Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


С өздер дің б а ғы н ы ң қ ы -б а сы ң қ ы бай л ан ы сы



Pdf көрінісі
бет156/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   174
Байланысты:
file-4107 3

2. С өздер дің б а ғы н ы ң қ ы -б а сы ң қ ы бай л ан ы сы .
С өз тір к есін ің қ ү р ы л ы м ы ж ән е түр л ер і
§ 121. Сөз тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер 
магыналық жэне грамматикалық жақтан байланыста айтылуы 
шарт. Сөз тіркестері, эдетте, тілдің грамматикалык құрылысында- 
гы зандар, атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдары
1 Бұл да сонда, 136-бет.
2 10


бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері (мо- 
дельдері) пайда болады. Сөз тіркесінің бірнеше түрлері (типтері) 
бар. Олардың эркайсысы озіне тэн үлгілер бойынша жасалады.
Сөз тіркестерінің жэне олардың модельдерінің жасалуында 
уйыткы сөздің (стержневое слово) қай сөз табынан болуының үл- 
кен мэні бар. Сөз тіркесінің кұрылымы, әдетте, оның кұрамындағы 
ұйытқы сөздің грамматикалык табигатына, атап айтканда, қай 
сөз табына қатысты болуына қарай айқындалады. Сөз тіркесін 
күрастырушы сөздердің өзара қарым-қатысы мен байланысының 
сипатын айқындауға ол сөздердің жалпы категорияльды ма- 
гынасының тікелей қатысы бар. Мысалы, заттылық магынаны 
білдіретін сөздер тобы (зат есімдер) ұйыткы (басыңқы) сөз ретінде 
қолданылганда, атрибутивтілік (сын, сапа, түр-түс жэне т.б. 
белгілер) магынаны білдіретін сөздермен (сын есімдер) тіркесуге 
жэне анықтауыштык қызметте жұмсалатын сан есімдер, есімше- 
лер және есімдіктермен тіркесуге икем келеді де, атрибутивті сөз 
тіркестері жэне олардың моделі жасалады. Сын есімдер заттар- 
дың сапасын, белгісін білдіріп, сөз тіркесінің гэуелді, багыныңқы 
сыңары ретінде қызмет агқарумен бірге (мысалы: 
сщылды адам,
багі колхоз),
өзінің алдындагы есімдердің атау мен іліктен басқа 
септіктердің бірінде тұруын керек етіп, сөз тіркесінің басыңқы 
(үйытқы) сыңары ретінде де қызмет атқара алады (мысалы: 
ацылга
бсгіі, сөзге шебер, ңаладан алыс, тастст қатты, цулъщты коргіги,
сүмдьщты білгіш
(мысалы, Абай өлеңдерінде: 
Қулыцты коргіиі,
Сумбъщты білгіш, Табылар кісі жондерге), мінезімен сыйъшды
жэне т.б.).
Етістіктер тіл-тілде тіркесу мүмкіндігі өте-мөте мол сөз 
табы ретінде есептелінеді. Әртүрлі іс-әрекеттің, қимылдың маз- 
мұнын ашу үшін іс істеушінің, іс-әрекеттің шығу тегінің, қалай 
болгандыгының корсетілуі қажет. Осыган орай, етістіктер ұйытқы 
сөздер ретінде өзіне быгынышты зат есімдермен де, үстеулермен 
де, көсемшелермен де, еліктеу сөздермен де тіркесе береді.
Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігінің молдыгы немесе 
аздыгы ол сөздердің соз табы ретіндегі жалпы категорияльды 
магынасымен тыгыз байланысты. Мысалы, үстеулер қимылдың 
алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, эдетте, зат есімдермен 
емес, көбінесе етістіктермен тіркессе, сын есімдер мен есімшелер 
затгардың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, көбінесе зат
211


есімдермен тіркеседі, олардың анықтауыштары ретінде қызмет 
атқарады.
Бірақ сөз табының ішіндегі эртүрлі сөз топтарының басқа 
сөздермен тіркесу қабілетінде де ерекшеліктер мен айырмашылық- 
тар болуы мүмкін. Мысалы, етістіктердің ішінде сабақты етістік- 
тер табыс септігіндегі зат есімдермен жэне субстантивтенген басқа 
да сөздермен тіркесіп, сөз тіркесінің белгілі бір моделін жасаса, 
салт етістіктер табыстан басқа септіктердегі сөздермен тіркесіп, 
сөз тіркесінің алуаң түрлі модельдерін жасайды.
Сонымен, сөз тіркестерінің жэне олардың түрлерінің жаса- 
луында ұйытқы сөздің қай сөз табынан болуының жэне бір сөз 
табының ішіндегі эртүрлі сөз топтарының лексика-грамматикалық 
табиғатының айрықша мэні мен қызметі бар екендігін көреміз.
Сөздердің бағыныңқы-басыңқы байланысы деп бір сөздің 
басқа бір сөзге грамматикалық бағыныштылығын (тәуелділігін) 
айтамыз. 
Мұндайда бағыныңкы сөздің (немесе сөздердің) 
белгілі бір формада (немесе формаларда) тұруын басыңқы сөздің 
категорияльды магынасы (немесе категорияльды қасиеті) айқын- 
дап белгілейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет