Кейкі батырдың 100 жылдығына орай
«Ұлы Даланың – Ұлы батыры»
атты қалалық ақындар (арнау өлең) мүшайрасы байқауы
Ережесі
Жалпы ережелер
1. Қала және ауыл мектептерінің оқушылары арасында Кейкі батырдың 100 жылдығына орай «Ұлы Даланың – Ұлы батыры» атты арнау өлең қалалық ақындар мүшайрасы байқауының (бұдан әрі – Байқау) ережелері оның мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.
2. Мақсаты:
Елі мен жері үшін жанын пида еткен батырды кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, талантты жандардың ақындық қабілетін шыңдап, өз шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беру.
3. Міндеттері:
a) Кейкі батырдың өмірін білім алушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу ;
в) оқушылардың ақындық қабілетін шыңдау;
c) әдебиетті білуге тәрбиелеу;
4. Бұл байқауды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласының білім бөлімі» ММ және «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы КМҚК өткізеді.
Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
Байқауға қатысу туралы өтініш пен жұмыстар электронды түрде 2023 жылдың 16 ақпанға дейін «Жас қалам» үйірмесінің жетекшісінің kaiserova@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
(қосымша)
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
1-кезеңде оқушылардың жұмысы онлайн қабылданып, 16 ақпан күні арнайы комиссия алдына ұсынылады. Комиссия мүшелері өлеңдерді плагиатқа тексереді. Үздік жұмыстар 2 кезеңге жолдама алады.
2-кезең. Бұл кезеңде оқушылар оффлайн форматта өз шығармашылығын комиссия мүшелері алдында қорғайды. Жас ерекшелігі бойынша орындар қорытындыланып, жетекші мен оқушылар марапатталады.
Байқауға әр мектептен берілген жас аралығында оқушы қатыса алады:
9-13 жас (2 шумақтан кем болмауы тиіс)
14-17 жас (4 шумақтан кем болмауы тиіс)
2 кезеңнің өтетін орны: «Жас Ұлан» БЖО, 20 ақпан, сағат 15.00
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар
- Байқауға қала және ауыл мектептерінің білім алушылары қатысады.
- Өлеңдер көлемі жас ерекшелігіне сай болуы тиіс;
- Өлең жолдары 14-өлшемді (Microsoft Word – Times New Roman) әріптерімен терілуі қажет;
- Жұмыс көшірме болмауы тиіс (өз шығармашылығы).
Ескерту!!! Тақырыптан тыс жұмыс қабылданбайды.
Ақындар мүшайрасы бойынша анықтама телефоны : +7 707 220 20 42
Жауапты:
«Жас-Ұлан» БЖО
«Жас қалам» үйірме жетекшісі: Қайсерова Гауһар Гайдарқызы
Қосымша-1.
№
|
Қатысушының аты-жөні
|
Мектебі
|
Сыныбы
|
Жетекшісінің аты-жөні
|
Шығарма атауы
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |