Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


  С өздің   а н а л и т и к а л ы қ  ф о р м а л а р ы



Pdf көрінісі
бет145/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi

3.  С өздің   а н а л и т и к а л ы қ  ф о р м а л а р ы
§  81.  «Сөздің  аналитикалық  формасы  негізгі  (атауыш)  сөз 
бен  көмекші  сөздің  тіркесінен  жасалады.  Сөздің  аналитикалық 
формасының  құрамына  енетін  атауыш  сөз  негізгі  морфемаға 
(түбірге)  парапар  қызмет  атқарса,  көмекші  сөз  эртүрлі  көмекші 
морфемаларга,  яғни  аффикстерге,  ұқсас  қызмет  атқарады.  Мы­
салы,  келе  ж атыр  деген  негізгі  етістік  пен  көмекші  етістіктің 
тіркесіндегі  компоненттер  магыналық жагынан  алғанда,  дербес- 
тігі  сақталған  екі  сөз  емес,  бір  сөздің  күрделі  (аналитикалық) 
формасы  ретінде  ұғынылады.  Негізгі  лексикалық  мағынаға  ие 
болып тұрган сөз -  келе деген етістік, ал ж атыр етістігінің дербес 
лексикалық  магынасы  бұл  тіркесте  сақталмаган,  ол  көмекші 
морфемаларга  (аффикстерге)  ұқсас  магынаға  ие  болып,  соларга 
тэн  қызмет  аткарып  тұр.  Келе  жатыр  дегеннің  құрамындагы
129


көмекші  етістікті  (жатыр)  үйде  ж атыр  деген тіркестің құ- 
рамындағы  негізгі  етістікпен  (.жатыр)  салыстырсақ,  ол  етістіктің 
(көмекші  етістіктің)  өзінің лексикалық мағынасынан  айырылып, 
дербестігін  қаншалықты  жоғалтқаны  айқың  аңғарылады.  Осы 
тұрғыдан  алғанда,  келе  жатыр  деген  форманы  келеді  — келмек
-   келіпті  -   келгеи,  дегенмен  бір  катарға  қойып,  соңғыларын 
шақтың  жалаң  формасы,  ал  келе  жатыр  дегенді  шақтың,  соның 
ішінде осы  шақтың,  курделі  формасы  (аналитикалық  формасы) 
деп  қараймыз»1.  Сөздердің  тіркесінің  кез  келген  түрі,  әрине,  сөз 
тіркесі  болып  таныла  бермейді.  Белгілі  бір  сөздердің  тіркесінің 
сөз  тіркесі  делінбей,  сөздің  аналитикалық  формасы  деп  танылуы 
үшін,  оның  белгілі  бір  грамматикалық  қатегорияның  құрамына 
еніп,  сол  категорияның  мазмұнына  енетін  жалаң  формалармен 
шарттас  болуы,  ара  катынасқа  түсуі  қажет.  Сөздердің  белгілі 
бір  тіркесінің  жалаң,  синтетикалык  формалармен  нақ  осылайша 
карым-қатынасқа түсуі оны  (сөздердің белгілі бір тіркесін) сөздің 
аналитикалық  формасы  деп  тануға  мүмкіндік  береді.  Жоғарыда 
келтірілген  келе жатыр тіркесі  келеді -  келмек -  келіпті дегендер- 
мен  шақты  білдіруі жагынан бір  қатарға  еніп,  грамматикалық шақ 
категориясының  құрамында  етістіктің  аналитикалық  формасы 
ретінде танылады. Орыс тілінде «работать -  работал -  работает
-   будет работать  дегендер  бір  қатарды  жасайды,  осы  қатардың 
мүшелерінің  арасындағы  қатынастар  тек  қана  грамматикалық 
қатынастар  болып  табылады»2.  Орыс  тілінде  «будет  работать 
дегеннің  өзі  сөздің  тіркесі  болуына  қарамастан,  бір  сөз  ретінде 
(белгілі  бір  грамматикалық  формасында)  қаралуының  себебі  осы 
категорияның  басқа  формалары,  яғни  осы  шақтың  формалары 
(«работает»  жэне  басқалары)  мен  өткен  шактың  формалары 
(«работал»  жэне  басқалары),  жалаң  синтетикалық  формалар 
болып  саналады»3.  Бұлар  тәріздес  аналитикалық  формаларды 
басқа  тілдерден  де,  мысалы,  ағылшын  тілі  мен  неміс  тілінен 
де,  кездестіруге  болады.  Мысалы,  немісше  -   агЬеііеі,  агЬеііеІе, 
ағылшынша  -   \Үогк$,  \үогкесі  дегендер  шақтың  синтетикалық 
(жалаң)  формасы  ретінде  танылса,  немісше  -   \үігс!  агЬейеп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет