Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


' А. Ысқаковтың жогарыда аталған кітабының 143-беті



Pdf көрінісі
бет83/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   174
' А. Ысқаковтың жогарыда аталған кітабының 143-беті.
104


лі сөз тудыру емес, сын есімдерден, соның ішінде сапалық сын 
есімдерден, форма тудыру, атап айтқанда, сын есімнің күшейтпелі 
шырай формасын тудыру. Сонымен, 
цып-цызыл, цап-цара
деген 
формалар мағынасы мен қызметі жагынан 
өте цызыл, тым цара
тэрізді сын есім шырайларының аналитикалык формаларымен 
сэйкес келеді (бүл жайында аналитикалық формалар туралы 
тақырыпты қараңыз).
§ 67. Күрделі сөздің бір түрі - күрделі-қыскарған сөздер 
(сложно-сокращенные 
слова). 
Күрделі-қысқарган 
сөздер 
эрі ықшамдалып, эрі бірігіп жасалады. Күрделі-кысқарған 
сөздер ғылми-техникалық, қоғамдық-саяси терминологияда, 
мекеме, у.йым аттарында үшырасады. Күрделі атаулар мынандай 
жолдармен ықшамдалады: а) күрделі атаудың әрбір сөзінің басқы 
дыбысынан қүралады: Б ¥ ¥ , АҚШ: ә) күрделі атаудың алғашқы 
сөзінің басқы буыны мен соңғы сөздерінің басқы дыбыстарынан 
кұралады: ҚазҰУ, ҚызМУ; б) күрделі атаудың құрамындағы эрбір 
сөздің басқы буындарынан қүралады: 
океанариум, термостат,
диафильм
; в) күрделі атаудың қүрамындағы алғашқы сөздің 
басқы буыны мен соңғы сөздің бірігуінен қүралады: 
педколледж,
ледуниверситет
жэне т.б.
§ 68. Күрделі сөз, оның табиғаты мен морфологиялық 
күрылымы жэне түрлері жайындағы жоғарыда айтылғандарды 
жинақтай келгенде, мынандай түйіндер жасауга болады:
1. Күрделі сөз кемінде екі түбірдің (немесе негіздің) бірігуінен, 
тіркесуінен немесе қосарлануынан жасалады.
2. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар эр басқа үтымды 
емес, бэрі жиналып келіп бір ғана ұғымды білдіреді.
3. Күрделі сөздің шыққан тегі - сөз тіркесі. Тілдің дамуы 
барысында еркін сөз тіркестері семантикалық жағынан да, 
морфологиялық жагынан да, синтаксистік жағынан да түтасып, 
бір бүтін ұғымды білдіруінен күрделі сөздер жасалған.
4. Жалпы сөз атаулыға, соның ішінде күрделі сөздерге тән басты 
белгілердің қатарына семантикалық тұгастык, морфологиялық 
түтастық, синтаксистік түтастық белгілері жатады.
5. Күрделі сөз семантикалық түтастық белгісі жағынан 
синтаксистік сөз тіркесінен ажыратылады да, фразеологиялық сөз 
тіркесімен үқсас келеді.
105


6. Фразеологиялық сөз тіркесі (бүл жерде тұракты сөз тір- 
кесінің барлығы бірдей фразеологиялық бірліктердің қатарына 
жата бермейтіндігін ескеру керек) өзі білдіретін үғымның бірден- 
бір (жалғыз) атауы емес, бұрыниан бар атаулардың (сөздердің) 
эмоциональды-экспрессивті синонимі болса, күрделі сөз - өзі біл- 
діретін ұгымның бірден-бір атауы. Күрделі сөз таза номинативті 
қызмет атқарса, фразеологиялық бірліктер номинативті қызмет- 
пен бірге, эмоциональды-экспрессивті қызмет те атқарып, басқа 
бір дара созге эквивалент бола алады.
7. Жалпы сөз атаулы, соның ішінде күрделі сөз, тұтас түлға- 
ланатын бірлік болса, фразеологиялык сөз тіркесі - ажыратыла 
түлғаланатын бірлік. Ажыратыла тұлғалану синтаксистік сөз 
тіркестеріне де (атрибутивті соз тіркесінен басқаларына) тән.
8. Күрделі сөз кұрылымдық тұтастық қасиетімен сипаттала- 
ды, оның сыңарларының аралығына басқа бір сөзді қойып айту 
мүмкін емес. Күрделі сөзді құрастырушы сыңарлардың да орны 
бекем болып, олардың орнын алмастыруга немесе басқа бір сөзбен 
ауыстыруға көнбейді. Бүл жағынан күрделі сөз фразеологиялык 
соз тіркесіне үксас келеді де, синтаксистік сөз тіркесінен 
ажыратылады.
9. Күрделі сөзге тән басты белгілердің бірі - синтаксистік 
түтастық белгісі. Синтаксистік сөз тіркесінің әрбір сыңары 
сөйлемде өз алдына мүше бола алса, күрделі сөз түтасқан күйінде 
сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Синтаксистік сөз тіркесінің 
сыңарларының аралыгында эртүрлі сиигаксистік қатынас сақ- 
талынса, күрделі сөз сыңарларының арасында мүндай қатынас 
сақталынбайды. Синтаксистік сөз тіркесінің сыңарларының әр- 
қайсысы басқа сөздермен эртүрлі байланысқа, қарым-қатынасқа 
түсе алса, мүндай қатынасқа күрделі соз тек түтасқан күйінде ғана 
түсе алады.
10. Күрделі сөздердің өз ішінде күрделі-біріккен сөздер, 
күрделі-құрама сөздер, күрделі-қос сөздер, күрделі-қыскарған сөз- 
дер болып. топ-топқа бөлінуі күрделі сөздердің сыңарларының 
бірігу, тіркесу, қосарлану немесе ықшамдалу тәрізді сипаттарына 
байланысты. Бүлар күрделі сөздердің қүрылымдық түрлері ретін- 
де каралады.
11. Күрделі сөз бен фразеологиялық сөз тіркесі жэне синтак-
106


систік сөз тіркесінің өзара кейбір ұқсас жақтары бар екені рас, 
бірақ олар — эр басқа бірліктер. Күрделі сөз, фразеологиялық сөз 
тіркесі жэне синтаксистік сөз тіркесі бір-бірінен семантикалық 
сипаты жағынан да, морфологиялық құрылымы жағынан да, 
синтаксистік қызметі жағынан да ажыратылатын эр басқа 
кұбылыстар ретінде танылады. Осыған орай, күрделі сөз, оның 
күрылымы мен түрлері (типтері) морфологияда қарастырылса, 
фразеологиялық сөз тіркесі, оның құрылымы мен түрлері фра- 
зеологияда, еркін сөз тіркесі жэне оның құрылымы мен түрлері 
синтаксисте қарастырылады. Жоғарыда аталған тілдік бірліктер 
бір-бірімен салыстыра қарастырылғанда, олардың бір-бірінен 
жігін ажырату мақсат етілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет