күшейту
мағынасын білдіру қызметінде, яғни сын есімнің шырай
түрін тудыратын форма ретінде қолданылатынын ескермейді.
Қып-қызыл, қап-қара, сап-сары, тіп-тік
деген
сын есімдердің
қып-, цап-, сап-, тіп-
тэрізді элементгері сын есімдердің кұрамында
ұшырасады да, зат есім, сан есім, үстеу, етістік, есімдік сөздерден
жасалған қос сөздердің бірде-біреуінің қүрамында кездеспейді.
Қос сөздердің жасалу үлгілері (бір
сөздің екі рет қосарлана
қайталануы, эр басқа сөздердің қосарлануы жэне т.б. үлгілер)
барлық сөз табынан да табылса, «үстеме буын немесе күшейтпе
буын арқылы жасалатын үлгі» тек сын есімдерге ғана тән. Мұның
өзі «үстеме немесе күшейтпе» буынның негізгі қызметі қос сөз
тудыру емес, сын есімнің күшейтпелі ш ы р а й
ф орм асы н тудыру
екендігін дәлелдей түседі. Ал сөз тудыру (соның ішінде синтак-
систік тэсіл арқылы күрделі сөз тудыру) мен форма тудырудың эр
басқа құбылыстар екендігі - дэлелдеуді қажет етпейтін шындық.
А. Ысқақов қос сөздердің түрлеріне тоқтала келіп, «Қайтала-
ма қос сөздің үстеме буын түрінде қалыптасқан түрі
- негізінен
алғанда,
сын есімдерге тэп форма. Бүл үстеме буын сын есімге
күиіейту магынасын жамайтын форма рет інде цалыптасцан
(курсив біздікі -
К. А.),
өйткені бүл
форма тек негізгі сынға я
үлғайту, я солғындату реңкін жамайды»1 - д е п , «үстеме буынның»
табиғатын эбден дұрыс айқындаған. Бірақ ол
цап-қара, сап-сары,
тіп-тік
тәрізділерді «үстеме буынды немесе күшейтпе буынды
қос сөздер» деп атайды2.
А.Н. Кононов мұндай формаларды сын есімдердің күшейткіш
формалары (усилительные формы)
деп атап, оларды жартылай
редупликация жолымен жасалған деп есептейді3. Кейбір түр-
кологгар
цып-қызыл
тәрізділердің құрамындағы
қып-
элементін
префикстік тэсіл деп есептейді. Алайда мүндай элементті префикс
деу жөн емес4, қып-қызыл тәрізділерді толық редупликацияның
жартылай редупликацияға айналуынан
жасалған формалар деп
тану керек. Бүлардын «үстеме (я күшейтпе) буындары тиісті сын
Достарыңызбен бөлісу: