кызмет атқарады) сөздің формасын тудырады. Мысалы, қазақ
тілінде
-рац (-рек, -ырақ, -ірек) жұрнағы сын есімнің салыстыр-
малы шырай формасын
(жасырак,, көгірек, толыгырац, биігірек)
тудырса, орыс тілінде
-аш и, -ейш жұрнагы сын есімнің күшейтпе-
лі шырай формасын
(глубочайший, чистейший) тудырады. Қазақ
гілінде етістіктің шақ түрлерін жасауға қатысатын жұрнақтар
да форма тудырушы аффикстердің қатарына жатады. Жалғау
атаулының барлығы да (көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғау-
лары) сөздерді түрлендіріп, оларды бір-бірімен байланыстырады
және сөздің эртүрлі формаларын жасайды.
2. Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы
немесе ішкі флексия тәсілі арқылы да жасалады. Мысалы,
агылшын тілінде т а п - зат есімнің жекеше түрін («ер», «еркек»)
білдірсе, оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі - т е п («ерлер»,
«еркектер») зат есімнің көпше түрін білдіреді.
Сөздің синтетикалык формалары ішкі флексия тэсілі мен
аффиксация тәсілінің екеуінің бірдей қатысуы арқылы да жасалуы
мүмкін. Мысалы, неміс тілінде Оазі - «қонақ» дегенді білдірсе,
оның аффиксация тәсілі мен ішкі флексия тэсілі арқылы жасалған
формасы - Оаз*е «қонақтар» дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: