иш хаци (еңбек ацы), байрам олды (мейрам алды)
тәрізді өзгеріске
ұшырамаған жэне қандай сыңарлардан жасалғаны аңғарылып
тұратын сөздерді кэдімгі күрделі сөздер (собственные сложные
слова)1 деп атайды. Бұл топқа бірігіп жазылатын күрделі сөздер
де, бөлек жазылатын күрделі сөздер де енгізілген. Бүл жерде
күрделі сөздерді топтастыруға қатысты принципті бір мэселе бар.
А.Н. Кононов «слитные слова» деген топқа түркі тілдеріндегі
асцазан, тасбаца
тәрізді қүрамындағы сыңарлары фонетикалық
өзгеріске ұшырамай, біріктіріліп жазылатын сөздерді емес,
агайын
(аға+іні),
білезік
(білек+жүзік) тэрізді сыңарлары
фонетикалық өзгеріске үшырап, эбден кірігіп кеткен сөздерді
ғана жатқызады. Ал
асцазан, тасбаца, мүз жаргъпи
(ледокол)
тэрізді сөздерді «слитные слова» деген топқа емес, кэдімгі күрделі
сөздер (собственно сложные слова) деп аталатын топка енгізеді.
Қазақ тілін зерттеуші А.Ы. Ысқақов күрделі сөздерді былайша
топтастырады:
«Кіріккен сөзді күрделі сөздердің белгілі бір тобы ретінде
қарап, өз алдына категория деп тану мәселесі жалпы біріккен
сөз категориясын жоққа шыгармайды; керісінше, кіріккен сөз
категориясы мен біріккен сөз категориясының ара жігін жэне
олардың әрқайсысына тэн ерекшеліктерін ашуға себепші болады.
Тілімізде кіріккен сөздер де, біріккен сөздер де бар; ол екеуі екі
басқа категория.
Кіріккен сөз деп компонентгерінің я біреуі, я екеуі де бірдей
эуелгі өз магыналарынан айырылып (делексикаланып), тұтасымен
тұрып басқа бір жалпы магына білдіретін жэне сонымен бірге,
сол компоненттері фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан
эр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде эрі
үндесіп, эрі ықшамдалып құралган күрделі сөзді айтамыз.
Біріккен сөз деп компоненттері мағына жағынан да, форма
жағынан да елеулі өзгерістерге үшырамай-ақ, өзара бірігіп, жи-
нақталган біртүтас лексика-семантикалық мағына (?) білдіретін
күрделі сөзді айтамыз.
Осы кағидаларға сэйкес,
эрине, жоғарыда көрсетілген
бүгін, биыл, экел, ендігәрі, әжептэуір, сексен, тоцсан, алагеуім,
алаңгасар, есуас
(есі ауыс),
көнтерлі
сияқтанған сөздер кіріккен
Достарыңызбен бөлісу: