1 И .В. Арнольдтың аталган кітабынын 158-беті.
95
на жатқызады. Этимологиялық анализ жасамайынша, сіңіскен
түбірлердің морфемаларға мүшеленбейтіні сияқты, сіңіскен
негіздер де (опрощенные основы) құрастырушы морфемаларға
(алғашқы түбірлерге) ажыратылмайды. Демек,
биыл, бүгін,
стар, әкел
жэне т.б. осылар тәріздес қүрамы ажыратылмайтын,
морфемаға мүшеленбейтін сөздерді тарихи түрғыдан (шығу тегі,
жасалу тұрғысынан) алғанда ғана, шартты түрде күрделі сөз деп
атауға болады. Ал қазіргі тілде бүлардың жалаң сөздерден пәлен-
дей айырмашылығы жоқ. Сондықтан да олар сіңіскен негіздердің
(немесе сіңіскен түбірлердің) қатарында қаралуға тиіс.
§ 64. Тіл-тілде күрделі сөздердің ішінде дағды бойынша, яғни
бұрыннан жазылып қалыптасуы бойынша, біріктіріліп жазылып
жүрген сөздер бар. Біріктіріліп жазылып жүрген ондай сөздер,
эдетте, күрделі сөздердің біріккен сөздер деп аталатын тобына
жатқызылады. Мұндай біріккен сөздердің қатарына семантикалық
тұтастығымен де, морфологиялық тұтастығымен де, синтаксис-
тік тұтастығымен де сипатталатын
асцазан, атіиабар, отагасы,
басцүр, көртыищан, көлбаца, цүрбаца, тасбаца, цосаяц, иіекара,
әлдекім, әлдецашан, әлдецалай, әрцашан, әрцалай, әркім
жэне т.б.
осылар тэріздес сөздер енеді.
§ 65. Күрделі сөздердің ең үлкен тобын қүрайтындар - қазіргі
қазақ тілінің орфографиясы бойынша кұрастырушы сыңарлары
бөлек жазылып жүрген
тоц иіек, ащы тек, су жылан, оц жылан,
бес атар, алты атар, бет аиіар, боз цырау, боз торгай, цара
торгай, жол аяц, жол ашар, гіт аяц, ит жуа, көк жөтел, көк
кептер, цонац асы, цүлац бау, жел бау, тау ешкі, асыц жілік,
ортан жілік, тоцпан жілік, кәрі ж ілік
жэне т.б. осылар тәріздес
күрделі сөздер. Бүларды қазіргі қазақ тілінің орфографиясы
бойынша бөлек жазылуына карап, күрделі сөздердің қатарынан
шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бүлай дейтініміз: графикалық
белгі күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажыратуда өлшем бола
алмайды. Тіл-тілде сыңарлары бөлек жазылатын күрделі сөздер аз
емес. Түркі тілдерінде ғана емес, сонымен бірге басқа да тілдерде,
мысалы, ағылшын тілінде, сыңарлары бөлек жазылатын күрделі
сөздер жиі ұшырасады. Күрделі сөздердің қайсысын біріктіріп,
қайсысын бөлек жазу мәселесі түркі тілдері мен ағылшын тілінде
96
элі де болса түпкілікті шешімін таба алмай келеді1. Күрделі
сөздердің орфографиясы туралы мәселе арнайы қарауды керек
ететін мэселе болып саналады. Бүл жерде біздің назар аударайык
деп отырғанымыз: сөздердің белгілі бір тіркесін күрделі сөз деу
керек пе, демеу керек пе деген мәселені айқындауда графикалық
белгінің шешуші белгі болмайтындығы. Жоғарыда аталып
өткеніндей, күрделі сөзді айқындауда шешуші белгі ретінде
қаралатындар: семантикалық тұтастык, морфологиялық тұтастык
жэне синтаксистік тұтастық белгілері. Осындай белгілеріне
карап, қазіргі орфографиямыз бойынша
боз цырау
,
боз торгай,
су жылан, оц жылан, нт аяц
түрінде бөлек жазылатын сөздерді
күрделі сөздердің бір түрі - күрделі-қүрама сөздер (сложно
составные слова) деп қарауға болады.
Сыңарлары бөлек жазылатын болғандықтан (қазіргі ор
фографиямыз бойынша), бүларды біріккен сөздердің қатарына
қосуға болмайды. Ал аталған күрделі сөздерді А.Н. Кононовтың
топтастыруы бойынша кәдімгі күрделі сөздер (собственные
сложные слова) десек, бүл терминнен күрделі сөздердің басқа
түрлері нағыз немесе кэдімгі күрделі сөздер емес пе деген қарсы-
лық туады. Ал егер Н.Л. Баскаковтың топтастыруы бойынша
қүрама сөздер деп атасақ (ол қарақалпак тіліндегі
кьара къус,
киндик иіеше
тэрізді күрделі сөздерді қүрам а зат есім дер
(составны е
имена
сущ ествительны е)
деп
атаған),
онда
бірінш іден, - күрделі сөздің осы тобы на жататын
торы ала,
цара ала
тэрізді күрделі сын есімдерді қүрама сын есімдер деп,
кіріп шыц, айтып бар
тэрізді күрделі етістіктерді қүрама етістік
деп атап, күрделі сын есімдер немесе күрделі етістіктер (сложные
глаголы) тәрізді бұрыннан қалыптасқан терминдерді өзгерткен
болар едік (ал мүның өзі тиімді де, қолайлы да емес); екіншіден, -
мұның өзі қүрама етістіктер (составные глаголы) деген терминмен
бірдей келіп, терминдерді ажыратуда қиындыққа соқтырар еді.
Осы жайларды ескере келіп,
боз цырау, боз торгай, су жылан,
цасцыр ішікті, түлкі тымацты
тэрізді күрделі сөздерді күрделі-
Достарыңызбен бөлісу: |