентте мыналар көрсетіледі:
ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды немесе құжатты жариялаған ведомствоның немесе
ұйымның басқа да сәйкестендіру құралдары;
Өнертабысқа патент нөмірін;
ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес қорғау құжаты түрінің коды;
Патент берілген өтінімнің нөмірі мен күні;
Патенттің жариялаған күні;
Егер өтінім сараптама жасау ұйымына берілген күннен өтінім бойынша өнертабыстың
неғұрлым ертерек басымдығы анықталған болса, алғашқы өтінім берілген елдің ДЗМҰ ST.3
стандартына сәйкес нөмірі, берген күні және коды (ол бойынша қосымша материалдардың
түскен күні );
Патент иеленушінің аты немесе атауы, ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес патент
иеленушінің тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Автордың (авторлардың), егер соңғысы (лары) автор ретінде атаудан бас тартпаса,
аты, ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес автордың тұрғылықты жері (орналасқан жері) елінің
коды;
Патентте қазақ тілінде - «Енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер осы патентке
Қосымша түрінде жеке парақта келтіріледі» және орыс тіліндегі аудармасында «Сведения о
внесении изменений приводятся на отдельном листе в виде Приложения к настоящему патенту»
деген жазба жазылады.
2) аттарына патент беру сұратылатын бірнеше адамдар болса, оларға бір қорғау
құжаты беріледі. Патент иеленуші болып табылмайтын, өнертабыс авторына, авторлығын
куәландыратын ресми куәлік беріледі.
3) Өнертабыс кескіндемесі бар патент және оларға авторлар куәліктері берілген
сенімхаттың көшірмесіне сәйкес өкілдің (патенттік сенімді өкіл) мекен-жайына тапсырыс
пошталық жіберіліммен патент иеленушінің заңды мекен жайына немесе өтініш беруші (патент
иеленуші немесе) сенімхатта көрсеткен өтініш бойынша (жазбаша түрде) басқа мекен-жайға
жіберіледі.
Өтінім беруші патент берілгенге дейін уікілетті органға немесе сараптама жасау
ұйымына патент жіберу үшін тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша мекенжайның
өзгерілгені туралы хабарлама жібереді.
Патент иеленушіге - жеке тұлғаға жеке басын куәландыратын құжат ұсынған жағдайда;
патент иеленушінің (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның) өкіліне патент алуға
берілген сенімхат негізінде қолына беріледі.
Шетелдік патент иеленушілердің патенттері мен оларға қоса авторлардың куәліктері
уәкілетті органда тіркелген патенттік сенім білдірілген өкілге берілген сенімхат
негізінде беріледі.
Егер патент беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы аумағында тұратын немесе
орналасқан бірнеше тұлға бірлесіп берсе, онда патент пен авторлар куәліктері Қазақстан
Республикасы аумағында тұратын немесе орналасатын бірінші болып көрсетілген патент
иеленушісіне тапсырылады немесе жіберіледі.
Егер патент беру туралы өтінішті барлығы бірдей Қазақстан Республикасы аумағында
тұрмайтын немесе орналаспаған бірнеше тұлға бірлесіп берген болса, патент пен авторлар
куәліктері бірінші болып көрсетілген ұлттық патент иеленушіге тапсырылады немесе
жіберіледі.
4) патентке қатысты толықтырулар, нақтылаулар немесе түзетулер, патенттің қолдану
мерзімін ұзарту және қалпына келтіру туралы кейінгі өзгерістер (оған қоса, тіркелген
шарттар туралы) туралы уәкілетті орган оны Мемлекеттік тізілімге енгізгеннен кейін
патентке қосымша береді. Қосымшаға қазақ және орыс тілдерінде «осы қосымша патенттің
ажырамас бөлігі болып табылады» деген жазба жасалады.
Қосымша қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Шетелдік өтінім берушілердің өкілдері (патент иелері) ұсынатын ресми құжаттары
тиісті құжаттарға апостиль қою арқылы куәландырылады;
5) түпнұсқасы жоғалған немесе жарамсыз болған жағдайда патент иесінің, патент
иесінің (құқықтық мирасқорының) сенімхаты бойынша оның құқықтық мирасқорының, уәкілетті
өкілінің (патенттік сенім білдірілген өкілінің) өтініші бойынша патенттің телнұсқасы
беріледі.
Өтінімді құқықтық мирасқор берген жағдайда құқықтық мирасқорлықты растайтын
құжаттың расталған көшірмесі қоса беріледі. Телнұсқа тек Мемлекеттік тізілімде патент
беру туралы жазба болғанда ғана беріледі.
Тенлнұсқа онда көрсетілген мәліметтер құрамы бойынша берілген патенттің
түпнұсқасына сәйкес келеді, онымен бірдей заңды күші болады және қазақ және орыс
тілдерінде «Телнұсқаны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берді» деген штамп
қойылып қорғау құжатының тиісті нысаны бойынша беріледі. Телнұсқа берілген жағдайда
патенттің түпнұсқасы телнұсқа берілгені туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап
заңды күші жоқ деп танылады.
124. Патент беру туралы мәліметті жариялау:
Өнеркәсіпке патент беру туралы мәліметтер өтінім берілген күннен бастап он сегіз
ай өткеннен кейін жарияланады. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ұсынған өтінім
берушінің өтінішхаты бойынша патент беру туралы мәліметтер көрсетілген мерзімнен бұрын
жариялануы мүмкін.
Өнертабысқа патент туралы мәліметтерде жариялау кезінде, сараптама жасау ұйымы
«Өнеркәсіп меншігі - Промышленная собственность» бюллетеннің «Өнертабыстар –
Изобретения» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде мына мәліметтерді жариялайды:
өнертабысқа патент нөмірін;
ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес қорғау құжаты түрінің коды;
ХПС айдары (айдарларының) индексін (индекстерін):
Патент берілген өтінімнің нөмірі мен күні;
Патенттің жариялаған күні;
Егер өтінім сараптама жасау ұйымына берілген күннен өтінім бойынша өнертабыстың
неғұрлым ертерек басымдығы анықталған болса, алғашқы өтінім берілген елдің ДЗМҰ ST.3
стандартына сәйкес нөмірі, берген күні және коды (ол бойынша қосымша материалдардың
түскен күні );
«қайта басылып шығарылатын» бұрынғы жариялау нөмірі;
РСТ 23(1) немесе 40 (1)-баптарымен сәйкес өтінімнің ұлттық фазаға ауысу күні:
халықаралық өтінімнің қабылдайтын ведомство белгілейтін тіркеу нөмірі және
халықаралық беру күні;
халықаралық өтінімнің халықаралық тіркеу нөмірі мен күні;
автордың (авторлардың) аты, егер ол осындай атаудан бас тартпаса, ДЗМҰ ST.3
стандартына сәйкес автордың тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) коды;
патент иеленушінің аты немесе атауы, ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес патент
иеленушінің тұрғылықты жері (орналасқан жері);
өнертабыс атауы;
патенттік сенім білдірілген өкіл туралы мәліметтер.
Автордың жарияланған мәліметтерде атының аталуынан бас тартуы жарияланымның
техникалық дайындығы аяқталғанға дейін келіп түссе қабылданады. Аталған бас тарту автор
арқылы сол күні қайтарылып алуы мүмкін.
Сараптама жасаушы ұйым «Өнеркәсіп меншігі - Промышленная собственность» ресми
бюллетеннің «Хабарлама – Извещение» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде берілген
қорғау құжаттарының құқықтық статусының өзгеруі туралы мәліметтер жариялайды.
125. Қорғау құжаттарының берілгені жайлы мәліметтер жарияланғаннан соң Заңның 26-
бабының 5-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы өтінім құжаттарын (сипаттама, формула,
сызба, реферат, егер олар болса), сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша өтінім беруші
ұсынған болса осы құжаттарды түзететін, анықтайтын және өзгертетін қосымша материалдарды
жазбаша өтінімхаттары бойынша кез-келген мүдделі тұлғаға танысу үшін ұсынады.
126. Сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге және уәкілетті орган қорғау
құжаттарына өзгерістер енгізеді:
Мемлекеттік тізілім жазбаларындағы анық және техникалық қателерді түзету туралы;
патентті беруге тіркелген келісім туралы;
тіркелген лицензиялық (сублицензиялық) келісім туралы;
тіркелген лицензиялық (сублицензиялық) келісімнің маңызды шарттарына қатысты
тіркелген өзгерістер туралы;
тіркелген лицензиялық (сублицензиялық) келісімді (мерзімінен бұрын бұзу) бұзу
туралы;
толығымен немесе жартылай заңсыз деп танылған қорғау құжатының күшін жою туралы;
патент иеленушінің өтінішімен қорғау құжатының қолдану мерзімін тоқтату туралы;
белгіленген мерзімде қорғау құжатын күшінде сақтау үшін төлем төленбеген жағдайда
қорғау құжатының қолдану мерзімін уақытынан бұрын тоқтату туралы;
патенттің қолдану мерзімін қалпына келтіру туралы;
патент иеленуші заңды тұлғаның атауының ауысуы және/немесе орналасқан жерінің, хат
алмасу мекен-жайының өзгеруі туралы;
патент иеленуші жеке тұлғаның, автордың аты-жөнінің өзгеруі және/немесе орналасқан
жерінің, патент иесінің хат алмасу мекен-жайының өзгеруі туралы;
сот шешімі негізінде өнертабыс авторлары құрамына өзгеріс енгізу туралы.
Авторлар құрамына өзгерістер енгізу деп қорғау құжатында көрсетілген авторлар
құрамына қосу немесе авторлар құрамынан шығаруды айтады.
Авторлар құрамына өзгерістер сот шешімі негізінде авторлар құрамына тиісінше
өзгерістер енгізу жөнінде қорғау құжатының нөмірін, қосылып немесе шығарылып жатқан
автордың аты-жөнін, орналасқан жерін көрсетіп, еркін нысанда өтінімхат беру арқылы
енгізіледі.
Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган патент беру туралы шешім
қабылдағаннан кейін өтінім беруші:
өзгерістер енгізу туралы;
қорғау құжатының қолдану мерзімін ұзарту туралы;
қорғау құжатының телқұжатын беру туралы;
қорғау құжатына Қосымшаны беру туралы;
қорғау құжатына Қосымшаның телқұжатын беру туралы;
Мемлекеттік тізілімдегі басқа да кез-келген өзгерістер туралы өтінішхат беруге
құқылы.
127. Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес патент иеленушi өнертабысқа инновациялық
патент және патенттің қолдану мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауы мүмкiн. Ұзарту
тәртібі «Өнертабысқа патенттің мерзімін ұзарту туралы ережеге» сәйкес ұсынылады.
Заңның 30-бабының 2-тармағында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған патент
қолдану күші патентті күшінде сақтау үшін төлем мерзімі өткен күннен бастап үш жыл
ішінде патент иеленушiнің өтінішхаты бойынша қалпына келтіріледі. Қалпына келтіру туралы
өтінішхатқа патенттің қолдану күшін қалпына келтіруге құжаттарды дайындаған және оны
төлем мерзімі өтіп кеткен қолданыс мерзімі бойы күшінде ұстап тұру үшін төлемді
растайтын құжат қоса беріледі. Өтiнiмхат осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес берiледi.
Қолдаухатқа патент иеленуші (егер патент иеленушілер тұлғалардың тобы болса,
өтінішке осы топқа кіретін адамдардың барлығы қол қояды) немесе патенттік сенім
білдірілген өкіл, немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл қол қояды. Заңды
тұлға атынан қолдаухатқа ұйымның басшысы не лауазымы көрсетіліп оған өкілет берілген
өзге де адам қол қояды.
Қолдаухатқа мына құжаттар қоса беріледі:
патенттің күшін қалпына келтіру жөнінде құжаттарды дайындаған және жариялаған үшін
төлемді растайтын құжат;
өткізіп алған жыл (дары) патенттің қолданысын ұстап тұрған үшін төлемді растайтын
құжат;
сенімхат (егер қолдаухат өкіл арқылы берілсе) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер
қолдаухат патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілсе).
Сараптама жасау ұйымы қалпына келтіру туралы өтінішхат берілген күннен бастап екі
айдан кешіктірмей патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтерді бюллетеньде
жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады.
Патент иеленушіге немесе оның өкіліне патенттің қолданылуын қалпына келтіру туралы
қосымша жіберіледі.
Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу
және қарау, мәлiметтердi Қазақстан
Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк
тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау
құжатын беру жөніндегі қағидаларға
1-қосымша
Нысан
Келіп түскен
күні
(85) Халықаралық өтінімді ұлттық
фазаға ауыстыру күні
(21) Тіркеу N
(22) Берілген
күні
(86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және күні
(87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні
(96) алушы ведомство белгілеген еуразиялық өтінімнің нөмірі және өтінімді берген күні
(97) еуразиялық өтінімнің нөмірі және жарияланған күні
Өнертабысқа
Қазақстан Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Ұлттық зияткерлік меншік институты
Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім иесінің (иелерінің)
атына Қазақстан Республикасының инновациялық патентін беруді сұраймын
(сұраймыз)
(71) Өтінім иесі (иелері):
(толық аты немесе атауы және тұратын немесе болатын жері көрсетіледі.
Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты жері (72) коды бар бағанның
тұсындағы бағанда келтіріледі)
Стандарт
бойынша елдің
коды ДЗМҰ ST.3
(егер
белгіленген
болса)
Өтінімді ҰЗМИ-ға берген күннен ертерек күн бойынша басымдық сұралған кезде ғана
толтырылады
Күніне қарай өнертабыстың басымдығын белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз)
бірінші өтінімді (өтінімдерді) Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке беру күні
(Заңның 20-бабы 2-т.)
Заңның 20-б. 4-т. сәйкес өтінімді ҰЗМИ ертерек беру күні
Заңның 20-б. 5-т. сәйкес бастапқы өтінімді ҰЗМИ беру күні
бастапқы өтінімнің басымдығы (Заңның 20-б. 5-т.)
(өтінімнің нөмірі __________, өтінімді берген күні ____________)
бұрынғы өтінімге қосымша материалдардың түсуі (Заңның 20-б. 3-т.)
Бірінші,
бұрынғы,
бастапқы
өтінімнің N
Басымдық сұралған күн
(33) ST.3 бойынша берген елдің
коды (конвенциялық басымдық
сұралған жағдайда)
(55) Өнертабыстың атауы
Заңның 9-б. 4-т талаптары сақталған
Хат алмасу үшін мекен жай (толық пошталық мекен жай және адресаттың аты) Телефон: Факс:
(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты, тіркеу нөмірі, мекен жайы) немесе
өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты немесе атауы, мекен жайы)
Қоса берілетін
құжаттардың
тізбесі
1 данадағы парақ саны
Дана саны
Өтінім беруге және
инновациялық
патентті алуға
құқықтың пайда болу
негізі (құжат
өтінімге қосымша
өнертабыстың
сипаттамасы
ұсынусыз):
өтінім иесі
жұмыс беруші
болып табылады
және Заңның
10-б. 2-т.
талаптары
сақталған жұмыс
берушінің немесе
құқықтық
мирасқорының
құқықтарды беруі
автордың немесе
құқықтық мирасқордың
мирасқа алу құқығын
қайта беруі
мирасқолық құқық
өнертабыстың
формуласы
сызулар және
өзге материалдар
реферат
өтінім беруге
төлем туралы
құжат
төлем мөлшерін азайтуға негіз барын растайтын құжат
бірінші өтінімнің (өтінімдердің) көшірмелері
(конвенциялық басымдық сұралған жағдайда)
(ҰЗМИ мөртаңба
орны)
өтінімнің шет тіліндегі құжаттары
патенттік сенім білдірілген
өкілдің немесе өкілдің
өкілеттігін куәландыратын сенімхат
басқа құжат (көрсетілсін)
Формуламен жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының N (рефератпен)
(72) Автор (лар)
(толық аты
көрсетіледі)
Елдің атауы және белгіленген болса,
егер белгіленген болса, ДЗМҰ ST.3
стандарты бойынша оның кодын қоса
алғанда тұратын жерінің толық
пошталық мекен жайы
Инновациялық патент алуға құқығын
берген автор-өтініш иелерінің
және/немесе авторлардың қолы
Мен (біз) ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
патентті беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор(лар)
ретінде көрсетпеуді сұраймын (сұраймыз)
Автордың (авторлардың) қолы (қолдары):
Қолы
Автор(лар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолы (қолдары) (заңды тұлға
атынан қол қойған жағдайда басшының қолы мөрмен бекітіледі)
Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу
және қарау, мәлiметтердi Қазақстан
Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк
тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау
құжатын беру жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
Нысан
Патентті алу құқығын өзгеге беру кезінде өтінім берушілер
құрамына өзгерістер енгізу туралы өтініш
1. Осы өтініште көрсетілген патентті алу құқығын беру арқылы
өтінім берушілер құрамына өзгерістер енгізуіңізді сұраймын.
2. Өтінімнің (өтінімдердің) атауы (атаулары) және нөмірі
(нөмірлері)
_____________________________________________________________________
3. Құқығы берілген өтінім беруші
_____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның ТАӘ (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
Мекен жайлары (пошталық индексін және ел атауын қоса) және телефоны
4. Құқықты алған өтінім беруші
_____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның ТАӘ (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
Мекен жайлары (пошталық индексін және ел атауын қоса) және телефоны
Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу
және қарау, мәлiметтердi Қазақстан
Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк
тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау
құжатын беру жөніндегі қағидаларға
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Өнертабысқа өтінімді пайдалы модель өтініміне
(пайдалы модель өтінімін өнертабыс өтініміне) қайта өзгерту туралы
өтінімхат
(қажеттінің астын сыз)
(21) № _________өтінім (22) Өтінім берілген күні_____________________
(54) Өнертабыстың атауы _____________________________________________
(пайдалы модельдің) _________________________________________________
_____________________________________________________________________
(71) Өтініш иесі (иелері) ___________________________________________
_____________________________________________________________________
(86) РСТ Өтінімінің тіркеу мәліметтері ______________________________
(31) Бірінші,
бұрыңғы өтінімнің N
(32) Сұралатын басымдықтың
күні
(33) ST.3 бойынша берілген
елдің коды (конвенциялық
басымдық сұралған жағдайда)
1.
2.
3.
Қосымша: өтінімді қайта өзгертуді растайтын төлем құжат
_____________________________________________________________________
(№ және төленген күні)
Өтінімхат берген адамның қолы _______________________________________
(заңды тұлғаның атынан қол қою кезінде жетекші қолы мөрмен (болған
жағдайда) расталады)
_____________________________________________________________________
Өтінімді өзгерту үшін төлемді растайтын құжатты сараптама жасау
ұйымына ұсыну кезінде ғана өтінімхат күшінде болады
Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу
және қарау, мәлiметтердi Қазақстан
Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк
тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау
құжатын беру жөніндегі қағидаларға
4-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |