Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


Г р а м м ати к ал ы к к атегор и ял ар ды ң



Pdf көрінісі
бет119/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   174
Байланысты:
file-4107 3

2. Г р а м м ати к ал ы к к атегор и ял ар ды ң
сөз т а п т а р ы н а қ агы сы
§ 95. Грамматикалык категориялар сөздердің белгілі бір 
лексика-грамматикалық топтарына телініп, солармен катарласа 
өмір сүреді. Әрбір тілдің грамматикалык күрылысында сөз 
таптары мен оларга тэн грамматикалык категориялардың 
арасында берік байланыс, зандылыкты сипаты бар ара қатынас 
қалыптасады. 
Сөздердің 
лексика-грамматикалык 
топтары 
ретінде саналатын сез таптары бір-бірімен топтасып біріккенде, 
өздеріне бірдей тән, бірдей ортақ грамматикалык категориялар 
бойынша топтасады, бірігеді. Мысалы, орыс тілінде есімдер 
деп аталатын сөз таптарын бір топка ендіріп, біріктіруші қызмет 
атқаратын 
грамматикалык 
категориялардың 
қатарына 
тек 
категориясы, септік категориясы жэне сан-мөлшер категориясы 
(категория числа) жатады. Орыс тілінде зат есімдер үшін лексика- 
грамматикалык категория болып саналатын тек (род) категориясы 
зат есімдермен киыса байланысатын сын есімдерде, септелетін 
есімшелерде, реттік сан есімдерде жэне етістіктің өткен шақ фор- 
маларында таза грамматикалык магынага ие болады. Зат есімдер
154


мен жіктеу есімдіктеріне катысы жағынан лексика-грамматика- 
лық категория болып табылатын сан-мөлшер категориясы да зат 
есімдермен қиыса байланысатын сын есімдерде және т.б. сөз 
гаптарында таза грамматикалык магынаға ие болып1, граммати­
калык категория ретінде танылады. Грамматикалык жақ. шак, рай, 
етіс категориялары етістіктің косемше, есімше формаларының 
жэне т.б. түрлерінің басын қосады.
Грамматикалык сан-мөлшер категориясының жэне т.б. грам­
матикалык категориялардың тіл-тілде ұксас. жалпылама ортак 
жақтары болумен бірге, олардың (грамматикалык категориялар- 
дың) эрбір тілдегі немесе тілдердің эрбір тобындагы нақтылы 
көрінісінде де, грамматикалык табигатында да, қолданылу өрісі 
мен шеңберінде де айырмашылықтар мен ерекшеліктер болады. 
Ьүл жерде мына бір мәселелерді алдын ала айқындап алу кажет: 
жогарыда аталып өткеніндей, бір тілде немесе тілдердің бір тобын- 
да бар белгілі бір грамматикалык категорияның баска бір тілдерде 
немесе тілдердің басқа бір топтарының бәрінде бірдей бола беруі 
шарт емес. Мұнымен бірге, тілдердің көпшілігінде бар, соларга 
жалпылама оргақ грамматикалык категориялардың бар екендігін, 
эрине, жоққа шыгаруга болмайды. Көптеген тілдерде бар, солар- 
дың бәріне бірдей жалпылама ортақ грамматикалык категория- 
лардың қатарына грамматикалык сан-мелшер категориясы, септік 
категориясы, жак категориясы, шак категориясы, рай категориясы, 
етіс категориясы енеді. Бұл категориялар грамматикалык категория 
ретінде тілдердің бэріне немесе көпшілігіне тэн жалпылама ортақ 
белгісін сактай отырып, жеке, нақтылы тілдерде немесе тілдердің 
топтарында эртүрлі сипатта, эртүрлі дэрежеде көрінеді. Мүнымен 
бірге, жогарыда аталган грамматикалык категориялар тіл-тілде 
эртүрлі сөз таптарына икемделіп, телінеді, солардың әрқайсысын 
сипаттайтын категориялар ретінде танылады.
Грамматикалык категория атты үгымның табигатын ашып 
айқындай түсу үшін жэне грамматикалык категориялардың 
сөз таптарымен ара қатысын баяндау үшін тілдердің копшілі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет