мағыналарды білдіретіндері өз алдына дербес лексикалық бірлік-
тер (эр басқа сөздер) ретінде қаралуға тиісті де, эр басқа лексика-
лык мағыналарды емес, эртүрлі грамматикалық мағыналарды біл-
діретіндері сөздің формалары ретінде қаралуға тиісті. М әселеге
осы тұрғыдан қарау сөз ф ормалары ны ң табиғаты н айқы ндай
білуге көм ектеседі. Бүл ретте қазақ тілін дегі төм ен дегі
мы салдарды ң екі тобын бір-бірімен салыстырып көрелік: 1)
ек, егіңіз, ексін, егейік, егіціздер, ектік, ектіңдер, ексе, ексек,
ексеціздер, екпек, екпекпіз, екпексіздер, егер, егерміз, егерсіздер,
егетін, егіп, егіпсіздер, еккен, еккенбіз, еккенсіздер жэне т.б.; 2)
ек,
егін, егінді, егінші, егіншілік, егіс, егістік. Бірінші топтағылар -
ек
деген етістің әртүрлі формалары да, екінші топтағылар -
ек деген
етістіктен жасалған эр басқа туынды сөздер. Бұлай деуіміздің
мәнісі мынада: бірінші топтағы
ек деген етістіктің әртүрлі форма
лары түбір етістіктен
(ек) лексикалық мағынасы өзгеше, эр басқа
жаңа сөз тудырмай, әртүрлі грамматикалық мағыналарды білді-
реді. Сондықтан олар бір сөздің
(ек) грамматикалық формалары
ретінде танылады. Ал екінші топтағылар
(егін, егінді, егінші,
егіншілік, егіс, егістік) бір ғана
ек деген түбірден таралғанмен,
эр басқа лексикалық мағынаны білдіріп, олардың әркайсысы
өз алдына бөлек-бөлек сөздер (лексикалық бірліктер) ретінде
ұгынылады.
Сөзде қатар өмір сүретін, бір-бірімен байланысты және өзара
шартгас формалардың жүйесі бар. Сөз бір ғана формада емес,
өзгеріп, түрленіп, әлденеше формата ие болады. Өзгеріп, түрленген
сөздің екі жағы бар: оның бірі - сөздің эртүрлі формалар арқылы
қаншама түрленгенімен, өзгеріссіз қалатын негізгі лексикалық
жағы, екіншісі - бір ғана сөзге емес, сөздердің белгілі бір тобының
күллісіне бірдей ортақ, солардың бэріне бірдей тэн грамматикалық
жағы. Сөздің грамматикалық формасы сөздің осы аталған
грамматикалық жағымен (мағынасымен) ұштасады.
Достарыңызбен бөлісу: