Кейс: Адам өміріндегі зейіннің, түйсіктің, қабылдаудың алатын орны және оны дамыту жолдары кезең


кейс: Ес, ойлау процесінің басқа танымдық процестермен байланысы



бет2/3
Дата28.11.2022
өлшемі21,84 Kb.
#53264
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Кейс 2 модуль 1 кезең

6 кейс: Ес, ойлау процесінің басқа танымдық процестермен байланысы.
1 кезең - Ес процесінің ерекшеліктеріне Абай Құнанбаевтың 31- қара сөзін оқи отырып талдау жасаңыз.
Ес — күрделi психикалық процестердiң бiрi. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секiлдi процестерден тұрады. Естiң физиологиялық негiздерiн бiр кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесiнiң пластикалық қасиетi туралы iлiмiмен түсiндiретiн. Жүйке жүйесiнiң пластикалылығы дегенiмiз түрлi қозулардан қалған әсерлердiң қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабiлетi. Уақытша байланыстардың тiкелей тiтiркендiргiштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан iз қалып отыратындығын көрсетедi. Бiрақ бұл жалпы долбар. Өйткенi адам есiнiң мимен қалайша байланысты екендiгi жөнiнде ғылымда әлi нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеушi ғалымдардың бiр тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (естi зерттеудегi электро физиологиялық бағыт) ендi бiр зерттеушiлер естi мидың нейро-химиясына қарай түсiндiргiсi келедi. Соңғы багыттың өкiлдерi мидың кейбiр клеткаларын (нейрондарын) бiр сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеиндi қышқылдар комплексiнiң табылуы) естiң бүкiл ми массасынан алатын орнын әлi анықтай алмай келедi. Бiр нәрсенi еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес процесiнiң негiзi болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды, Егер бұрын бiрнеше объектiнi бiр мезгiлде немесе бiрiнен соң бiрiн елестетсек, не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейiн объектiнiң бiреуiн ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегiн тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принциптi алғаш рет ойлап тапқан ежелгi грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384—322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тiкелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттiн, қалған түрлерiн (ойлау, қиял, ерiк т. б.) түсiндiруге бұл принциптi қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация iлiмiн шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы нсгiзде көптеген психикалық процестердiң табиғатын түсiнуге болатындырын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П. Павлов болды. И.П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екi қозу процесiнiң қабаттасып келуi не байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесiнде бекiп отыратын уақытша байланыстар екенiн түсiндiрдi. ұлы ғалым бұл туралы былай деп жазды “Уақытша жүйкелiк байланыс жануарлар дүниесiнде де, бiздiң өзiмiзде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс.

Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние затары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау адамның әрекетімен тығыз байланысты. Адам шындықты өзі әсер ете отырып таныса, әлемді өзі өзгерте отырып таниды.Ойлау тек қана әрекетпен немесе әрекет тек қана ойлаумен шектелмейді-әрекет ойлаудың пайда болуының алғашқы формасы. Ойлау бізге тікелей көре алмайтын және бақылай алмайтындарымыз жайлы біліп, талдауға мүмкіндік береді. Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналдар жүйесі арқылы түсіндіріледі. Ойлау ми қабығының күрделі анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады. Адамның ойы әрқашан сөз арқылы білдіріледі. Ойлаудың жоғары формасы, сөздік-логикалық ойлау. Сөздік-логикалық ойлау нәтижесінде адам күрделі байланыстарды, әрекеттрді бейнелеп, ұғым қалыптастырып, қортынды жасап, күрделі теориялық тапсырмаларды шешеді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бір нәрсе деп олардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың дамуы нақтылы іс-әрекетпен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білумен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.


Абайдың 31 – қара сөзі.


Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
стіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар:
Әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
Жай ғана естіп қоймай, оны көкірекке берік байлау керек . Яғни жүректе сақтау керек.
Екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
Мұнысы жай есту немесе көру емес. Сол жайдан үлгі алу керек. Өз бойыңнан өткізу керек, бар ынтаңмен, сүйіспеншілікпен ұғыну керек.
Үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
Оқығаныңды немесе үйренгеніңді ұмытпас үшін бірнеше мәрте қайталап ойлану, сосын барып көңілге бекіту. Ой мен жүректе қатар сақтау. Жүректен орын алған нәрсе ешқашан ұмытылмақ емес.
Төртінші ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек-дей келе ой кеселдеріне тоқтап айта кетеді. Бастысы — қоғамдағы немесе өз басыңдағы оқиғалардан сабақ алу. Жақсыны естісең қуанып, өзіңде мұндай игі іс қылмаққа талпыну. Ал жағымсыз әдеттерге салынбау жөн. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек. Абайдың қара сөздерінің құдіреті жас талғамайды жалпыға бірдей бағытталған. Бала да, жасөспірім де, ересек адам да, қария да Абайдан үйренеді. Өзі айтқандай ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек.
Кейс 7
Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты.Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі.
Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн.
Эмоция (фр. Emotion, лат. Enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет