Кейс-стади технологиясы



Дата16.10.2023
өлшемі56,2 Kb.
#116493
Байланысты:
Кейс технологиясы

Кейс-стади технологиясы


  • Кейс - технология – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель ) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейстің келесідей типтерін атап көрсетуге болады:

  • Практикалық кейс
  • Оқыту кейсі
  • Зерттеушілік кейс

Кейс әдісінін 5 кезеңі

  • Кейс әдісінін 5 кезеңі
  • · 1-кезең – жағдаятпен таңысу, оның ерекшелігі;
  • · 2-кезең –мәселені аңықтау,әсер ететін факторлар мен объектілер;
  • · 3-кезең –ой доданы ұйымдастыру үшін тұжырымдаманы, ойларды ұсыну;
  • · 4-кезең– шешім қабылдау алдындағы талдау жұмысы;
  • · 5-кезең – кейстің шешімі – бір неше нұсқадағы шешім, шешімдерге байланысты туындайтын мәселелерін ескеруді атау.

Кейс - технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:

  • 1. Әдістемелік нұсқаулар.
  • 2. Жұмыс дәптері.
  • 3. Анықтама.
  • 4. Оқу, аудио, бейне материалдар.
  • 5. Бақылау және емтихан материалдары.

Кейс технологиясының білімдік потенциялы неде?

  • Теориялық білімді шынайы өмірдегі жағдаяттар материалы негізінде бейнелеуге мүмкіндік беруі
  • Студенттердің танымдық белсенділігін ынталандыруы
  • Қажетті құзыреттіліктердің дамуына ықпал етеді, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы, мәселені шешуде балама іздеуі және т.б.
  • Түрлі практикалық дағдылардың дамуына әсер етуі
  • Ұсынылған мәселені шешуде қажетті білім комплексінің бекітілуі

1. КЕЙС-технологиялардың тарихы.

  • 1. КЕЙС-технологиялардың тарихы.
  • Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
  • Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. б. салаларда жемісті қолданылуда. 

Кейс-технологиялардың негізгі ерекшеліктері

  •  практикалық жағдайларды зерттеу;
  •  болған жағдайларды баяндау;
  • проблемамен (мәселемен) танысып, оны шешудің жолдарын іздейді.

Кейске қойылатын талаптар қандай?

  • Кейстің мазмұны құрастыру мақсатына нақты, тура сәйкес келуі
  • Тиісті күрделілік деңгейінің болуы
  • Болашақ мамандыққа байланыстың кейбір аспектілерінен мысалдадың болуы
  • Өте жылдам ескіріп қалмауы
  • Пікір-таласты тудыра алуы
  • Аналитикалық ойлауды дамытуы
  • Бүгінгі күнге өзекті болуы
  • Ұлттық бейненің болуы
  • Бірнеше шешімге келу мүмкіндігінің болуы
  • Жағдаятты түсінуге көмектесетін бірыңғай ақпарат комплексі түрінде болуы
  • Ұсынылған мәселені шешуге түрткі болатын сұрақтар жиынтығының болуы
  • Жақсы құрастырылған кейс белгілі бір іскерліктер комплексінің қалыптасуына немесе олардың одан ары қарай дамуына негіз болуы
  •  

Кейс технологялардың негізгі мақсаты.

  • жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру;
  •  әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту;
  •  ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету 

Кейстің құрылымы:

  • - Жағдайлар – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға. - Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері. - Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру. - Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет